• Blog news

«Көптілді түлек» жыл сайынғы тілдік олимпиада

«Көптілді түлек» жыл сайынғы тілдік олимпиада

Шет және орыс тілдері кафедрасы Қарағанды қаласының мектеп пен колледж оқушыларының арасында шет тілдері бойынша (ағылшын, қазақ, орыс) тілдік олимпиадасын өткізді.
Олимпиадаға 60 адам қатысты, Қарағанды, Теміртау және Жезқазған қалаларының 14 мектебі өтінім берді. Олимпиада екі кезеңде өткізді: 3 тілде тестілеу және презентация. Жеңімпаздар грамоталармен және дипломдармен марапатталды.

Жеңімпаздар:

1-ші орын – Заитова С.: Қарағанды қ. «Мұрагер»
1-ші орын – Садубаева М., Цай Анастасия: Қарағанды қ. гимназия №38

2-ші орын – Бочарова Д.: Қарағанды қ. гимназия №1
2-ші орын – Цай Алина: Қарағанды қ. «Мұрагер»

3-ші орын – Сагитова А.: Қарағанды қ. гимназия №1
3-ші орын – Кунаева А.: Қарағанды қ. «Мұрагер»

Олимпиадаға қатысқаны үшін барлық оқушыларға алғыс айтамыз!!!

Сонымен қатар, филология ғылымдарының кандидаты, профессор Г. Т. Әубәкірова мектеп мұғалімдеріне "Ағылшын тілі сабақтарында әртүрлі деңгейлі топтарда дифференциалды көзқарас" тақырыбында семинар өткізді. Барлық қатысушыларға сертификаттар берілді.

 

 

"Алтын күз" фестивалінің жеңімпаздарын құттықтаймыз!

"Алтын күз" фестивалінің жеңімпаздарын құттықтаймыз!2019 жылдың 30 қазанында тауартану және сертификаттау кафедрасының студенттері Галымов Дарын (ТПП-19-3ск), Ахметова Арайлым (ТПП-18-1к), Серикова Меруерт (ТПП-19-1к) "Алтын күз" XIX-ші Халықаралық аспаздық өнер және сервировка фестивалінде "Тағам таныстырылымында жоғары аспаздық сапасы, ерекше безендірілуі және әртістігі үшін" номинациясы бойынша Жеңімпаздар атағына ие болды (Белгород кооперация, экономика және құқық университеті, Белгород қ., Ресей). Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!

«Жас Өркен» бағдарламасы өкілдерімен кездесу

«Жас Өркен» бағдарламасы өкілдерімен кездесу2019 жылы 31 қазанда Қарағанды экономикалық университетінде «Жас Өркен» бағдарламасының үйлестірушісі - Уалиева Адина Тимуровна және SMM менеджер - Омарова Асель Жанбыршықызымен 2020 жылғы барлық бітіруші топ студенттерімен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында түлектерге жалпы бағдарлама туралы , осы бағдарламаны ашатын үлкен мүмкіндіктер туралы айтылды. Конкурс жеңімпаздарының критерийлерінің бірі болып табылатын географиялық ұтқырлық туралы , қатысушыларды іріктеу мерзімдері, өтінімді қалай және қашан беру керектігі туралы ақпарат айтылды. Студенттер өз сұрақтарын қойды. Өкілдер шағын викториналар мен ұқыптылық пен хабардар болуға тапсырмалар ұйымдастырды. Біздің университет студенттері конкурстық іріктеуге қатысады деп үміттенеміз.

«Мен - эколог» интеллектуалдық ойын


«Мен - эколог» интеллектуалдық ойын2019 жылдың 26 қазан күні «Экология және бағалау» кафедрасы жыл сайын дәстүрлі ұйымдастыратын «Мен - эколог» интеллектуалдық ойынын өткізді. Іс - шараға 18 мектеп қатысты. Бұл жылы ойын аймақтық дәрежеде Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Саран, Қарағанды қаласының 9-11 сыныптарының оқушылары арасында өтті.

ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ:
1 орын
ЖББМ №16 Саран қ.
«Теміртау қ. №2 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ
2 орын
Шахтинск қаласының № 1 мектеп – гимназиясы
«Мұрагер» мамандандырылған мектеп – интернаты
3 орын
М.П. Русаков ат., Балқаш қ. ЖББМ № 2
№ 38 гимназия, Қарағанды қ.
«Ең креативті команда»
№ 8 гимназия, Жезқазған қ.
«Мұрагер» мамандандырылған мектеп – интернаты

«Магистратура бағдарламасы бойынша экономика және басқару факультетінде имидждік презентация өткізу»

«Магистратура бағдарламасы бойынша экономика және басқару факультетінде имидждік презентация өткізу»

2019 жылы 30 қазанда жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті экономика және басқару факультетінің бакалавриат студенттері үшін Қазтұтынуодағының Қарағанды Экономикалық Университетінің магистратурасында кәсіби бағдар беру және одан әрі оқуға қатысты имидждік презентация өткізді.
Студенттерге магистратураға түсу мәселелері, кешенді тестілеуді тапсыру туралы ақпарат берілді, сондай-ақ ғылыми-педагогикалық және бейіндік бағыттағы білім беру бағдарламалары бойынша материалдар ұсынылды.

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL