2015 жылдың 19 наурызы күні Студенттер мәдениет сарайында біздің университеттегі ең бір жарқын да, жылы уақиғалардың бірі «Наурыз мейрамын» тойлауға байланысты айырықша күйзеліс, ілтипатпен ұйымдастырылған концерт өтті. Сол күні бәрімізді шын жүректен ҚР Халық әртісі Тамара Асар құттықтады. Бұл оның қатысуымен өткен ғажайып, өте тамаша концерт болды. Біз Тамара Асардың жылы сөздері мен қалау-тілектері үшін, ҚЭУ-дегі мерекелі концерттің әшекейі болған әндері үшін алғысымызды білдіреміз. Үлкен рахмет Сізге, денсаулығыңыз зор болсын!
Университетіміздің барлық қызметшілерін, оқытушылар мен студенттерін Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз! Әз Наурыз құтты болсын! Ақ мол болсын!
Наурыз — өте көнеден келе жатқан мейрам. Күні бүгінге дейін жер шарындағы көптеген халықтардың дәстүрлі мейрамына айналып отырған бұл мерекенің қашаннан бері тойланып келе жатқанын дөп басып айту қиын. Наурыз айы- Шығыс күн есебі бойынша жылдың алғашқы айы.Бұл айда кұн мен түн теңеледі, сол себептен Наурызжыл басы болып саналады.
Асық ойыны – қазақ халқының ежелгі өте кең тараған ұлттық ойын түрлерінің бірі. Оны көшпелі этномәдени өмір тудырған төлтума өнер деп танимыз. Ойынның басты объектісі де, құралы да – асық. Аталмыш ойын әсіресе балалар арасында кең тараған. Оларды ептілікке, мергендікке, ұқыптылықа, сергектікке баулыйтын тәрбиенің көзі. Тіліміздегі, қой асығы демеңіз, қолайыңа жақса сақа ғой немесеасығы алшысынан түсті.., бүге-шігесіне дейін анықтау... т.б. тіркестер тегін айтылмаса керек. Сондай-ақ қазақтар жақсы көрген жасты: алтын асықтай немесе киіктің асығындай шымыр деп атайтын үрдіс бар. Мұндай фразеологизмдер асықтың айырықша символдық мәніне қатысты қалыптасқаны анық.
Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті қабырғасында Қазақстан халқы Ассамблеясының 20-жылдығы шеңбері мен Наурыз мейрамын тойлау қарсаңында спорт залда «Әке, ана, мен – спорттық отбасы» атты отбасылық байқау өтті. 4 факультет және экономика, бизнес және құқық колледжі атынан шыққан 5 команда күш пен ептіліктерін, шапшаңдық пен төзімділігін салыстыруда жарысқа түсу үшін жиналды. Ал, ең бастысы, жақынырақ танысып, бір бірімен достасу мақсатында.
Бірінші орынды Есеп және қаржы факультеті – Матушкиндар отбасысы иеленді.
Екінші орынды Бизнес және құқық факультеті командасы – Есимовтар отбасысы иеленді.
Үшінші орынды 3 команда бөлді: Экономика және басқару факультеті командасы – Ақшулаковтар отбасысы, ақпараттық-техникалық факультеті командасы – Бейсеналиндер отбасысы және Экономика, бизнес және құқық колледжі – Қасымбековтар отбасысы.
Командалар құнды сыйлықтармен марапатталды: "Redmond" мультиваркасы, "Brother" тігін машинасы және термопоттар.
2015 жылдың 12 наурызында №3 жатақханада «Менің сүйікті өлеңім» (Отан туралы, көктем туралы, махаббат туралы, т.б.) атты тақырыбына мәтінді мәнерлеп оқушылар байқауы өтті. Қатысушылар түрлі жазушылардың және өздері шығарған өлеңдерді оқыды.
Үздік мәнерлеп оқушылар анықталды:
1-место – Киреев Влад (ГМУ-22)
2-место – Клименко Эльмира (УА-32)
3-место – Зимакова Лиза (УА-32).
Байқаудың ұйымдастырушылары: Экономикалық қарым-қатынастардықұқықтық реттеу кафедрасының мұғалімдеру (ФБП).
ҚҚЭУ ЭБҚ колледжі студенттерінің
«Даяшылар мектебі»
Жалпы аттестаттау
ҚҚЭУ колледжі студенттерін «Даяшылар мектебіне» дайындау Қарағанды облысы Кәсіпкерлер Палатасымен жүзеге асырылады
Экономика, бизнес және құқық колледжі ҰОС 70 жылдығына арналған «Қазақстандықтардың Ұлы Жеңіске қосқан үлесі» атты ТАҚЫРЫПТЫҚ ТАРИХ АПТАСЫН өткізді.
Фотоколлаждар байқауы: «Менің өлкемнен шыққан ҰОС қатысушысы»
Бейнежазбалар байқауы: «Соғыс жылдарындағы Қарағандылықтар ерлігі»
Шығармашылық байқау «Соғыс жылдарындағы менің өлкем» (бейне таныстыру)
Ақылмандар талқысы «ІІ Дүниежүзілік соғыстың маңызды күндері»
Қорытындыларды жасау және жеңімпаздарды марапаттау.
2014-2015 жылдың 2 семестрі бойы академиялық ұтқырлық шеңберінде ақпараттық есептеуіш жүйелер кафедрасында Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті студенттері білім алуда.
Ис-12-1п тобы «Ақпараттық менеджмент» пәнін меңгеруде. Дәрістерді аға оқытушы Молдабекова Б.К. оқиды, тәжірибелік сабақтарды Сатымбекова С.Б. жүргізеді.
ВТ-12-2 тобы «Ақпараттық жүйелердің сенімділігі» пәнін меңгеруде. Дәрістерді аға оқытушы Косова Е.Г. оқиды, тәжірибелік сабақтарды Жалиева Э.Х. жүргізеді.
2015 жылдың 4 наурызында Экономика және басқару факультетімен Экономика және менеджмент кафедрасымен экономика бойынша мектептер мен колледж оқушылары арсында облыстық олимпиада өткізілді.
Облыстық олимпиадаға қала мен аудандардан келген 92 оқушы мен қаланың экономикалық мамандықтары бар колледждерден 31 студент қатысты.
6D050600 - Экономика мамандығы бойынша Байбосынов Серікжан Берикбаевич және Невматулина Карина Анваровнаға философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесінің берілуімен құттықтаймыз.
Биік белестерден көріне беріңіздер, жақсы жетістіктерге жетіп, кәсіби және тұлғалық тұрпатта дами беріңіздер. Барлық армандарыңыз орындалсын!
2015 жылдың 2 наурызы мен 11 наурызы аралығында 6М030100 «Құқықтану» және 6М030400 «Кеден ісі» мамандықтарының 2 курс студенттері Санкт-Петербург мемлекеттік экономикалық университетінде (Ресей Федерациясы) «Кеден Одағы елдеріндегі нормативтік және құқықтық реттеу жүйесі» атты тақырыбы бойынша ғылыми тағылымдамадан өтті.
Тағылымдама барысында заң ғылымдары бойынша университеттің жетекші лекторларының дәрістер топтамасы тыңдалды: э.ғ.д., профессор Малевич Ю.В., з.ғ.д., профессор Бернацкий Г.Г., з.ғ.д., профессор Новиков А.Б., з.ғ.д., доцент Иванюженко А.Б., з.ғ.к., доцент Мосин Е.Ф. және басқалар. Ғылыми тағылымдамада қарастырылған басты сұрақтар Кеден Одағының қызмет ету мәселелері, Ресей мен Қазақстанның халықаралық-құқықтық қарым-қатынастары, ЕврАзЭО елдеріндегі қылмыстық сот ісін жүргізудің өзекті мәселелері, парақорлықпен қылмыстық және құқықтық күресу әдістері, ЕврАзЭО елдерінің кәсіпкерлік туралы заңнамасының даму мәселелері, т.б. секілді тақырыптар талқыланды. Тағылымдаманың тәжірибелік құрылымы МАПП «Светогорск» шекара бойындағы кедендік күзет орны мен «Морской фасад» өткізу орны негізінде ұйымдастырылды.
Күннің екінші жартысы университет кітапханасында магистранттармен ғылыми зерттеулерді жүргізу мен Санкт-Петербург қаласының көрікті жерлерімен танысуға арналды.