«Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» «Мемлекеттік тіліміз – Мәңгілік Елімізбен бірге...»

«Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» «Мемлекеттік тіліміз – Мәңгілік Елімізбен бірге...» 2015 жылдың 27 ақпанында Қазақ тілі және Қазақстан мәдениеті кафедрасы қалалық мектеп оқушылары арасында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2014 жылдың 11 қарашасындағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауына арналған «Мемлекеттік тіліміз – Мәңгілік Елімізбен бірге...» атты дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты Елбасының халыққа жолдаған «Нұрлы жол» Жолдауындағы басты мәселелерге тоқтала отырып, оқушыларды патриоттыққа баулу, ел тарихын білуге, елімізді өркендету үшін білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.
Дөңгелек үстел пікірталасына Қарағанды қаласының №66 ЖББОМ, №77 ЖББМБК және №92-гимназиясының 11 сынып оқушылары қатысты.

Қазақ тілі және Қазақстан мәдениеті кафедрасы

Норвегиялық асхана мастер класы

Норвегиялық асхана мастер класыҚарағанды облысы Кәсіпкерлер Палатасының бағдарламасына сәйкес дуальды білім беру шеңберінде Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің Экономика, бизнес және құқық Колледжі студенттеріне арналған колледж оқытушыларымен Норвегия асханасының тағамдарын дайындау бойынша мастер класы өткізілді. Бұл іс-шараға Норвегия Елшілігінің бас аспазшысы Тамара Ермолина қатысты.

«Кәсіпкерлік ұйымда болашақ маманмын » атты интеллектуалдық ойын

«Кәсіпкерлік ұйымда болашақ маманмын » атты интеллектуалдық ойынҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол»
Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өту мақсатында, ҚҚЭУ ЭБҚ колледжінде өткен «Кәсіпкерлік ұйымда болашақ маманмын » атты интеллектуалдық ойын.

Құттықтаймыз!!!

Құттықтаймыз!!!Біздің университеттің мини-футбол құрама студенттер командасын Қарағанды қ. «Студенттік Лигасының» чемпиондары болуымен құттықтаймыз. Шын жүректен «Дене шынықтыру» кафедрасының аға оқытушысы Акшулаков Борис Калкеновичты команданың тренері ретіндегі табысты дебютімен құттықтаймыз!!!
Біздің университеттің баскетбол бойынша студенттер құрама командасын Қарағанды қ. «Студенттік Лигасының» чемпиондары болуымен құттықтаймыз.
Біздің университеттің баскетбол бойынша ұлдар құрама командасын Қарағанды облысы Әкімі сыйлықтарына студенттік жастар арасындағы ІХ Cпартакиада чемпиондары болуымен құттықтаймыз.
Біздің университеттің баскетбол бойынша қыздар құрама командасын Қарағанды облысы Әкімі сыйлықтарына студенттік жастар арасындағы ІХ Cпартакиада чемпиондары болуымен құттықтаймыз.

Қарлаг

Қарлаг2015 жылдың 17 ақпанында Бизнес және құқық факультетініңТур-14с тобының студенттерімен қатар ӘЖ және ӘСП кафедрасының оқытушысы Джабаева Г.Н. мен туризм және мейрамхана ісі кафедрасының оқытушысы Шабанова Е.И. барлығы 14 адам болып сырттай кураторлық сағаты және «Мұражайтану» курсы бойынша «КСРО халқының ҰОС кезіндегі жер аударылуы» атты тақырыпқа арналған сырттай сабақ өткізу шеңберінде «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын есте сақтау Долинка к.» мұражайына сапар шекті.

Этникааралық және конфессияаралық толеранттылық – Қазақстан тұрақты дамуының негізі

Этникааралық және конфессияаралық толеранттылық – Қазақстан тұрақты дамуының негізі2015 жылдың 27 ақпанында, Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) жылын мерекелеу шеңберінде, «Этникааралық және конфессияаралық толеранттылық – Қазақстан тұрақты дамуының негізі» атты ҚХА-ның 20 жылдығына арналған, Қазақстан ұлттары Ассамблеясы Хатшылығы өкілдерінің, этно-мәдени бірлестіктердің, Қарағанды облысы ҚХА ғылыми-сараптау мүшелерінің, студенттік жастардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелде құттықтау сөзімен тарих ғылымдарының докторы, профессор Абилов Қ.Ж. шықты.

Жас кәсіпкерлер форумы

Жас кәсіпкерлер форумы015 жылдың 26 және 27 ақпанында Қарағанды экономикалық университеті негізінде, Қарағанды обылысының аумақтық кәсіпкерлер палатасы мен Қазақстан жас кәсіпкерлерінің ассоциациясы көмегімен, жастар ортасында бизнеске деген белсенділіктің өсуіне жағдай жасау мақсатымен II облыстық «Жас кәсіпкерлер форумы» өтті. Форум шеңберінде «ҚЫС» атты бизнес-жобалар конкурсының қорытындылары шығарылып, жеңімпаздар марапатталды. Жалпы жүлделі қор 1 000 000 теңгені құрады. Комиссия жұмысы қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, олардың ішінде 1 орынды «Газобетон» жобасы (500 000 теңге), 2 орынды «Дарабоз» жобасы (300 000 теңге) және 3 орынды «Футбол в шарах» атты жобасы иеленді (200 000 теңге). Сонымен қатар, Бизнес-мектепте оқуға құқық беретін сертификатын № 101 лицей-мектеп оқушысы Божбанов А. алды.

ҚАРАҒАНДЫ Қ. МЕКТЕПТЕРІ, ГИМНАЗИЯ МЕН ЛИЦЕЙЛЕРІНІҢ 11 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ АРАСЫНДА ӨТКЕН «БОЛАШАҚ ДИПЛОМАТ» АТТЫ ЗИЯТКЕРЛІК ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

ҚАРАҒАНДЫ Қ. МЕКТЕПТЕРІ, ГИМНАЗИЯ МЕН ЛИЦЕЙЛЕРІНІҢ 11 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ АРАСЫНДА ӨТКЕН «БОЛАШАҚ ДИПЛОМАТ» АТТЫ ЗИЯТКЕРЛІК ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!1 орын: Гребенюк Дарья Дмитриевна (№ 46 ЖББ ОМ) – 90 ұпай
2 орын: Рустамбекова Диана Шамильевна (Ғ.Мұстафин атындағы №83 ЖББ ОМ) – 86 ұпай
3 орын: Мейрамов Алимжан Кайржанович (№1 Гимназия) – 74 ұпай
4 орын: Акимжанова Камилла Камаловна (№1 Гимназия) – 72 ұпай
5 орын: Бараева Женевьева Евгеньевна (Ғ.Мұстафин атындағы №83 ЖББ ОМ) – 70 ұпай

Академиялық мобильділік шеңберінде

Академиялық мобильділік шеңберіндеАкадемиялық мобильділік шеңберінде «Маркетинг және логистика» кафедрасының аға оқытушысы, «Маркетинг және логистика» кафедрасының магистрі Валеева В.З. ҚарМТУ ОП-12-5 тобының студенттеріне 1 академиялық мерзім ішінде 2014-2015 оқу жылының 2 семестрі бойы «Саланы логистикалық басқару» атты пәнінен сабақ береді.

Академиялық мобильділік шеңберінде «Маркетинг және логистика» кафедрасы э.ғ.д., профессор Борбасова З.Н. және кафедра аға оқытушысы, магистрі Рабазанова А.А. ҚарМТУ МЭ-13-2 тобының студенттеріне 1 академиялық мерзім ішінде 2014-2015 оқу жылының 2 семестрі бойы «Қызметтер көрсету саласында баға мен бағаны қалыптастыру» атты пәнінен сабақ береді.

Қарағанды қ. мектептері мен колледждері оқушыларына арналған воллейбол бойынша жарыс

Қарағанды қ. мектептері мен колледждері оқушыларына арналған воллейбол бойынша жарыс2015 жылдың 21 ақпанында Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің Экономикалық қатынастарды құқықтық реттеу және физикалық тәрбиелелеу кафедраларымен Қарағанды қ. мектептері мен колледждері оқушыларына арналған воллейбол бойынша жарыс өткізілді. Суретте Жеңімпаз команда – Банк Колледжінің Құрамасы.

3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL