• Blog news

«Интернет-маркетингтің заманауи трендтері» платиналық лекциясы

«Интернет-маркетингтің заманауи трендтері» платиналық лекциясы

2018 жылдың 26 қыркүйегінде Қарағанды экономикалық университетінде "Маркетинг және логистика" кафедрасының шақыруы бойынша "Маркетинг" және "Логистика" ОП студенттеріне арналған Flip.kz интернет-дүкенінің маркетинг бөлімінің бастығы, КЭУ түлегі Абрамова Наталья Юрьевна платиналық лекциясы өтті.
Интернет-дүкен Flip.kz Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлем бойынша логистиканың жеке жүйесі бар көшбасшы онлайн-ритейлерлердің бірі болып табылады.
Наталья Юрьевна онлайн - сауданың қазіргі заманғы трендтері, интернет ресурстары жұмысының тиімділігін бағалау әдістері туралы әңгімеледі. Студенттердің интернет - ресурстар арқылы тауарларды жылжыту, маркетинг бөлімдерінің жұмысы және осы компаниядағы жұмысқа орналасу мүмкіндігі мәселелерінде ерекше қызығушылық танытты.
Кездесу қорытындысы бойынша КЭУ және "Flip.kz" интернет-дүкен арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды, студент тәжірибеден өтуге, ал оқытушылар тағылымдамадан өтуге шақыру алды.

Жалпы білім беретін орта мектептің 9–11 сынып оқушылар арасында математика пәнінен олимпиада

2018 жылдың 3 қарашасында Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің жоғары математика кафедрасы 9–11 сынып оқушыларын университетте өтетін математикадан болатын Олимпиадаға шақырады. Олимпиадаға тіркелу уақыты сағат 10.00 де басталады. Олимпиада қатысушыларына мектептік бағдарламаның күрделі есептері беріледі.
Қатысатын оқушылар тізімін (қосымша заявка формасы) 22 қазанға дейін мәлімдеулеріңізді сұраймыз. Өтініштерді факс бойынша: 44-16-32 «Жоғары математика» кафедрасына деген белгі қою қажет немесе электронды пошта бойынша: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. жіберуге болады.

«Стажер» бағдарламасының таныстырылымы

«Стажер» бағдарламасының таныстырылымы

2018 жылдың 27 қыркүйегінде «Eurasia Copper PLC» компаниясы түлектерді және соңғы курс студенттерін «Стажер» бағдарламасымен таныстырды.
«Eurasia Copper PLC» компаниясы – Қазақстан Республикасының тау-металлургиялық және құрылыс салаларының көшбасшысы. Қызметкерлер саны 1 300 адам. Бір қызметкердің орташа айлық еңбек ақысы – 200 000 теңгені құрайды.
Тағылымдама ұзақтылығы:
- диплом алған түлектерге – 1 айдан 3 айға дейін;
- соңғы курс студенттеріне – 3 айдан 6 айға дейін;
- 3 курс студентеріне – 18 айдан, диплом алғанға дейін
Тағылымдамадан табысты өту өлшемдері:
- өлшемдерді орындау бойынша жақсы орташа бағамен жұмыс жоспарын орындау (бесбаллдық бағам бойынша 4,0 кем емес);
- Жетекшінің мінездеме-ұсынысы;
- HR қызметінің жазба пікірі;
- компанияның, тәжірибеден өтушілерді тартумен, өткізетін барлық білімдік және қоғамдық шараларға қатысу міндетті;
- тәжірибеден өтушінің рационализациялау бойынша ұсынысы немесе диплом/магистрлік жұмысында көрсетілетін, компанияның қызметін жетілдіруге арналған тәжірибеден өтушілер тобының бірлескен жобасы.

COMPLETE жобасы шеңберінде «Білім берудегі жаңа тәсілдер: жоғары білім жұмысқа орналасу әлеуетін дамыту үдерісі ретінде» атты қорытынды халықаралық конференциясы (Нархоз, Алматы қ.)

COMPLETE жобасы шеңберінде «Білім берудегі жаңа тәсілдер: жоғары білім жұмысқа орналасу әлеуетін дамыту үдерісі ретінде» атты қорытынды халықаралық конференциясы (Нархоз, Алматы қ.)

Алматы қаласында Нархоз университетінде 2018 жылдын 17 - 19 қыркүйегінде «Білім берудегі жаңа тәсілдер: жоғары білім жұмысқа орналасу әлеуетін дамыту үдерісі ретінде» атты қорытынды халықаралық конференциясы өтті.
Конференция жұмысына Германия, Греция, Словения, Латвия, Ресей, Қазақстан елдерінің келген серіктестері қатысты.
Конференцияның бірінші бөлігінде Ресей Федерациясының, Қазақстан Республикасының әріптес университеттері «COMPLET жобасының тәжірибесі: нәтижелер, тарату және синергетика» сонымен қатар Болон процесінің орындау орталығының өкілі Скиба М.А. және «Құзыреттілік орталықтарының дамуына арналған үздік тәжірибелер: қолма-қол ақша Нова Банкі мен Нархоз» атты презентациялар жұмыс берушілермен көрсетілді.
Халықаралық конференцияның пленарлық отырыстарында тренингтер өткізілді, олар:
1. Студенттер, түлектер - «Командалық - табысты мансап», баяндамашы - Конотопов Алексей Оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор (MIIGAIK, Ресей, Мәскеу)
2. Студенттер, магистрантар - «4,0 Технологиясы және жаңа идеялар» баяндамашы - Койчубаев Александр, «Менеджмент» кафедрасының меңгерушісі (Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, Қазақстан, Семей қаласы)
3. Мұғалімдер, қызметкерлер - «Оқушылардын оқыту барысындағы қалыптастырушы бағалау технологиясы» тренинг-спикері - Добрынин Наталья, Пермь мемлекеттік университеті
Тренингтер аяқталғаннан кейін қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Ректор кубогы үшін «Алтын күз» күзгі кроссы

Ректор кубогы үшін «Алтын күз» күзгі кроссы2018 жылдың қыркүйектің 21-ші күні Қарағанды экономикалық университетінде Ректор Кубогына арналған «Алтын күз» күздік кроссы өткізілді.
Бұл күні 100-ден астам университет және колледж студенттері 500 және 1000 метрлік жеңіл атлетиткалық жүгіруден жарысты.
Қорытындылар:
Жеке есепте (қыздар):
I орын – Лисичкина Варвара
II орын – Шаязданова Дана
III орын – Катаева Виктория
Жеке есепте (ұлдар):
I орын – Бондарь Андрей
II орын – Әбдір Жарас
III орын – Алимхан Еламан
Командалық есепте (қыздар):
I орын –Экономика, бизнес және құқық колледжі
II орын –Экономика және басқару факультеті
III орын – Бизнес және құқық факультеті
Командалық есепте (ұлдар):
I орын – Бизнес және құқық факультеті
II орын – Экономика, бизнес және құқық колледжі
III орын – Есеп-қаржы факультеті

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL