• Blog news

Enactus KEUK командасының мүшелері «ASTANA BASTAU Территория Бизнеса» Үлкен бизнес-форумына қатысты

Enactus KEUK командасының мүшелері «ASTANA BASTAU Территория Бизнеса» Үлкен бизнес-форумына қатысты

22-23 қыркүйек аралығында Enactus KEUK командасының құрамындағы 12 студент «Astana Bastau Территория Бизнеса» үлкен бизнес-форумын ұйымдастыруға және өткізуге қатысты. Біздің команда Нетворкинг зонада еріктілер ретінде жұмыс істеді. Сондай-ақ сатылым, масштабтау және инвестиция тарту салаларындағы жетекші с сарапшылардан үлкен тәжірибе жинадық. Enactus KEUK командасы ұйымдастырушыларға осындай кең ауқымды іс-шара үшін және пайдалы байланыстар орнату мүмкіндігі барына алғысын білдіреді.

Тілдер күніне арналған іс-шара

Тілдер күніне арналған іс-шара2018 жылдың қыркүйек айының 24-ші жұлдызында КЭУК ғылыми-білім беру орталығында Қазақстан халықтарының тілдері күніне орай зияткерлік іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шарада қызықты презентациялар мен тапсырмалар қазақ, орыс, ағылшын, неміс, араб және қытай тілдерінде жүргізілді. Ойын барысында қатысушылар әрбір тілден бірнеше жаңа сөздер мен осы халықтардың мәдениеті, салт-дәстүрлері жайында танымдық деректерден хабар алды.

Милан-Бикокка университетінің (Италия) Алберто Лепорати доцентінің дәрістері

Милан-Бикокка университетінің (Италия) Алберто Лепорати доцентінің дәрістері2018 жылдың 17 қыркүйегі мен 12 қазан аралығында Қарағанды экономикалық университетінің «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» және «Ақпараттық жүйелер» мамандықтарының студенттері үшін Милан-Бикокка университетінің (Италия) Алберто Лепорати PhD, доценті «Криптографияға және блокчейндерге кіріспе» тақырыбында дәріс оқиды.

Абай ауданының аудандық білім басқармасмындағы кәсіби бағдарлық жұмысы

Абай ауданының аудандық білім басқармасмындағы кәсіби бағдарлық жұмысы2018 жылдың 19 қыркүйегінде «Банктік мендежменті және қаржылық нарықтары» кафедрасы оқытушысы Исанов А.С., «Экономикалық қатынастарды құқықтық реттеу» кафедрасы аға оқытушысы Амантай А.А., «МЖБ және ЭТ» кафедра аға оқытушысы Юсупов М.Т., «ӘЖ және ҚХА» кафедрасы профессоры Минжанов Н.А. және студент-волонтерлардың қатысуымен Абай ауданы Білім бөлімі басқарамасында мектеп түлектері үшін кәсіби бағдарлық іс-шарасы өтті.
Кәсіби бағдарлық іс-шараны өткізу барысында мектеп түлектеріне ҚҚЭУ мен БҚЭК жайлы бейне ролигі және презентациялары ұсынылды. Сонымен қатар түлектер анкеталар толтырды. Іс-шараны өткізу барысында бітіруші түлектер белсенділік танытып, маңызды сұрақтарға жауаптар алды.
Жалпы кәсіби-бағдарлық іс-шара жоғары деңгейде өткізілуіне барлық жағдай жасалынған. Аталмыш шаралар келешекте де жүзеге асырылу жоспары бар.

Enactus Keuk құрамасы жаңа қатысушыларды өз қатарларына қосты

Enactus Keuk құрамасы жаңа қатысушыларды өз қатарларына қосты13 қыркүйек күні ,Қазтұтынуодағы Қарағанды Экономикалық унивеситетінде Enactus Keuk құрамасына іріктеу мен тұсаукесер өткен болатын.Студенттерге әлем кубогының және ұлттық жарыстардың флешбегі көрсетіліп және enactus keuk спикерлері өз мақсаттары мен құндылықтары жайлы айтты. Команда құрамына 31 студент кірді ,олар 1-3 курсте оқушылар ;мамандықтары:”Халықаралық қатынастар","учет және аудит","логистика","туризм","қонақүй ісі ","әлем экономикасы".Студенттер Enactus құрамасының немен айналысатынын және оларды болашақта не күтетінің білді.

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL