• Blog news

«Жоғары білім әлеуетін көтеру» Эразмус+ жобасының қорытындысы бойынша көрме

«Жоғары білім әлеуетін көтеру» Эразмус+  жобасының қорытындысы бойынша көрме 2018 жылдың 24 қазанынан 25 қазанына дейін Астана қаласында Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Erasmus + жобаларын «Қазақстандағы жоғары білім беруді жаңғыртудағы рөлі» тақырыбы бойынша Эразмус + Еуропалық Комиссиясының жобаларының көрмесі өтті.
Көрменің мақсаты - мүдделі тараптардың кең ауқымын Erasmus + жобаларының нәтижелерімен мультипликативтік әсерін арттыру мақсатында таныстыру болды.
Көрменің қатысушылары Қазақстандағы ағымдағы және аяқталған Эразмус+ жобаларының топтары, соның ішінде Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті, құзыреттілік орталықтарының құрылуы және жұмысқа орналасуды дамыту – COMPLETE атты жобасымен қатысты.

«Латын әліпбиімен танысайық»

«Латын әліпбиімен танысайық» «Латыншаға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық ортаның, коммуникацияның, сондай-ақ, ХХІ ғасырдағы ғылыми және білім беру процесінің ерекшеліктеріне байланысты» деп Президент Н.ӘНазарбаев «Рухан жаңғыру» мақаласында терең тоқталған мәселенің бірі қазақ тілінің латын графикасына көшуі. Үстіміздегі жылы латын графикасы негізіндегі жаңа қазақ әліпбиі қабылданған болатын. Осыған байланысты 26-қазан күні Қазақ тілі және Қазақстан мәдениеті кафедрасының ұйымдастыруымен «ТАИР» сауда үйінде «Латын әліпбиімен танысайық» атты акция болып өтті. Акцияның мақсаты –латын графикасы негізіндегі жаңа қазақ әліпбиін көпшілік қауымға таныстыру және насихаттау болып табылады.
Іс-шараға сауда үйіне келген қала тұрғындары, әсіресе жастар белсене қатысты. Іс-шара барысында қатысушылар өз есімдерін, тағы да басқа сөздерді жаңа әліпбимен жазып көрді. Сонымен қатар, қатысушылар латын графикасын қолдана отырып әртүрлі тапсырмалар орындап, өзара сайысты. Жеңімпаздарға сыйлықтар табысталды. Ең бастысы, қала тұрғындары мен қонақтары қазақ тілінің жаңа латын графикасына көшуін қолдай отырып, латын графикасын үйренуде өздерінің қызығушылық, ынта-жігерінің жоғары екенін көрсетті. Алдағы уақытта осындай іс-шаралар көбірек өткізілсе деген тілек білдірді. Акция туралы облыстық, қалалық телеарналардан көрсетілетін болады.

"МЕН-ЭКОЛОГ" ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ОЙЫНЫ»

"МЕН-ЭКОЛОГ" ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ОЙЫНЫ»27 қазан 2018 ж. «Экология және бағалау» кафедрасы жыл сайынғы «Мен – эколог» интеллектуалды ойынын өткізді. Іс-шараға 37 мектеп (132 оқушы) қатысты. Осы жылы ойын облыстық ауқымда өткізілді, себебі оған Балқаш, Жезқазған, Саран қалалары, Бұқар Жырау ауданы мен Абай ауданы мектептерінің 9-11 сынып оқушылары қатысты.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз:
1 орын - Балқаш қаласы ЖББ М.П. Русаков атындағы №2 мектеп-интернаты КММ; КГУ «Гимназия №97»
2 орын - «Жезқазған қаласы білім бөлімінің Қ.И.Сәтбаев атындағы; КГУ «Общеобразовательная школа №1 акимата города Сарани»
3 орын - КГУ «Кокпектинская СОШ»; КГУ «СОШ№ 17»
«Самая креативная команда» - Школа лицей №2. г. Караганды; КГУ «СОШ №51»

Enactus KEUK командасы жастар форумында «Жастар және кәсіпкерлік: дамудың векторлары»

Enactus KEUK командасы жастар форумында «Жастар және кәсіпкерлік: дамудың векторлары»Enactus KEUK құрамасының капитаны - Болсынов Жалгаxан 27-28 қазан аралығында Тараз қаласында өткен "Жастар мен кәсіпкерлік: даму векторлары" форумына барды, онымен қоса іс-шараның ұйымдастырылуына ат салысты. Форумда 21 ЖОО-ны қатысты, олардың ішінде Х.А Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, КІМЕР, Абылай xан атындағы ҚазХҚжӘТУ, ALMAU, Семей Медицина Университеті, Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті, Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті, Орталық Қазақстан Академиясы, Лингва, ПМУ, Халықаралық информациялық теxнологиялар университеті, ҚазҰУ, Каспийлік университет Каспий, Тұран Университеті, ЕҰУ, ТИГУ, ІТ, ХҚУ болды. Жастар бизнес форумы Enactus белсенділерінің диалогты алаңына айналды, олар әлеуметтік және бизнес салаларының тың идеялары мен жобаларын ұсынды.

Экономика, Бизнес және Құқық Колледжінің түлектерімен кездесу

Экономика, Бизнес және Құқық Колледжінің түлектерімен кездесу"Жалпықұқықтық және арнайы пәндер" кафедрасының оқытушылары К.К. Әділбекова, К.С. Ахметова, Г.М. Жақсыбаева, А.Б. Құлибек. және Ю-21к тобының студенттері Камен Өмірбек пен Алкенова Жаннұр Экономика, бизнес және құқық колледжінің түлектерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында мұғалімдер университетке түсу тәртібіне, түсу емтихандарына дайындық және т.б. түсініктеме берді. КТА-ның тест тапсырмаларының форматында студенттерді тестілеу өткізілді. Студенттер өздерінің студенттік өмірі туралы, сондай-ақ белсенді және шығармашылық студенттер үшін университетте қол жетімді мүмкіндіктер туралы әңгімеледі.

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL