• Blog news

Project Complete

Project Complete2018 жылдың 23 маусымында Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінде Эразмус+ "Құзыреттілікті дамыту жəне жұмысқа орналастыру орталықтарын құру" жобасы бойынша қорытынды мониторингі өтті.

SMART CITY QARAGANDA

SMART CITY QARAGANDA«Сарыарқа» Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясымен жасалған меморандум шеңберінде Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті базасында 2018 жылдың 29-30-шы маусымында: «Қауіпсіз қала» және «SMART ТКШ» тақырыптарында Хакатон өткізілді. Форумда 24 жоба таныстырылып, студенттер мен жас бизнесмендер оның әзірлеушілері болып қатысты.
Хакатонның екі күнгі жұмысында, 200-ден 550 мың теңгеге дейін сыйлық алған жеңімпаздар анықталды.Ол жеңімпаздар:
1-ші орын Ахунжанов Темур. Алматы қаласы. «Ақылды домофон»;
2-ші орын. Рудольф Виктор. Қарағанды қаласы. «Юнион»;
3-ші орын. Сулейманов. Сейдамет. Қарағанды қаласы «Smart quest»
Аталмыш іс-шараны өткізу ғылым мен өндірістің ықпалдасуындағы, университет пен «Сарыарқа» Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясының жемісті байланыстарын ұстап тұрудағы және алдағы уақыттағы бірлескен нәтижелі жұмыстар үшін ынталандыруларды қалыптастырудағы тағы бір қосылған үлес болды.

«Аккредиттелген басқарушы жаттықтырушы» туралы біліктілікті арттыру курстары

«Аккредиттелген басқарушы жаттықтырушы» туралы біліктілікті арттыру курстары 2018 жылдың 26 мен 29 маусым аралығында Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетіндегі CACTLE халықаралық орталығы базасында ақылы түрде Эрасмус+ бағдарламасы шеңберінде CUT бағыты бойынша «Менеджмент бойынша аккредиттелген жаттықтырушы» атты біліктілікті арттырудың төртінші ағыны бойынша курс ұйымдастырылған болатын. Семинарды өткізу барысында облыс бойынша алдыңғы қатарлы жоо оқытушылары атанды. Семинар нәтижесі бойынша қатысушыларға Вена экономика және бизнес университетінің халықаралық үлгідегі сертификаты берілетін болады.

Қарағанды облысының іскерлік ортадағы ірі кәсіпкерлерге арналған «Бизнесті басқару» курсы

Қарағанды облысының іскерлік ортадағы ірі кәсіпкерлерге арналған «Бизнесті басқару» курсы2018 жылдың 18 мен 22 маусым аралығында Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетіндегі CACTLE халықаралық орталығы базасында ақылы түрде Эрасмус+ бағдарламасы шеңберінде CUT бағыты бойынша «Бизнес менеджмент және салық салу» атты біліктілікті арттырудың үшінші ағыны бойынша курс ұйымдастырылған болатын. Семинарды өткізу барысында 9 Қарағанды облысының ірі бизнес–ортасының кәсіпкерлері қатысушы атанды. Семинар нәтижесі бойынша қатысушыларға Вена экономика және бизнес университетінің халықаралық үлгідегі сертификаты берілетін болады.

«Бизнес менеджмент және салық салу» атты біліктілікті арттыру курсы

«Бизнес менеджмент және салық салу» атты біліктілікті арттыру курсы2018 жылдың 11 мен15 маусым аралығында Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетіндегі CACTLE халықаралық орталығы базасында ақылы түрде Эрасмус+ бағдарламасы шеңберінде CUT бағыты бойынша «Бизнес менеджмент және салық салу» атты біліктілікті арттырудың екінші ағыны бойынша курс ұйымдастырылған болатын. Семинарды өткізу барысында 28Қарағанды облысының шағын және орта бизнестің ірі субъектілері қатысушы атанды. Семинар нәтижесі бойынша қатысушыларға Вена экономика және бизнес университетінің халықаралық үлгідегі сертификаты берілетін болады.

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL