• Blog news

ҚҚЭУдің Түркі халықтарының халықаралық фестиваліне қатысуы

ҚҚЭУдің Түркі халықтарының халықаралық фестиваліне қатысуы2018 жылдың 30 маусымында Қарағанды экономикалық университетінің Этнографиялық сән театры Астана қаласында өткен «Kөшпенділер әлемі» атты түркі халықтарының бірінші халықаралық фестиваліне қатысты. «Kөшпенділер әлемі» дәстүр, тарих, бірлік пен көшпелі мұра рухын сақтауда маңызды рөл атқарады. Фестивальға көшпенділердің бірегей мәдениетін көрсетуге Венгрия, Болгария, Қырғызстан, Башқұртстан, Түркия мен Қазақстан топтары келді. Қыздарымыздың ерекше және әсем бейнелері әртүрлі елдерден келген қатысушыларға, БАҚ, «Qazaq Geography» және «Kazakh Tourism» ұйымдарына, фестиваль қонақтары мен іс-шара ұйымдастырушыларына керемет әсер қалдырды. Қазақстандық БАҚ біздің костюмдеріміз туралы «Қазақстандық сұлулардың қазіргі заманғы технологияларды қолдана отырып ұлттық түс элементтерімен әзірлеген дизайнерлік көйлектері сол уақыттың рухын жеткізе алды», - деп жазады. Таңқалған шетелдік және қазақстандық қонақтар әр киімнің дизайны мен тарихына қызығушылық танытты және суретке түсу мүмкіндігін жіберіп алмауға тырысты.

Пәндерді ағылшын тілінде жүргізудің жаңа тәсілдері

Пәндерді ағылшын тілінде жүргізудің жаңа тәсілдері2018 жылдың маусым айының соңында Көптілді білім беру орталығында көптіліді оқытушылар үшін «Пәндерді ағылшын тілінде оқытудағы CLIL әдіснамасы мен практикасы» тақырыбы бойынша семинар өтті. Бүгінгі таңда көптеген елдердегі білім беру мекемелері CLIL әдіснамасын іс жүзінде қолданады. Қарағанды экономикалық университетінің оқытушылары ағылшын тілінде белгілі пәндерді жүргізеді, бұл тек кәсіби мамандарды емес, сонымен қатар шет тілдерін білетін мамандарды да дайындауға мүмкіндік береді. Семинарда біріктірілген пәндік-тілдік оқытуды қолданудың негізгі мәселелері, оның қағидалары, аспекттері мен артықшылықтары талқыланды. Тәжірибелік бөлімде пәлсапаны ағылшын тілінде оқыту әдістемесі көрсетілді.

Тілдерді білу - табысқа жетудің кілті!

Тілдерді білу - табысқа жетудің кілті!2017-2018 оқу жылының соңында Көптілді білім беру орталығы ағылшын тілі тындармандарына - ҚҚЭУ оқытушылары мен қызметкерлері - емтихандарды сәтті тапсырып, тиісті деңгейде оқып шыққан туралы сертификаттар тапсырды. Тілдерді үйрену үшін көп уақыт пен шыдамдылық, күш пен жігер талап ететінін ескере отырып, ҚҚЭУ оқытушылары мен қызметкерлері өздігінен тәртіп және жауапкершілік танытып жеңіске жетті. Орталық сондай-ақ «Үздік тындарман» атты марафонды жариялаған болатын, нәтижесінде 11 оқытушы мен қызметкерлерге үздік сертификат берілді. КБО барлық тыңдаушыларды құттықтайды және жаңа оқу жылында күтеді!

Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің докторанттарының Венгриядағы шетелдік ғылыми тағылымдамасы

Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің докторанттарының Венгриядағы шетелдік ғылыми тағылымдамасы

6D050600 «Экономика» және 6D050700 «Менеджмент» мамандықтары бойынша докторанттар Спанова Багдат, Шугаипова Жанна және Құттыбай Мирас Сент Иштвана университетінде (қ. Гёдёллё, Венгрия) ғылыми тағылымдамадан өтті.
Докторанттар жетекші ғалымдар мен зерттеушілердің семинарлар-тренингтері мен ғылыми талқылауларына қатысты. Атап айтқанда, олар: Rural development infrastructure, Workshop on Value Analysis and Value Engineering, Sustainable Regional Development-Challenges of Space & Society in the 21st Century. Ғылыми тағылымдаманың қорытындысы бойынша диссертациялық зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми-әдістемелік әдебиеттердің библиографиялық тізімдер және басқа да материалдар жасалды.

 

Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің докторанттардың Болгариядағы шетелдік ғылыми тағылымдамасы

Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің докторанттардың Болгариядағы шетелдік ғылыми тағылымдамасы

 

6D050600 «Экономика» мамандығының докторанттары Безлер Оксана мен Тулебаева Айжан Әулие Климент Охридски атындағы София университеті (София, Болгария) ғылыми тағылымдамадан өтті.
Докторанттар Әулие Климент Охридски атындағы София университетіндегі Экономика және іскерлік әкімшілік факультетінің (Стопанск) ғалымдары мен ғылыми жетекшілердің пікірталастарына қатысты, атап айтқанда - әкімшілік басқару және экономика факультетінің деканы Седларски Теодор; профессор, PhD докторы Димитр Стефанов; Халықаралық қатынастар, қаржы департаментінің және бухгалтерлік есеп жөніндегі деканының орынбасары, профессор Йовогана Марцеллина; Статистика департаменті және эконометрика кафедрасының профессоры Боряна Богданова, «Жаңа ЕО мүше мемлекеттердің ұлттық еңбек нарықтары арасындағы ынтымақтастық тетіктері» бойынша профессоры Алида Ризова.

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL