• Blog news

ҚХА-ның ғылыми-эксперт тобының отырысы

ҚХА-ның ғылыми-эксперт тобының отырысыҚарағанды облысы Қазақстан халық Ассамблеясының ғылыми-эксперт тобының мүшелері «Әлеуметтік жұмыс және ҚХА» кафедрасының доценті Әбдіәкімова М. К. және прфессоры Клишина М.В. Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы ҚР жаңа заң жобасының және ҚХА-ның «Қазақтану» жобасын жүзеге асыруын талқылауға қатысты.
Отырыста қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісіне арналған үздік ғылыми жобаларды марапаттау болды. Үздік бағаланған жұмыстардың ішінде ф.ғ.к., профессор Клишина М.В. да болды.

«Әлеуметтік жұмыс» және «Құқық және экономика негіздері» мамандықтары студенттерінің көшпелі сабағы

«Әлеуметтік жұмыс» және «Құқық және экономика негіздері» мамандықтары студенттерінің көшпелі сабағы2018 жыл 25 қыркүйекте Әлеуметтік жұмыс және ҚХА кафедрасының аға оқытушысы М. А. Алпысбаеваның жетекшілігімен «Әлеуметтік жұмыс» және «Құқық және экономика негіздері» мамандықтары студенттерімен бірлесіп «Кредо» кеңес беру орталығында көшпелі сабақ ұйымдастырылды (Теміртау қ.). Сабақ барысында студенттер Кеңес беру орталығының негізгі жұмыс бағыттарымен, орталықтың пациентерімен әлеуметтік қызметкердің жұмыс істеу бағыттарымен, қарт адамдар сондай-ақ Кәмелетке толмаған балаларды бейімдеу орталығы балаларымен психоәлеуметтік жеке жұмыс жасау негіздерімен танысты.
«Кредо» кеңес беру орталығының мақсаты – қиын жағдайға түскен адамдарды әлеуметтік жағынан демеу.
Бүгінде орталық «1-2 топтағы мүгедектер мен қарттарға арнайы қызмет көрсету» бойынша әлеуметтік жобаға тапсырыс аясында жұмыс істеп келеді. Жобаның мақсаты үлкен жастағы адамдардың мүмкіншіліктерін психоәлеуметтік жұмыстарға және балалар тәрбиесінде пайдалану.

«Интернет-маркетингтің заманауи трендтері» платиналық лекциясы

«Интернет-маркетингтің заманауи трендтері» платиналық лекциясы

2018 жылдың 26 қыркүйегінде Қарағанды экономикалық университетінде "Маркетинг және логистика" кафедрасының шақыруы бойынша "Маркетинг" және "Логистика" ОП студенттеріне арналған Flip.kz интернет-дүкенінің маркетинг бөлімінің бастығы, КЭУ түлегі Абрамова Наталья Юрьевна платиналық лекциясы өтті.
Интернет-дүкен Flip.kz Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлем бойынша логистиканың жеке жүйесі бар көшбасшы онлайн-ритейлерлердің бірі болып табылады.
Наталья Юрьевна онлайн - сауданың қазіргі заманғы трендтері, интернет ресурстары жұмысының тиімділігін бағалау әдістері туралы әңгімеледі. Студенттердің интернет - ресурстар арқылы тауарларды жылжыту, маркетинг бөлімдерінің жұмысы және осы компаниядағы жұмысқа орналасу мүмкіндігі мәселелерінде ерекше қызығушылық танытты.
Кездесу қорытындысы бойынша КЭУ және "Flip.kz" интернет-дүкен арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды, студент тәжірибеден өтуге, ал оқытушылар тағылымдамадан өтуге шақыру алды.

Жалпы білім беретін орта мектептің 9–11 сынып оқушылар арасында математика пәнінен олимпиада

2018 жылдың 3 қарашасында Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің жоғары математика кафедрасы 9–11 сынып оқушыларын университетте өтетін математикадан болатын Олимпиадаға шақырады. Олимпиадаға тіркелу уақыты сағат 10.00 де басталады. Олимпиада қатысушыларына мектептік бағдарламаның күрделі есептері беріледі.
Қатысатын оқушылар тізімін (қосымша заявка формасы) 22 қазанға дейін мәлімдеулеріңізді сұраймыз. Өтініштерді факс бойынша: 44-16-32 «Жоғары математика» кафедрасына деген белгі қою қажет немесе электронды пошта бойынша: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. жіберуге болады.

«Стажер» бағдарламасының таныстырылымы

«Стажер» бағдарламасының таныстырылымы

2018 жылдың 27 қыркүйегінде «Eurasia Copper PLC» компаниясы түлектерді және соңғы курс студенттерін «Стажер» бағдарламасымен таныстырды.
«Eurasia Copper PLC» компаниясы – Қазақстан Республикасының тау-металлургиялық және құрылыс салаларының көшбасшысы. Қызметкерлер саны 1 300 адам. Бір қызметкердің орташа айлық еңбек ақысы – 200 000 теңгені құрайды.
Тағылымдама ұзақтылығы:
- диплом алған түлектерге – 1 айдан 3 айға дейін;
- соңғы курс студенттеріне – 3 айдан 6 айға дейін;
- 3 курс студентеріне – 18 айдан, диплом алғанға дейін
Тағылымдамадан табысты өту өлшемдері:
- өлшемдерді орындау бойынша жақсы орташа бағамен жұмыс жоспарын орындау (бесбаллдық бағам бойынша 4,0 кем емес);
- Жетекшінің мінездеме-ұсынысы;
- HR қызметінің жазба пікірі;
- компанияның, тәжірибеден өтушілерді тартумен, өткізетін барлық білімдік және қоғамдық шараларға қатысу міндетті;
- тәжірибеден өтушінің рационализациялау бойынша ұсынысы немесе диплом/магистрлік жұмысында көрсетілетін, компанияның қызметін жетілдіруге арналған тәжірибеден өтушілер тобының бірлескен жобасы.

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL