2018 жылдың 13 сәуірде «Банктік мендежменті және қаржылық нарықтары» кафедрасы оқытушысы Исанов А.С. және «Экономикалық қатынастарды құқықтық реттеу» кафедрасы аға оқытушысы Амантай А.А. қатысуымен Абай ауданы Топар кентіндегі Абай атындағы және Корниенко атындағы орта мектептерінде кәсіби бағдарлық іс-шарасы өтті. Кәсіби бағдарлық іс-шараны өткізу барысында мектеп түлектеріне ҚҚЭУ мен БҚЭК жайлы бейне ролигі және презентациялары ұсынылды. Сонымен қатар түлектер анкеталар толтырды. Іс-шараны өткізу барысында бітіруші түлектер белсенділік танытып, маңызды сұрақтарға жауаптар алды. Жалпы кәсіби-бағдарлық іс-шара жоғары деңгейде өткізілуіне барлық жағдай жасалынған. Аталмыш шаралар келешекте де жүзеге асырылу жоспары бар.
9-10 сәуір 2018ж. ӘЖжәнеҚХА кафедрасының меңгерушісі Абдакимова М.К. Өзбекстан Республикасы, Навои облысы, Навои қаласында Жастар орталығында өткен «Өзбекстандағы Қазақстан білім күндері» көрмесіне қатысты. Көрмеде Қазақстанның 26 жетекші жоғарғы оқу орындары көрсетілді. Көрмеде түлектермен және аймақтық колледждер мен мектеп оқушылары, олардың ата-аналары, сонымен қоса мектеп, колледж, лицей оқытушыларымен кездесу өтті. Оларға Қарағанды экономикалық университетіне түсу және білім алу жағдаяттары бойынша ақпарат берілді. Кәсіби бағдарлық мақсаттағы іс-сапар барысында Навои қаласында орналасқан Навои мемлекеттік тау-кен университеті, академиялық лицейде, сонымен қатар этникалық қазақтар мен қарақалпақтар тығыз орналасқан Канимех аудан орталығында ауылшаруашылық және экономикалық колледждерде болды. Кездесу барысында ҚҚЭУ туралы, күндізгі және сырттай-қашықтықтан білім алу және оқуға түсу жағдайлары туралы толық ақпарат берілді, ақпараттық анықтамалар, бүктемелер таратылып, сұрақтарға жауап берілді. Атқарылған жұмыстың нәтижесінде ҚҚЭУ түсуге ниет білдірген потенциалды түлектердің тізімі жасалды. М.К. Абдакимоваға ғылыми-ағарту форум жұмысына белсенді қатысқаны үшін Навой облысы әкімінің атынан алғыс хат берілді.
2018 жылы 10 сәуірде Қарағанды экономикалық университетінде ИСМА Университетінің президенті, профессор, академик, Dr.sc.ing. (Рига, Латвия) Роман Дьякон және халықаралық мәселелер жөніндегі проректоры, Dr. sc. admin. Ольга Верденхофтың «Еуропалық білім беру - білім беру туризмінің негізі» тақырыбында дәрісі өтеді. ИСМА университеті Латвияның жетекші жоғары оқу орындарының бірі болып табылады, бай дәстүрлерге және еуропалық жоғары білім кеңістігінде өз орнын анық көруге ие университеттерінің бірі. ИСМА Университеті қазіргі заманғы, қарқынды дамып келе жатқан оқу бағдарламалары мен мамандықтары кең спекторлы және студенттерінің
2018 жылдың 7 сәуірінде бизнес және құқық факультетінің дене шынықтыру кафедрасының ұйымдастыруымен «Әкем, анам және мен – спорттық жанұя» атты шара өткізілді. Спорттық шараға Бұқар-Жырау ауданынан: КММ Зареченская ЖББОМ, КММ Көкпекті ЖББОМ, КММ Байқадам ЖББОМ, КММ Петровская ЖББОМ жоғары сынып оқушылары қатысты. Аталған шараның жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз! І орын – КММ Байқадам ЖББОМ ІІ орын – КММ Көкпекті ЖББОМ ІІІ орын - КММ Зареченская ЖББОМ ІV орын - КММ Петровская ЖББОМ
03 сәуір 2018 ж. «Әлеуметтік жұмыс және Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасы «Құқық және экономика негіздері» және «Әлеуметтік жұмыс» мамандықтары студенттерінің қатысуымен «Рухани жаңғыру – болашаққа бастар жол» атты ашық кураторлық сағат өткізді. Шара қонақтары Қарағанды қаласының № 27 ЖОББМ оқушылары болды. ӘЖ және ҚХА кафедрасының меңгерушісі п.ғ.к., доцент Абдакимова М.К. оқушылар мен студенттерге арналған алғы сөзінде Президенттің бағдарламалық мақаласы ережелерінің бірінші кезекте жастарға бағытталғандығын, және өткізіліп отырған шара мақсаты жастардың белсенді өмірлік ұстанымдарын қалыптастыру, қазақстандық патриоттық сезімдері мен өз Отанына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу екендігін атап өтті. Кураторлық сағатқа қатысушылар тақырыптары қоғамдық сананы жаңғырту бойынша негізгі жобаларды жүзеге асыру жолдары мен мазмұнын талқылауға арналды. ОПЭК-11к тобының студенттері Узбаева Б., Даткина Г. қазақ тілінің латын әрпіне біртіндеп көшу мәселесіне тоқталды. СР-32 тобының студенті Сабыржанова Т. «Жаңа гуманитарлы білім» жобасын жүзеге асыру арқылы әлеуметтік және гуманитарлы білімдерге назар аудару – бәсекеге қабілетті білікті кадрлардың негізін қамтамасыз етеді деді. «Туған жер» бағдарламасы бойынша, өздерінің кіші Отаны – Егіндібұлақ өлкесінен шыққан ұлы адамдар өнегесімен патриоттық сезімді қалыптастыру туралы ОПЭК-31к топ студенттері Исаев А., Қанатұлы Жанайдар айтты. Косаева Л. (СР-12 тобы), Шакенова К. (СР-13с тобы), Гарманов Д. (гОПЭК - 12), Шынарбек О. (ОПЭк-13с) қазіргі заманғы қазақстандық мәдениетті жаһандық әлемде өрлету бойынша интерактивті презентация қорғады. СР-21к тобының студенттері Жумадилда А. мен Кеңшілік А. «Қазақстандық 100 жаңа есім» арасына Тәуелсіздік жылдары жетістікке жеткен нақты тұлғалар тарихымен таныстырып өтті. Ашық кураторлық сағатты қорытындылай келе академиялық топ кураторлары ф.ғ.к., доцент Сейфуллина Г.Р., философия докторы (PhD), аға оқытушы Манасова М.М., тарих ғыл.магистрі, оқытушы Тусупова Г.Н. студенттер мен оқушыларға қоғамдық сананы жаңғыртудағы басты басымдылық – ашықтық, прагматизм, бәсекеге қабілеттілік екенін айтты.