• Blog news

«Ең үздік ғылыми-зерттеу жобасы» атты халықаралық конкурстағы жеңіс!

«Ең үздік ғылыми-зерттеу жобасы»  атты халықаралық конкурстағы  жеңіс!Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар кафедрасы МО-42 тобының студенті М.Горнаяны «Ең үздік ғылыми-зерттеу жобасы» халықаралық конкурсында жеңіске жетуімен құттықтайды. Бұл жеңісің соңы болмасын, әрбір сенің талпынысың және қажырлы еңбегін міндетті түрде сені, жүлделі орындар мен еңбегіңнің жемісіне әкелсін.

ҚҚЭУ ректорының Ресейлік ғалымдар мен КубМАУ студенттерімен кездесуі (Краснодар қ.)

ҚҚЭУ ректорының Ресейлік ғалымдар мен КубМАУ студенттерімен кездесуі (Краснодар қ.)2017 жылдың 3 желтоқсанында университет ректорының Аймағамбетов Е.Б. профессорлар Тюпакова Н.Н., Улыбина Л.К., Огорокова О.А. және КубМАУ студенттерімен кездесуі өтті. Ресейлік ғалымдар мен КубМАУ студенттерінің келуі кезекті сапар болып табылады және «Қаржы, салық салу және сақтандыру (КЭУ)» және «Қаржы (КубМАУ)» кафедраларының халықаралық ынтымақтастығы аясында жүзеге асырылды. Кездесу жылы және достық жағдайда өткізілді, әңгімелесу барысында ресейліктер жоғары материалдық-техникалық базаны, оқу үрдісінде қолданылатын инновациялық тәсілдерді және ҚЭУ студенттері мен магистранттарын дайындауға қызығушылық танытты. Қараша айының 27-нен 2-желтоқсанына дейін ресейлік профессорлар мен КубМАУ студенттері және «Қаржы, салық салу және сақтандыру» кафедрасының (КЭУ) қатысуымен бірлескен іс-шаралар өткізілді (дәрістер, тәжірибелік сабақтар, дөңгелек үстелдер). Екі тараптың да мұғалімдердің, студенттердің және магистранттардың академиялық мобильділік аясында одан әрі ынтымақтастықты жалғастыруға деген ұмтылысын атап өту қажет.

«Brainstorm» командасы студенттерінің жеңісі

«Brainstorm» командасы студенттерінің жеңісі2017 жылдың 2 және 3 желтоқсанында Қарағанды экономикалық университетінің студенттері, Астана қаласының әкімшілігі, АҚ «Астана Innovations», Бизнес-инкубатор МОST және Астана қаласының Қаржы орталығы ұйымдастырған сегізінші қорытынды Astana Innovations Challenge шарасына белсене қатысты.
Университет командаларының біреуі, «Brainstorm» командасы Fintechstars конкурсының қортындысы бойынша жүлделі үшінші орынды иеленіп 100 000 теңгелік сыйлықтың сертификатын алды. Жүлдегерлер болып біздің ЖОО мына студенттері марапатталды: Хмелева Екатерина, Оборина Карина, Кушнаренко Ольга - гр. Ф-32; Иристаев Низамиддин – гр. Мн-12; Ким Константин – гр. Мн-31; Тілеубек Абылайхан - гр. Ю-42.
Атап өтерлік жағдай, «Wooppay» компаниясының негізін қалаушысы және директоры Дорошенко А. мырза осы командамен ары қарай жұмыс істеуге және олардың жобасына инвестиция салуға келісімін берді.
Біз «Brainstorm» командасына осы жеткен жетістіктерімен тоқтап қалмай тек қана алға ұмтылуына шын жүректен тілектеспіз!

«1-ші желтоқсан- Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні»

«1-ші желтоқсан- Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні»«Әлеуметтік жұмыс және Қазақстан халқы ассамблеясы» кафедрасы ҚР-ның Тұңғыш Президенті күніне арналған дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шара барысында студенттер мен оқытушылар тәуелсіз мемлекеттің құрылуындағы Қазақстанның Тұңғыш Президентінің рөлін талқылады. Білім беру және ғылым саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруына, интеллектуалды ұлт қалыптастыру бойынша бастамалар мен Қазақстанның әлемнің дамыған елдерінің қатарына қосылу мәселелеріне ерекше көңіл бөлді.
Дөңгелек үстелге қатысушылар әлемдік қауымдастық мойындаған Қазақстан көшбасшының ядролық қарусыздану үрдісіне қосқан үлесін, бітімгершілік қызметін және Қазақстан өзінің ішкі және сыртқы саясатының арқасында кез келген геосаяси мәселелер мен таластарды бейбіт жолмен шешуге ұмтылатынын белгіледі.

«Қазақстан мен Ресейдің салық және сақтандыру салалары арасындағы өзара іс-қимыл аясында ЕурАзЭҚ-тың даму тенденциялары мен перспективалары» дөңгелек үстел

 «Қазақстан мен Ресейдің салық және сақтандыру салалары арасындағы өзара іс-қимыл аясында ЕурАзЭҚ-тың даму тенденциялары мен перспективалары» дөңгелек үстел

«Қаржы, салық салу және сақтандыру» кафедрасы 2017 жылдың 30 қарашасында «Қазақстан мен Ресейдің салық және сақтандыру салалары арасындағы өзара іс-қимыл аясында ЕурАзЭҚ-тың даму тенденциялары мен перспективалары» тақырыбына КубМАУ профессорларының Л.К.Улыбина, Н.Н.Тюпакова және О.А.Окорокова қатысуымен дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараны кафедра меңгерушісі э.ғ.д., профессор А.К:Сембеков «Жаңа экономикалық жағдайларда ЕурАзЭҚ аясында Қазақстан Республикасының қаржылық-экономикалық жағдайын шолу» баяндамасымен, э.ғ.д., профессор Л.К.Улыбина «Еуразиялық одақ аясында сақтандырушылардың даму тенденциясын бағалау» баяндамасымен ашты. Сондай-ақ «Қаржы» мамандығының студенттері криптовалюталар және жеке тұлғалардың жалпыға бірдей декларациясының қажеттігі туралы баяндамаларымен шықты. Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша салық және сақтандыру секторын жетілдіру бойынша ұсынымдар жасалды.

 

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL