2018 жылдың 30 наурызында «Қаржы»-5В050900 мамандығы бойынша студенттер арасында Алматы қаласы Нархоз Университетінде ІІ Республикалық пәндік олимпиада өтті. Аталмыш жарысқа ҚҚЭУ-нен «Қаржы» мамандығындағы студентері де қатысты. Пәндік олимпиада қорытындысы негізінде 13 университет арасында ҚҚЭУ-нің студенттері 2-орынды жеңіп алды. Олимпиада нәтижелерін бағалауда оқытушылармен қатар бизнес-орта мүшелері де қатысты. Жалпы ҚҚЭУ атынан қатысушы студенттерді э.ғ.д., доценті Омарова А.Т. жетекшілік етті. ІІ орынды иеленген жеңімпаз студенттері келесілер Ф-32 тобынан Оборина Карина, Кушнаренко Ольга және Хмелева Екатерина. Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
2018 жылы 30 наурызда «Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар» кафедрасы «Аймақтық қауіпсіздік тұрғысындағы ислам факторы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелге кафедра оқытушылары мен «Халықаралық қатынастар» мамандығы студенттері, сондай-ақ Қарағанды облысының Дін істері жөніндегі басқармасы басшысының орынбасары Тлекбаев Серік Қуатұлы қатысты. Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша, студенттер белсенді қатысқаны үшін сертификаттар берілді.
2018 жылдың 29 наурыз күні Алматы қаласы, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша Х Республикалық студенттер олимпиадасы өтті. Осы олимпиадаға Букатов Е.Б жетекшілігімен университетіміздің «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының 3 курс студенттері Бекетова А.С , Қасымхан Н.А құралған «Әділет» командасы қатысты. Қазақстанның ЖОО құралған 21 топ қатысқан олимпиадада «Әділет» командасы ұсынған «Stopzhemkor» жемқорлықпен күресу жүйесі» инновациялық жобасы жүлделі ІІІ орынды иеленді.
29 наурыз 2018 ж Достық үйінде «Жеке тұлғаны қалыптастыру этномәдени бірлестікттер жас көшбасшы жаңғырту арқылы қоғамдық сана» обылыстық ғылыми-практикалық конференция өтті. конференция ұйымдастырушылары Қарағанды обылысы Қазақстан халқы Ассамблеясы, КММ «Қоғамдық келісімі » және Қарағанды обылысының әкім аппараты. Конференцияда мемлекеттік құрылымдардың өкілдері,жоғары оқу орындары мен колледждер және Қарағанды обылысының этномәдени бірлестігі қатысты. Пренарлық отырыста ҚҚЭУ «Әлеуметтік жұмыс және Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедра меңгерушісі п.ғ.к.,доцент Абдакимова М.К. баяндама жасады. Абдакимова М.К. өз баяндамасында дамудың өзектілігі қайырымдылық және волонтерлік қызметтің жастар арасында бағдарламасын іске асыру жөніндегі «Рухани жаңғыру» және ҚР-ның президенті Н.Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамалары талқыланды. Сондай-ақ секцияның №3 модераторы ретінде Абдакимова М.К. қатысты «құндылық бағдарлары этномәдениет бірлестігі» конференция жұмысының қортындысы құрастырылды және резалюция қабылданды. «Әлеуметтік жұмыс» және «Құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша студенттері обылыстық ғылыми-практикалык конференцияның секция жұмысына қатысты.
30 наурыз 2018 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінде «Сананы жаңғырту–болашаққа қадам» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Конференцияның ұйымдастырушылары бизнес және құқық факультеті мен «Қазақстан заңгерлер одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облыстық филиалы.Конференцияның идеологиялық негізі Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы модернизациялау» атты мақаласы болды.
Конференцияның халықаралық деңгейінде Қазақстан мен көршілес елдердің студенттерінің кең аудиториясына қол жеткізілді.
Конференцияға өздерінің зерттеу жұмыстарының нәтижесін 35 мектеп оқушылары, 40 колледж оқушылары, 144 студент ҚММУ, ҚҚЭУ, ҚарМУ, ҚарМТУ, ҚР ІІМ Қостанай академиясы ұсынды. Шетелдік жоғары оқу орындарынан БашМУ Стерлитамак филиалы, Сібір мемлекеттік университеті, Оңтүстік-Орал мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық университеті, Ресей-Тәжікәлеуметтік университеті, Сібірхалықаралық қатынастар және шетелдік дінтану институты, РФ ІІМ университеті, ММУ филиалы (Астана қ.) студенттері қатысты.Конференция қатысушыларын әлеуметтік мәселелер бойынша проректор, т.ғ.д., профессор Абилов Қ.Ж. және «Қазақстан заңгерлер одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облыстық филиалы жетекшісі Жусупов А.Н. құттықтады. Модераторлардың жетекшілік етуімен қоғамның рухани жаңғыруы, қоғамдық сананың жаңғыртылуы, ұлттық идея Мәңгілік ел – тарихи және мәдени мұраның қайта жаңғыртылуы; Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі; Қазақстанның мәдени-географиялық белдеуі және туризмнің дамуы;діни экстемизмге қарсы әрекет көрсетуде құқықтық шаралар мен халықаралық ынтымақтастықты жетілдіру, ұлтаралық келісім мәселелері қарастырылды. Конференцияның барлық қатысушылары сертификат алады.