• Blog news

Кәсіпкерлік негіздері бойынша дәріс

Кәсіпкерлік негіздері бойынша дәрісҚазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінде жобаларды дамыту негіздері бойынша студенттер мен магистранттарға арналған семинарлар мен дәрістер өткізіледі. Біздің университет стартап-жобаларды іздеу, жинау және дамытуға бағытталған.
Стартап жобаларды жүзеге асыру барысында ҚММ «Қарағанды облысы жастар ресурстық орталығы «Қарағанды облысы Жастар саясаты мәселелері бойынша басқармасы» директоры Құрмансеит Ақжол Ахатұлы «Ғылыми әдістердің иделардан стартап-жобалардың жүзеге асырылуына дейін қолданылулары» тақырыбына дәріс өткізді. Қандай да бір жоба сияқты стартап жобалар да идеялардан басталады. Өз дәрісінде Құрмансеит Ақжол Ахатұлы тұтынушы мен инвесторларды қызықтыратын идеяларды жүзеге асырып, өнімді қалай құруға болатынын атап өтті.
Университет тарапынан дәрісте оқытушылар, қызметкерлер, студенттер мен магистранттар қатысты. Дірс барысында қатысушылар стартап-жобалар шарттарымен танысты, сонымен қатар Қазақстанда стартап-жобаларды қолдаушы бағдарламалармен таныстырды.
Сонымен қатар студенттер стартап-дәрістерге әзірлеу олимпиадаларға және конкурстарға Қазақстанның инновациялық жобаларды жыл сайын қатысады.

Жастар кәсіпкерлік форумы және «Стратегия және Enactus командасын жоспарлау»

Жастар кәсіпкерлік форумы және «Стратегия және Enactus командасын жоспарлау»Enactus ҚҚЭУ командасы 2018 жылдың 23-24 ақпандаАстана қаласында өткен Жастаркәсіпкерлікфорумына және «Стратегия және Enactus командасынжоспарлау» аттыреспубликалықтренингкеқатысты. Қызықты тренингтер тыңдап, табысты кәсіпкерлермен және бизнесмендермен кездестік. Форумға Қазақстанның 28 жоғарғы оқу орны қатысты. Enactus ҚҚЭУ командасы кәсіпкерлік және топтық қалыптастыру саласында тәжірибе алып, сонымен қатар басқа командалардан көптеген эмоциялар мен энергия алды. Спикерлермен қызықты әңгімелесулер мен талқылаулар болды, және командалардың табысты жетілулері үшін кеңестер мен нұсқаулықтар берілді. ҚҚЭУ ректорына Форумға қатысуға мүмкіндік бергені үшін алғыс білдіреміз.

«ТІЛ БІЛГІРЛЕРІ» зияткерлік ойыны

«ТІЛ  БІЛГІРЛЕРІ» зияткерлік ойыныҚазтұтынуодағы Қарағанды Экономикалық Университетінің «Орыс және шет тілдері» мен «Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар» кафедралары бірігіп, кәсіптік бағдар беру жұмысының шеңберінде Қарағанды қ. жалпы білім беретін оқу орындарының 11 сынып оқушылары арасында «ТІЛ БІЛГІРЛЕРІ» зияткерлік ойынын өткізді. Зияткерлік ойын Университетті таныстырумен басталды. Ойын барысы үш кезеңнен тұрды.
I- ші кезең таныстыру (қазақ, орыс,ағыншын тілдерінде )
II- ші кезең сұрақ-жауап (Қазақстан тарихы,әлем тарихы,география,әдебиет пәндері бойынша)
III - ші кезең ертегілер көрінісі (қазақ, орыс,ағыншын тілдерінде). Әсіресе, ағылшын тілінде көбірек сөйледі.
Зияткерлік ойын көпшіліктің көңілінен шығып, өте қызықты өтті. Оқушылар да үлкен әсермен қайтты. Нәтижесінде қатысушылар мақтау қағаздарымен,грамоталармен марапатталды.

ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ТАҚЫРЫБЫ – ДІН МӘСЕЛЕСІ

ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ТАҚЫРЫБЫ – ДІН МӘСЕЛЕСІАғымдағы жылдың 23 ақпанында Қарағанды экономикалық университетінің Әлеуметтік жұмыстар және Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы «Дін қатынастары саласындағы радикалды және экстремистік көріністерге жастар арасында нөлдік төзімділікке қол жеткізу жөніндегі профилактикалық жұмыстардың теориясы мен әдістемесі» тақырыбында, жоғары оқу орындары арасында дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Дөңгелек үстел жұмысына Қарағанды облысының барлық жоғары оқу орындарының өкілдері, өңірдің жетекші дінтанушылары, мемлекеттік органдардың өкілдері, Қарағанды экономикалық университетінің студенттері мен оқытушылары, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстелдің қатысушылары «Болашақ» академиясының профессоры, белгілі дінтанушы Я.Ф.Трофимовтың, Қарағанды облысының әкімі аппаратының қоғамдық-көпшілік іс-шараларды ұйымдастыру және Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылымдарымен жұмыс бөлімінің басшысы А.Ж.Тасмагамбетованың, «Виктория» деструктивті діни ағымдардан зардап шегушілерге көмек оңалту орталығының маманы, дінтанушы Қ.Д.Жаңабаевтың және т.б. баяндамаларын аса ықыласпен тыңдап, зор ілтипат білдірді.
Тақырыптың мән-маңызын ескере отырып, оған қатысушылар өзара екі жақты пайдалы, кең тынысты пікірталас өрбітті. Оның қорытындысы бойынша Дөңгелек үстелдің резолюциясы қабылданды.

Бизнесті дамыту бойынша оқыту семинарлары

Бизнесті дамыту бойынша оқыту семинарларыҚарағанды экономикалық университетінде тұрақты түрде студенттер үшін бизнесті дамыту негіздері бойынша семинарлар өткізіледі.
Осылайша 2018 жылдың ақпан айында «Экономика және кәсіпкерлік» кафедрасының оқытушысы Phd доктор Байбосынов С.Б. күндізгі бөлім студенттеріне арнап «Жобаны қаржылық қамтамасыздау:- инвестициялық жоспар; - қаржы жоспары» атты оқытушылық семинар жүргізді.
Сонымен қатар, университет қабырғасында «Даму» қорының жобалары шегінде АҚ ««Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының ұаржы кеңесшісі Газиз Айзада Саяткызының қатысуымен «Бизнесті мемлекеттік қолдау: қолдаудың формалары мен әдістері-бизнеске септік тигізудің өзекті бағдарламалары» атты оқыту семинары өтті.
Студенттер нақты мысал түрінде кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың формалары мен әдістерімен, Қазақстанда бизнес ашудың шарттарымен, кәсіпкерлерді қорғау Ұлттық палатасымен және мемленкеттік органдардың бизнесті қолдау бағдарламаларыен танысты.

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL