Сент Иштван университеті (Венгрия) профессоры, докторы Ласло Вас 2017 жылдың 29 маусым мен 1 шілде аралығында Қарағанды экономикалық университетінде «АӨК әлеуметтік инфрақұрылым: теориясы, практикасы және келешегі» атты дәріс оқиды. Сент Иштван университеті - Венгрияның ең танымал жоғары оқу орындарының бірі және жалпы саны 15 000 астам студенттер оқитын 8 факультеттен тұрады. 8 факультетте білім беру бағдарламаларында бакалавр, магистрлік және докторлық дәреже жоғары деңгейде жаратылыстану ғылымдары, бизнеске машина жасау және ветеринария, экономика, әлеуметтік ғылымдар, денсаулық ғылымдар және педагогика салалары бойынша оқытылады. Сент Иштван университеті барлық интернационалдандыру бағыттарын қолдайды және халықаралық іс-шаралар жүргізілуіне белсенді ықпал етеді, олардың бірі Қарағанды экономикалық университеті.
2017 жылы 26- 27 маусым аралығында Астана-Экспо конгресс-орталығында «Туризм және болашақ энергиясы: СО2 қалдықтарын қысқарту» халықаралық конференциясы өтті. Аталмыш конференцияға Туризм және мейрамхана ісі кафедрасының оқытушылары А.К. Жуспекова, С.У. Жетписов, З.А. Абдурахманова қатысты. Конференцияға 150 мемлекеттің өкілдері және 22 халықаралық ұйым, 46 елден волонтерлар қатысты. Конференция бағдарламасы үш сессияға бөлінді: Сессия 1: «Тұрақты көлік және туризм туризмдегі мобильділік», Сессия 2: «Қонақүй ісіндегі және тұрмыстық саладағы энергия болашағы», Сессия 3: «Тұрақты туризм дамуы үшін төменгі көміртекті моделі». Сонымен қатар іс-шараға, оның ұйымдастырушысы болып табылған ДТҰ бас хатшысы Талеби Рифаи қатысты. Және де конференцияның ұйымдасуына үлес қосып, қолдау көрсеткен ҚР премьер-министрлігі, ҚР мәдениет және спорт министрлігі, Астана қаласының әкімшілігі, Экспо-2017 АҚ ұлттық компаниясы, және MEGA Center Managment», Самрук-Казына компаниялары. Конференция барысында тұрақты туризм дамуы туралы сұрақтар қарастырылып, туризмнің басқа да бағыттарына тоқталды – бұл инновациялық тәсілдерді енгізуді талап ететін әлеуметтік, экологиялық, экономикалық, авиациялық, медициналық, ғарыштық туризм және т.б.
«Туризм» мамандығының 1 курс студенттері 05.06.2017 ж. - 10.06.2017 ж. аралағында Қарқаралы Мемлекеттік Ұлттық табиғи аумағында орналасқан «Кооператор» ССЛ-нде оқу-жаттығу тәжірибесін өтті. Тәжіриби нәтижесінде студенттер туристік жорықты ұйымдастыру әдістері мен өткізу дағдыларын меңгерді. Университтен тәжірибе жетекшісі ретінде Королев В.В. және Маймурунова А.А. барды. Тәжірибе нәтижесінде студенттер туристік жорықты ұйымдастыру және дайындық жүргізу ерекшеліктерімен, өткізу әдістерімен танысты.Және жетекшілермен бірге туристік аумақ бойынша экскурсияларға қатысты. Студенттер университет ректоры Е.Б., Аймагамбетовке және ҚБФ деканы Ф.С. Момышеваға және туризм және мейрамхана ісі кафедра меңгерушісі Б.Т. Матаеваға аталмыш тәжірибені өтуге көмек көрсеткендеріне алғыстарын білдіреді.
Саяхат жасау арқылы арқылы адам жан-жақты байи түседі. Ал жаңа білім алу мақсатындағы саяхаттау екі есе сәттілікке бағытталады. ҚҚЭУ-ң «Туризм» мамандығының студенттері 25.06.2017 жылы Будапеште (Венгрия) өткен халықаралық тәжірибеден оралды. Тәжірибе Я. Кодолани атындағы қолданбалы ғылымдар университеті базасында ұйымдастырылды. Бағдарлама барысында Венгриядағы дамыған жеке туризм түрлерінің ұйымдастырылуы ерекшеліктерімен және турөнімдердің құрастыру әдістері зерттелінді. Тур-31к тобының студенті Шәкенова Айшаның айтуы бойынша «Біз көптеген ұмытылмас әсер алдық, мұнда көргендеріміз келешектегі тәжірибелік жұмыстарымызда қолдануға, яғни шетелдік туристер үшін туристік машруттарды ұйымдастырудың жаңа әдіс-құралдарын енгізуімізге мүмкіндік береді. Осындай тәжірибе өтуге мүмкіндік жасаған университетке және әсіресе ректорЕ.Б.Аймагамбетовке өз алғыстарымызды білдіреміз».
«Әлеуметтік жұмыс» мамандығының СР-23 с/к тобы студенттері 06.02.2017-30.06.2017 ж. аралығында Белгород қаласы, «НИУ» Белгород Мемлекеттік Университетінде академиялық мобилділік бойынша оқудан өтті. Академиялық мобилділік уақытында БелМУ «НИУ» жетекшілігімен 2-ші халықаралық ШҰ елдері жастарының форумы өткізілді. Студенттердің айтуынша, оқу үрдісінде студенттердің логикалық ойлауы мен талдау жасауына, өзіндік қорытынды шығаруға үйрететін қазіргі заманғы оқу әдістері қолданылды. Сонымен қоса, БелМУ-дегі оқу студенттер өмірін мәдени-спорттық шаралармен толықтырды. Біздің студенттер ҚҚЭУ ректоры Аймағамбетов Ерқара Балқараевичке және Әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасына академиялық мобилділік бойынша шетелде оқуға мүмкіндік бергені үшін алғысын білдіреді! Басқа жаңа тәжірибе іздеуші студент қауымына академиялық мобилділік қатысушысы болуға шақырады.