• Blog news

Краков экономикалық университетінің (Польша) PhD, профессорының қонақтарға арналған дәрістері

Қарағанды экономикалық университеті Еуропа университеттерінің Ұлы Хартиясына қол қойған Қазақстанның жоғары оқу орындарының бірі болып табылады. Біздің университет бірнеше халықаралық ұйымдардың мүшесі болып табылады, атап айтқанда: Халықаралық Университеттер Ассоциациясы, Университеттердің Еуропалық Ассоциациясы, EdNet білім беру мекемелерінің Ассоциациясы, ТМД елдерінің кооперативтік жоғары оқу орындарының кеңесі және басқалары.
ҚЭУ халықаралық ұйымдар мен олардың Қазақстандағы өкілдіктерімен белсенді ынтымақтасады. Атап айтқанда, Erasmus + Еуропалық Одақ бағдарламасы, Герман академиялық алмасу қызметі (DAAD), Ұлыбритания Кеңесінің Ньютон Әл-Фараби атындағы Серіктестік бағдарламасы. Жыл сайын біздің университеттің халықаралық ынтымақтастық географиясы кеңейтілуде, бұл сондай-ақ, академиялық ұтқырлық бағытына, бірлескен ғылыми-зерттеу қызметіне, халықаралық бағдарламаларға қатысу бағытына қатысты.
Халықаралық ынтымақтастық шеңберінде шетелдік профессорлар магистранттар мен докторанттарға дәріс оқиды. 5-і мен 17-ші маусым аралығында Краков экономикалық университетінің ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры, э.ғ.д., профессор Януш Тэчке ҚЭУ шеңберінде дәріс оқиды. Ғалым Болон процесі контекстінде және біздің университетпен халықаралық ынтымақтастықты дамытуда ғылым мен білімнің дамуына зор үлесі бар.
Профессор Януш Тэчкенің біздің университетте бірінші сапары емес екенін атап өткен жөн. 2013 жылы Қарағанды экономикалық университетінің құрметті профессоры атанды. Краков ғалымы – қазіргі заманның түрлі жаһандық экономикалық форумдардың міндетті қатысушысы. Профессор бүкіл әлем студенттерімен өз білімімен бөліседі, ол Еуропа мен Американың жетекші жоғары оқу орындарында дәріс оқыды. ҚЭУ студенттеріне, магистранттар мен оқытушыларға профессор «Қазіргі қоғамдағы менеджмент» пәні бойынша дәріс дайындады. Оның дәрістері тыңдаушылар арасында өте танымал болып табылады және оның ақжарқындығы мен тіл тапқыштығы біздің магистранттар мен докторанттар ішінде өз қабілеттілігін ашуға және тақырыпты терең оқуға мүмкіндік береді.

Лондон профессорының онлайн-дәрісі

Лондон профессорының онлайн-дәрісі2017 жылдың маусым айында Көптілді білім беру орталығымен ҚҚЭУ көптілді оқытушыларына арналған E-learning электрондық оқыту жүйесі бойынша «Critical Thinking in the classroom (Teaching subjects in English for non-native speakers)» атты онлайн-дәріс ұйымдастырылды. Онлайн-дәрісті көптілді білім беруді дамыту мақсатымен Брунель Университетімен халықаралық серіктестік аясында халықаралық бизнесті дамыту бағдарламасының директоры, Брунель Университетінің стратегиялық және операциялық менеджмент, сыни ойлау және МВА жөніндегі аға лекторы (Лондон, Ұлыбритания), PhD Абрахам Алтонаян жүргізді. Онлайн-дәріс барысында оқытушылар сыни ойлауды дамытуға арналған практикалық тапсырмаларды белсенді орындады және ағылшын тілінде пәндерді оқытуда сыни ойлауды қолдану тәжірибелерімен алмасты.

Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті ғалымдары мен Венгрияның және Чехияның шетелдік профессорларының кездесуі

Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті ғалымдары мен Венгрияның және Чехияның шетелдік профессорларының кездесуі2017 жылғы 27 маусымда Қарағанды экономикалық университетінде ғылыми жұмыс, стратегиялық және инновациялық даму жөніндегі проректор, э.ғ.д., профессор М.Р. Сихимбаев, экономикалық-құқықтық зерттеулер ҒЗИ ғалымдары, з.ғ.д., профессор Т.А. Ханов, э.ғ.д., профессор Қ.С. Айнабек, э.ғ.д., профессор Д.Р. Сихимбаева мен шетелдік профессорлар, Халықаралық байланыстар және сауда институтынан доктор Ласло Вас (Будапешт, Венгрия) пен Экономика Университетінен PhD Мартин Пелух (Прага, Чехия) кездесулері болды.
Кездесудің негізгі векторы ғалымдар мен оқытушылардың оқыту (сабақ беру) шеберлігін арттыру және ғылыми деңгейлерін өсіру мақсатында, Қарағанды экономикалық университеті мен шетелдік ЖОО-лар арасындағы қатынастарды дамыту және нығайту үшін тәжірибе алмасуға, ғылыми-педагогикалық ынтымақтастықты дамытуға бағытталды.
Кездесуде оқытушылардың сабақ беру шеберліктерін, қызметкерлер үшін біліктілікті арттыру мүмкіндіктерін жетілдіруді тереңдету және студенттердің, магистранттардың, докторанттардың сондай-ақ жас ғалымдардың шығармашылық бастамаларын дамыту үшін халықаралық ғылыми жобалардың нәтижелерін коммерцияландыру перспективаларын, сондай-ақ ЖОО-ішілік ғылымның қажеттіліктерін қанағаттандыратын, бірлескен ғылыми-зерттеу қызметі мақсатында, ЖОО-лар арасындағы қатынастарды одан әрі дамыту және нығайту мәселелері қаралды.
Шетелдік профессорлар өздерінің ғылыми жоспарларымен және қызығушылықтарымен бөлісті, ЖОО-лар арасындағы одан әрі қарайғы шығармашылық ынтымақтастыққа белсенді қызығушылықтарын білдірді.
Кездесу барысында ЖОО-лар арасындағы шығармашылық ынтымақтастық пен бірлескен ғылыми жобалар туралы шарттарды алдағы уақытта жүзеге асыру үшін стратегиялық бағыттар белгіленді.

Гуманитарлы-экономикалық ЖОО-ң арасындағы 1 орын!!!

Молодежь. Наука. ИнновацииҚарағанды экономикалық университеті Білім беру сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз қазақстандық агенттігі (НКАОКО) өткізген, Қазақстанның ұздік жоғары оқу орындары – 2017 ұлттық рейтингісінде, гуманитарлы-экономикалық жоғары оқу орындарының арасында бірінші орынды иеленді.


ЭРАСМУС + (CACTLE) ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖОБАСЫ ШЕҢБЕРІНДЕ ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ БАЗАСЫНДА ОҚЫТУ, ҮЙРЕТУ ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ОРТАЛЫҒЫН ҚҰРУ

ЭРАСМУС + (CACTLE) ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖОБАСЫ ШЕҢБЕРІНДЕ ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ БАЗАСЫНДА ОҚЫТУ, ҮЙРЕТУ ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ОРТАЛЫҒЫН ҚҰРУ2017 жылдың 23 маусымында Қарағанды экономикалық университетінде ғылыми жұмыс, стратегиялық және инновациялық даму жөніндегі проректор, э.ғ.д., профессор М.Р. Сихимбаев пен Грантхолдер университетінен (Вена экономика және бизнес университеті, Австрия) Эрасмус + (CACTLE) жобасының үйлестірушісі, д-р Герхард Гейсслердің кездесуі болды.
Жоба ЖОО-лар оқытушыларының оқыту шеберлігін жетілдіру, ЖОО-лар мен кәсіпорындар қызметкерлері үшін біліктілікті арттыру мүмкіндіктерін жасау, кәсіпкерлік пен бизнесті дамыту саласында студенттерді оқыту мақсатында, әлеуметтік-экономикалық субъектілер ретінде, орталық азия ЖОО-лары мен кәсіпорындары арасындағы қатынастарды дамыту және нығайту үшін «Оқыту, үйрету және кәсіпкерлік Орталық Азия орталығын - CACTLE» құруға бағытталған.
Еңбек нарығының қажеттіліктері мен елдің индустриялы-инновациялық даму міндеттерін қанағаттандыратын, жоғары білім сапасының жоғары деңгейіне жету, білім беру саласындағы үздік әлемдік тәжірибелерге сәйкес келу, олардың біліктілігін жетілдіру арқылы ЖОО-лар оқытушыларының біліктілік портфолиосын байыту, жобаның өзектілігі болып табылады.
Кездесу барысында атқарылған жұмыстың нәтижелері талқыланды, сондай-ақ ҚҚЭУ-де Эрасмус + (CACTLE) халықаралық жобасын одан әрі жүзеге асыру үшін стратегиялық бағыттар белгіленді.

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL