• Blog news

Гонконг – сіздің Азия-тынық мұхиты аймағындағы корпоративті платформаңыз» семинары

Гонконг – сіздің Азия-тынық мұхиты аймағындағы корпоративті платформаңыз» семинары2017 жылы 29 наурызда ӘЭ мен ХҚ кафедрасының оқытушылары Арыстан М.И., Талимова Г.У., Шукушева Е.В., «Әлемдік экономика» мен «Халықаралық қатынастар» мамандықтарының студенттерімен бірге Қарағанды облысының кәсіпкерлер Палатасы және Гонконгтың ресми сыртқы сауда органы – Сауданы дамыту бойынша Кеңесімен бірлескен «Гонконг – сіздің Азия-тынық мұхиты аймағындағы корпоративті платформаңыз» атты семинарына қатысты.
Семинарда бүгінгі Қытай экономикасының даму ерекшеліктері, ҚХР өнеркәсіп өндірісі мен тұтыну нарығы, Отандық кәсіпорындардың қытайлық компаниялармен бірлескен бизнес жүргізу ерекшеліктері, Гонконгтағы салық жүйесінің артықшылықтары қаралды.

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

7 сәуір 2017 ж. сағат 10.00 Қазақтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің экономика және менеджмент кафедрасы мектеп, гимназия және лицейлердің 9-11 сынып оқушылары және колледж студенттері арасында «Экономика» пәні бойынша Облыстык олимпиада өткізеді.
Ұйымдастырушы комитет қызығушылық танытқан оқу орындарының директорларына 5 сәуір 2017 жылға дейін олимпиадаға қатысушы-оқушылардың тізімін жолдауды өтінеді.
Экономика бойынша олимпиаданы өткізу тәртібі мен қатысу парағын www.keu.kz сайтынан жазып алуға болады.

Анықтама телефоны: 44-16-34, 44-16-24 (ішкі. 185), моб.87024669986
Е-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Жауапты: Зулхарнай Азиз Нурланулы

«Оказание социальной помощи силами неправительственных организаций» тақырыбындағы платиналы дәріс

 «Оказание социальной помощи силами неправительственных организаций» тақырыбындағы платиналы дәріс15.03.2017 ж. оқу-телевидение орталығында «Кредо» ҚҚ-ның директоры, м.ғ.д., профессор Козаченко Н.В. қатысуымен «Оказание социальной помощи силами неправительственных организаций» тақырыбында платиналы дәріс оқылды. Аталған дәріс әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы мамандықтарының ПОҚ және студенттеріне оқылды.

«Ел экономикасын дамытудағы сыртқы сауда факторының рөлі» атты мектеп және колледж бітіруші түлектерінің ғылыми жұмыстарының аймақтық конкурсы

«Ел экономикасын дамытудағы сыртқы сауда факторының рөлі» атты мектеп және колледж бітіруші түлектерінің ғылыми жұмыстарының аймақтық конкурсыӘлемдік экономика және халықаралық қатынастар кафедрасы «Қазақстан Республикасының қазіргі кездегі сыртқы сауда саясаты» кафедралық тақырыбы шеңберінде «Ел экономикасын дамытудағы сыртқы сауда факторының рөлі» атты мектеп және колледж бітіруші түлектерінің ғылыми жұмыстарының аймақтық конкурсын өткізді.
Аталған конкурстың мақсаты – мектеп пен колледж түлектерінің шығармашылық қабілеттерін дамытып, ғылыми жұмыстарын белсенді жүргізуге үйретіп, орта және ортакәсіптік оқу орындары мен Қарағанды экономикалық университеті арасындағы өзара қатынастарды дамыту.

Интерактивті дәріс «Діни экстремизмнің алдын алудың инновациялық әдістері»

Интерактивті дәріс «Діни экстремизмнің алдын алудың инновациялық әдістері»

15.03.17 ж. «Экология және бағалау» кафедрасы Мемлекет басшысының жолдауы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы - жахандық бәсекеге қабілеттілік» арналған «Экология» және «бағалау» мамандықтарының студенттері мен қызметкерлеріне өзін-өзі реттеу маманы, психолог Смағұлов Төлеген Мұратұлы «Діни экстремизмнің алдын алудың инновациялық әдістері» тақырыбында интерактивті дәріс өткізді. Қазіргі заманғы ойды қалыптастырып, «нөлдік» төзімділік діни экстремизмнің өзекті мәселелеріне пікірталас өтті.

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL