2017 жылы 4 мамырда аға оқытушылар Байгожина Г.М. мен Шукушева Е.В. МО-31, МО-32 топтарымен бірге «Этносаралық қатынастар мен сепаратизм» пәнінің шеңберінде Қазақстан халықтары Ассамблеясы достығы үйіне барды. Бүгінде біздің облыста 74 этномәдени бірлестіктер қызмет жасап, біртұтас үлкен жанұяға – Қазақстан халықтарының Ассамблеясына бірігіп отыр. Студенттер аталмыш ұйымның қызметімен танысып, облыста тұрып жатқан ұлттардың тарихы және мәдениетімен танысты.
4 мамыр 2017ж. ӘЖ және ӘСП кафедрасының оқытушылары Жеңіс күнінің 72 жылдығына «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Қазақстан» тақырыбына арналған дөңгелек үстел өткізді. Мақсаты: Жас ұрпақты бейбітшілікті сақтауға және нығайтуға, өз Отанын сүюге, Отанымыздың саясатын қолдауға бағытталған. Жеңіс күні - ұлыстың ұлы күні, халықтық мереке, оның тарихи маңызы ерекше.
Жеңіс күнінің қарсаңында «Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар» кафедрасының аға оқытушысы Мусаева Э.А. МО-11к, МО-14с/к топтарына Долинка ауылында орналасқан саяси репрессия құрбандарына арналған мұражайына саяхат ұйымдастырды. Мұражай 1933-1935 жылдары соғылған бұрынғы Карлаг басқармасының мекемесінде орналасқан. Студенттер тарихтың мыңдаған адамдарды жалмаған ең қайғылы парақшаларымен танысып, үлкен әсерде қалды.
Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінде 2017 жылдың 27 сәуірінде «Жаңа ұрпақ. Жаңа энергия. Жаңа дәуір» Халықаралық студенттер слеті шеңберінде ғылым мен бизнес проблемалары бойынша бизнес-сынып және семинар-пікірсайыс ұйымдастырылды. Қарағанды облысының кәсіпкерлер Палатасының маркетологтар тобының кураторы - Ташони Елена Николаевна студенттермен, магистранттармен және оқытушылармен «Бизнесті жоспарлау туралы» пікірсайыс өткізді. Аграрлық саладағы және қоғамдық тамақтандырудағы бизнесті дамыту тақырыптары слетке қатысушылардың көбірек қызығушылығын туғызды. Студенттер мейрамхана бизнесі үшін орын таңдау, бастапқы капиталдың мөлшері сияқты сұрақтар қойды. Кафе мен мейрамханаларға келушілер үшін тартымды болуы мүмкін жеке ерекшеліктерді талқылады. Ғылым мен бизнес проблемалары бойынша пікірталас ДАМУ кәсіпкерлікті дамыту Қоры АҚ бағдарламалары мен мемлекеттік бағдарламалар жөніндегі консультант Гаухар Қойбағарованың және»Сары-Арқа» Технопаркінің жобалау менеджері Ернат Әбеуовтың қатысуымен ары қарай жалғасты. Бұл пікірсайыста қойылған сұрақтардың саны мен қатысу белсенділіктері бойынша магистранттар мен оқытушылар көшбастады. Студенттер де олардан қалысқан жоқ. Негізінен пікірсайысқа қатысушыларды: жобаны қаржыландыруға берілетін өтінімге қойылатын талаптар, бизнесті жаңадан бастаушы өтініш беруші-кәсіпкерлер тіркеуден жиі бастарту ала ма; комиссия қандай салалардың дамуына артықшылық береді; технологиялар трансфері бойынша жобалар неге қабылданбайды деген сұрақтар көбірек қызықтырды. Осы және басқа да көптеген сұрақтар негізгі назардан тыс қалмады. Жоғарыда аттары аталған форум қонақтарының Қарағанды экономикалық университетінде жиі болатынын және олардың кәсіпкерлермен кездесулері ғылым, білім беру мен бизнесті байланыстырушы қызықты әңгімелесулер түрінде өтетінін атап көрсеткен орынды. Кездесулер модераторы экономикалық және құқықтық зерттеулер ҒЗИ аға ғылыми қызметкері т.ғ.к., доцент Ю.И.Осик.
2 мамыр 2017 жылы «Әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік-саяси пәндер» кафедрасы Ұлы Отан соғысы жеңісінің 72-жылдығына орай Қарағанды облысы Қарағанды қаласының қарттар мен мүгедектердің №1 медициналық әлеуметтік мекемесі» КММ-да қайырымдылық мерекелік концертін өткізді. Концерте ҚҚЭУ Бизнес және құқық факультетінің студенттері қатысты. Соғыс жылдарындағы әндер айтылып, өлең-жырлар оқылды, би биледі. Ардагерлер концерт бағдарламасына белсене қатысып, ән айтты, соғыс жылдарындағы естеліктермен бөлісті.