• Blog news

Орта білім беру оқу орындарының 9-11 сынып арасында өткен графикалық сурет (графикалық компьютерлік жұмыс) байқауының қорытындысы:

Орта білім беру оқу орындарының 9-11 сынып арасында өткен графикалық сурет (графикалық компьютерлік жұмыс) байқауының қорытындысы:

Орта білім беру оқу орындарының 9-11 сынып арасында өткен графикалық сурет (графикалық компьютерлік жұмыс) байқауының қорытындысы:

«ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ ЖӘНЕ ТЕРРОРИЗМ: ҚИЯЛ МА ӘЛДЕ ШЫНДЫҚ ПА?»

«Ақпараттық-есептеуіш жүйелер» кафедрасы «Діни экстремизм және терроризм: қиял ма әлде шындық па?» атты дөңгелек үстел өткізді. Кездесуге «Қарағанды облысының дін істері басқармасы» ММ бөлімінің басшысы Тлекбаев Серик Куатович қатысты.
Терроризм мен экстремизм өз ауқымы, зардаптары, қарқыны, жою күші, рақымсыздығы мен қатыгездігі бойынша қазіргі таңда барлық адамзаттың алапат мәселесіне айналды. Әлемнің әртүрлі елдеріндегі лаңкестік әрекеттермен байланысты соңғы қайғылы оқиғалар осының дәлелі болып табылады.
Тлекбаев С.К. өз сөзінде мемлекет тарапынан халық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде қандай іс-шаралар қолданылатынын, қопарғыш жабдықты табу кезінде және террорлық әрекет қауіпі кезінде қауіпсіздік әрекеттерінің ережелерін айтып кетті. Сонымен қатар, діни экстремизмнің пайда болуы мен таралу себептерін, оның туындау формаларын ашып айтты, Қазақстанда әрекет ететін діни қоғамдық бірлестіктер ерекшеліктерін түсіндірді.
Дөңгелек үстел қатысушылары толеранттық рухында жастарды тәрбиелеудің, кез келген адамға, оның ұлты, дініне қарамастан сыйластық танытудың тиімді механизмдерін іздеу үрдісін жандандыруды қажет екенін атап өтті.

Құттықтаймыз!

Құттықтаймыз!Жыл сайын «Туризм және МІ» кафедрасының студенттері мамандық бойынша республикалық пәндік олимпиадаларға белсенді қатысады. 2017 жылы 19-20 сәуір аралығында Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-де туризм бойынша пәндік олимпиада өтті. Біздің университеттен Тур-42 тобының студенттері Алдангаров Казбек, Калиев Мади, Тур-32 тобының студенті Рахимбеков Аблайхан, Тур-21к тобының студенті Туякова Аяулым кафедра оқытушысы А.А.Гарипованың жетекшілігімен қатысып, жүлделі 3-ші орынға иеленеді. Студенттерімізді құттықтап, келешекте шығармашылық табыс тілейміз!

ЖАСТАР. ҒЫЛЫМ. ЖАҢАШЫЛДЫҚ

ЖАСТАР. ҒЫЛЫМ. ЖАҢАШЫЛДЫҚАҚПАРАТТЫҚ ХАТ

2017 жылғы 26-27 сәуірде Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті «Жаңа дәуір. Жаңа буын. Жаңа энергия» халықаралық студенттер слётін өткізеді.
Слёттің мақсаты: студенттік ғылымды дамыту, дарынды жастарды анықтау және қолдау.
Слёттің міндеттері:
- түрлі елдердің студент жастарының қарым-қатынасын арттыру;
- ЖОО-дарының жаңашылдық ортасын жетілдіру;
- студенттік ғылыми зерттеулер мен жаңашыл жобалардың негізін қалыптьастыру мен кеңейту;
- ғылыми-зерттеу қарекеті, бизнес және мемлекеттік құрылымдардың арасындағы байланыстарды кеңейту және тереңдету.
Студенттердің Халықаралық слётінің бағдарламасына:
1. «Жастардың болашаққа үлесі» жаңашылдық жобалар конкурс-көрмесі;
2. «Заманауи әлем және жастар: көзқарастар мен даму диалектикасы» студенттер мен магистранттардың халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы;
3. Ғылым мен кәсіпкерліктің өзекті мәселелері бойынша пікірталастар;
4. Бизнес-тренингтер және басқа да іс-шаралар кіреді.

IX РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СТУДЕНТТІК ПӘНДІК ОЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

IX РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СТУДЕНТТІК ПӘНДІК ОЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!Ағымдағы жылдың 20-21 сәуір күні аралығында, Талдықорған қаласы І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде «Құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша күндізгі бөлімде оқитын 1-4 курс студенттері арасында IX Республикалық пәндік олимпиада өтті. Олимпиадаға барлығы Республика бойынша 9 команда қатысуға ие болған. Аталмыш олимпиада қорытындысы бойынша, «Әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік-саяси пәндер» кафедрасының доценті, п.ғ.к., Абдакимова М.К. жетекшілігімен қатысқан «ОПЭК-21к» тобының студенттері Исаев Айтуар, Қанатұлы Жанайдар, Ержан Мақпал, Берикбай Асем жүлделі 3 орынға ие болды. Жүлдегер командаға диплом мен сертификаттар, бағалы сыйлықтар берілді.
Барша кафедра ұжымының атынан құттықтай отырып, жүлдегерлерге алдағы байқаулар мен ғылыми ізденістерде мол табыстар тілеймі

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL