2016 жылдың 4 қараша күні «Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар» кафедрасының аға оқытушылары, магистрлер Мусаева Э.А. мен Назаров Е.Ж. «Экономика және басқару» факультетінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Юсуповпен М.Т. бірігіп МО-11к және МО-21к топтарының студенттерімен Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналған «Бізге 25» атты флэшмоб өткізді.
29 қазан күні 2016 ж. ӘЖ және ӘСП кафедрасының филиалы негізінде №27 ЖББОМ-де «Добровольное общество «Милосердие» Қоғамдық қоры мен «Благотворительный инвестиционный фонд «Инновационный образовательный центр» бейкоммерциялық ұйымының ұйымдастыруымен «Энергогенезис в играх. Организация и методика проведения инклюзивных игр» атты практикалық тренинг өтті. Осы шараға СР-21 к, СР-23с/к, СР-31к, СР-32, ОПЭК-21к топтарының студенттері мен ӘЖ және ӘСП кафедрасының оқытушылары қатысты, тренинг біткеннен кейін сертификаттар алынды.
Туризм және мейрамхана ісі кафедрасы, РД-12 тобының студенті Крикунов Артем 2016 жылы қазан айында болған Қазақстан Республикасының Чемпионатына қатысып, конькимен жүгіру жарысында 500 метр дистанция бойынша екінші орынға (күміс медаль) иеленді. Біздің студенттімізді жеңісімен құттықтап, келешекте спорттық жетістіктер тілейміз!
2-ші қарашада 2016 жылы туризм және мейрамхана ісі кафедрасы ҚҚЭУ-не Мейрамхана ісі мектебінің негізін қалаушы, СJ brand Companу компаниясының директоры Оспанов Сейтжанды семинар-тренинг өткізуге шақырды. 105 аудиториясында сағат 10-нда «Мейрамхана ісіндегі менеджмент ерекшеліктері» тақырыбындағы кафедра мамандықтары студентері үшін семинар-тренинг өтті.
28 қараша күні 2016 ж. Қарағанды Экономикалық Университеті Әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен Әлеуметтік жұмыскерлер күніне орай «Жүрекке жылу сыйлаған» атты мерекелік шара өтті. Бұл мереке 2011 жылғы Елбасының жарлығымен бекітілген. Содан бері елімізде қазанның соңғы жексенбісі әлеуметтік сала мамандарының төл мерекесі ретінде тойланып келеді. Бұл шараға Әлеуметтік жұмыс мамандығы бойынша 1-2 курс студенттері қатысқан болатын. Мерекелік шара бағдарламасы 3 номинация бойынша өтті. «Ең үздік құттықтау газеті» номинациясы бойынша СР-21к тобы иеленді. «Ең үздік эссе» номинация бойынша СР-21к тобының студенті Қанатқызы Айжан және СР-13ск тобының студенті Аханова Інкәр алғыс хатпен марапатталды. «Ең үздік видеоролик» бойынша СР-11к тобының студенттері иеленді. Мерекелік шараға шақырылған №86 ЖББОМ оқушылары белсенділік және жоғары деңгейде қызығушылық танытты. Қонаққа келген мектеп оқушылары мен басқа да студенттерге белсене қатысқан үшін алғыс хат табыс етілді.