• Blog news

Логистика бойынша Республикалық пәндік олимпиада.

Логистика бойынша Республикалық пәндік олимпиада.2016 жылдың 26 ақпанында ҚазККА негізінде Қазақстанның жоғары оқу орындарының студенттері арасында көлік мамандықтары тобы бойынша төмендегідей пәндер бойынша Республикалық пәндік олимпиада өткізілді:
1) Көлік қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру;
2) Көлік, көлік техникасы және технологиялары;
3) Логистика (сала бойынша).
4) Көлік құрылысы.
Аталған олимпиадаға Лог-22 тобының студенті Басыров Ш., Лог-32 тобының студенттері: Баланеску Е., Денисенко О., Фомин Д. логистика пәні бойынша қатысып, нәтижесінде Басыров Шамиль 3 орынға ие болып, ІІІ дәрежелі ҚР Білім және ғылым министрінің дипломымен марапатталды.

Университетаралық байқау жүлдегерлерін құттықтаймыз!

Университетаралық байқау жүлдегерлерін құттықтаймыз!Ағымдағы жылдың 26 ақпан күні, сағат 14.00-17.00 аралығында Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде «Әлеуметтік салаға инновциалық қадам» атты Қарағанды қаласының ЖОО (ҚарМУ, ҚарМТУ, Болашақ, ҚҚЭУ) студенттері арасында өткен әлеуметтік жобалар байқауында «Әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік-саяси пәндер» кафедрасының оқытушысы Ертай Хуанбектің жетекшілігімен «ОПЭК-11к» тобының студенттері (Исаев Айтуар, Қанатұлы Жанайдар, Ержан Мақпал) 2 орын және «СР-21к тобының студенттері (Жосалбаева Гүлім, Асқатқызы Назым, Ыбырай Аяулым) 3 орын иегері атанды. Байқауға барлығы 16 команда қатысуға ие болған.
Барша кафедра ұжымының атынан құттықтай отырып, жүлдегерлерге алдағы ғылыми ізденістерде мол табыстар тілейміз!

Қытай Жана Жылы! Chunjie!

Қытай Жана Жылы! Chunjie!Шетел және орыс тілдері кафедрасының аға оқытушысы Бәделхан М.Б. ұйымдастыруымен және «Халықаралық қатынастар», «Әлемдік экономика» мамандықтарының 1-3 курс студентермен қатысуымен 24.02.2016ж. сағат 15.00 «Қытай Жаңа жылы» өткізілді.
Өткізілген іс-шара барасында студенттер қытай тіліндегі өте жақсы білімдері мен шығармашылық дарындарын көрсете білді. Шақырылған қонақтар Жаңа жылды өткізудегі ерекшеліктері мен аспазханамен таныса алды. Сонымен қатар көрермендерге зияткерлік викторина өткізілді.
Xin niabhao!!!

«АҒЫЛШЫН ТІЛІНІҢ БІЛГІРЛЕРІ» атты зияткерлік ойын өтті

«АҒЫЛШЫН ТІЛІНІҢ БІЛГІРЛЕРІ»  атты зияткерлік ойын өтті2016 жылдың 27 ақпанында
Университет базасының негізінде «Шетел және орыс тілдері» мен «Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар» кафедралары, Қарағанды қ. жалпы білім беру орындарының 11 сынып оқушылары мен экономика, бизнес және құқық колледжінің 1 курс студенттері арасында Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің 50 жылдығына арналған
«АҒЫЛШЫН ТІЛІНІҢ БІЛГІРЛЕРІ»
атты зияткерлік ойынын өткізді.
Зияткерлік ойын қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған қатысушылар:
1 орын – Юркина Вера КГУ «Гимназия № 3», Омарова Ажар КГУ «С. Саттаров ат. Мектеп-лицей № 57»
2 орын – Калмагамбетов Данияр «С. Саттаров ат. Мектеп-лицей № 57», Борисова Дарья КГУ «Гимназия № 38»
3 орын – Ким Эдуард КГУ «Гимназия № 38», Хан Валентина КГУ «Гимназия № 3»
Мектеп бағдарламасынан тыс қызықты әрі кең жауап үшін қатысушылар құрмет грамоталарымен марапатталды.

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL