• Blog news

«Мисс ЭБФ-2016»

«Мисс ЭБФ-2016»«Экология және бағалау» кафедрасы Эко-12к тобының студенті Жунусова Арайлымды құттықтайды. Жунусова Арайлым «Мисс ЭБФ-2016» титулын жеңіп алды.

ҚҚЭУ-нің 50 жылдық мерей тойына

ҚҚЭУ-нің 50 жылдық мерей тойына «Банк ісі» кафедрасы ҚҚЭУ-нің 50 жылдық мерей тойына орай бітіруші студенттер мен екінші деңгейлі банктер менеджерлерінің қатысуымен студенттерге және оқытушыларға арналған дәріс ұсынды. Дәріске ЕҚФ және ЭБФ декандары Накипова Г.Е. және Гимранова Г.И., оқу-ісі проректоры Улыбышев Д.Н., «Банк ісі» кафедра оқытушылары Ермекова К.А., Борисова Е.И., Гусманова Ж.А., Сайфуллина Ю.М., Кульбаева Б.М., Исанов А.С., «Қаржы, салық және сақтандыру» кафедрасы меңгерушісінің орынбасары Айтбек С.Қ. және УА-22, Ф-22с топтары студенттері қатысты.

Театрға жол!

Театрға жол!«Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар» кафедрасының оқытушысы Назаров Е.Ж. өзінің МО-11к кураторлық тобы мен академиялық мобильділік бағдарламасы бойынша Ресей мен Тәжікстаннан келген шетел студенттерін басын қосып 5 ақпан күні С. Сейфуллин атындағы қазақ драма театрына барып, «Адасқандар» деп аталатын спектакль көріп қайтты.
«Адасқандар» спектаклі бүгінгі күнде бүкіл әлемнің қаупі мен қасіретіне айналған «терроризм», оның ішінде әсіресе діни сипат алған Таяу Шығыста пайда болған ИШИМ жалған мемлекетіне кетіп жатқан жастар мәселесі туралы. Актерлардың сахнадағы шебер ойыны көрермендерді бей-жай қалдырмады. Сирияға кетіп жатқан әсіресе жастардың қалайша озбырлардың тұзағына түсіп қалатын сәттерін әртістер өте жақсы көрсеткен. Бүгінгі күнде халықаралық деңгейде ең өзекті мәселеге айналған бұл проблеманың пайда болу себептері мен салдарларын білу студенттер үшін маңызы өте зор. Осы тұрғыдан алғанда аталмыш спектакльге студент жастарының баруы тәрбиелік әрі ақпараттық жағынан мәні өлшеусіз.
Шетел студенттері қазақ тіліндегі бұл қойылымды арнайы құлаққа киген жабдық арқылы аудармасын орыс тілінде тамашалап, театрдың ұйымдастыру деңгейіне таңқалып, ризашылықтарын білдірді.
Студенттер сабақ кестесінен тыс уақытта, өзін-өзі рухани тұрғыда байытып, көкірек көкжиегін кеңейтіп, қаладағы түрлі өнер ордаларына барып тұрғаны абзал.

ЭКСПО-2017-ге экскурсия жетекшілерін дайындау үшін секциясының Қарағанды облысы бейнелеу өнері мұражайына экскурсия сабағы

ЭКСПО-2017-ге экскурсия жетекшілерін дайындау үшін  секциясының Қарағанды облысы бейнелеу өнері мұражайына экскурсия сабағы5.02.2016 ж. Туризм және мейрамхана ісі кафедарсының аға оқытушысы М.В. Бедельбаева ЭКСПО-2017-ге экскурсия жетекшілерін дайындау үшін секциясының Қарағанды облысы бейнелеу өнері мұражайына Тур-11к, Тур-21к, Тур-12 топтарымен экскурсия сабағын ұйымдастырды. Олар «Н.О. Рыбецкийдің фотосуреттеріндегі Қарағанды жылнамасы» (ХХ ғ. 50-60 ж.ж.)" атты фотожәрмеңкеде болды.

Студенттер Шет елдердің тарихымен танысуын жалғастыруда

Студенттер Шет елдердің тарихымен танысуын жалғастыруда2016 жылы 2 ақпанда «Әлемдік экономика мен халықаралық қатынастар» кафедрасының аға оқытушысы Сыздыкбеков Ержан Серикович «Шет елдердің жаңа және қазіргі заман тарихы» пәні бойынша, «Ағартушылық. Тарихи процестегі революциялар орны. Революциялар типологиясы» тақырыбында МО-11, МО-12 топтарында ашық сабақ өткізді. Сабақ жоғары әдістемелік деңгейде интерактивті кабинетте өтті. Сабаққа кафедра меңгерушісі мен оқытушылар, сондай-ақ ЭБФ деканы Гимранова Г.И. қатысты.

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL