2016 ж. сәуір айының 6-8 аралығында Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университеті базасында «Қазіргі қоғамның әлеуметтік—мәдени трансформациясы жағдайында тілдік білім беру» халықаралық ғылыми форум өтті. Форумда 8 елден және 26 таяу және қиыр елдердің ЖОО өкілдері шет тілдері бойынша халықаралық студенттік олимпиадаға қатысты. Біздің университеттің атынан МО-32 тобынан Шевченко Оксана, Смағұлова Жанар, УА-41к тобынан Абдакимова Әсел, МО-41 тобынан Оразбекова Әйгерім және МО-42 Майдабекова Мәдина. 3 турдың қарытындысы бойынша УА-41к тобының студенті Абдакимова Әсел ағылшын тілінен 3 орынға ие болды. (Ғылыми жетекшісі: магистр, аға оқытушы Жунусова А.К.). Құттықтай отыра, алда басқа да табыстарды тілейміз !!!
2016 жылдың 8-ші сәуір күні «ӘЖ және ӘСП» кафедрасы Қарағанды облысының дін істері басқармасы мен Қарағанды облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы қолдауымен ҚҚЭУ-нің 50 жылдығына арналған «Қазіргі замандағы дін: этникааралық және конфессияаралық қатынас мәдениетін қалыптастыру, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді. Конференция жұмысына Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының өкілдері қатысты, соның ішінде: Стерлитамак, Астана, Павлодар, Орал, Алматы қалаларының жоғары оқу орындары. Қарағанды аймағы бойынша ҚарМУ, ҚарМТУ, ҚММУ, ОҚА, ҚҚЭУ-нің жас ғалымдары, студенттері, магистранттары қатысты. Модератор т.ғ.д., профессор, ҚҚЭУ-нің Әлеуметтік мәселелер бойынша проректоры Абилов К.Ж. ҚҚЭУ-де өтіп жатқан конференцияның мақсаты мен міндеттерін атап өтіп, конфессияаралық қатынас мәдениетін қалыптастыру мен діни экстремизмнің алдын алу жұмысының қысқаша мәнін ашып берді.
2016 жылдың 30 наурыз және 8 сәуір аралығында ғылыми және педагогикалық бағыттың 6М050800 «Есеп және аудит», 6М070300 «Ақпараттық жүйелер», 6М090800 «Бағалау» мамандықтарының 2 курс магистранттары Санкт – Петербург мемлекеттік экономикалық университетінде (Ресей Федерациясы, Санкт – Петербург қ.) шетелдік ғылыми тағылымдамадан өтті. Ғылыми тағылымдама барысында «Актуальные вопросы учетно – финансового и информационного обеспечения современных предприятий и оценки их бизнеса» атты ғылыми тағылымдама аясында ҚЭУ магистранттарына бухгалтерлік есеп, ақпараттық технологиялар және бизнесті бағалау бойынша өзекті тақырыптар талқыланды. Жеке алғанда статистикалық сараптауда, және болжамдауда қолданылатын компьютерлік әдістердің негізгі аспектілерін, басқару есебіне, заманауи есебіне және сараптауға, сыртқы қаржы бақылау жүйесіндегі аудиттің компания құнына әсер етуі, инвестициялық – инновациялық және қаржылық сараптау, инвестициялық жобаларды бағалау, кәсіпорынның құнын бағалау тәжірибесі және т.б., тақырыптар қарастырылды. Тағылымдаманың ғылыми жағы Санкт – Петербург мемлекеттік экономикалық университетінің кітапханасында өтті және де магистрлік зерттеулер тақырыбына сай келетін шетел және ғылыми әдебиетпен танысты.
7 сәуір 2016ж. АЕЖ кафедрасы ЖШС «Еpam Kazakhstan» бірлесіп «.NET Framework —Microsoft бағдарламалық платформасы» тақырыбы бойынша мастер-класс өткізді. ЕРАМ Systems – халықаралық ірі компаниясы. Ол тұтынушыларына корпоративті АТ-жүйелерін құрастыру мен дамыту бойынша толық қызметтер спектрін ұсынады. Мастер-классқа Айнур Жапарова – қызметке қабылдау маманы, Александр Гунгер – .Net. аға құрастырушысы, Алексей Слепенков – .Net. құрастырушысы, «Ақпараттық –есептеу жүйелері» кафедрасы және «Математика және информатика» ЭБҚК оқытушылары және «Ақпараттық жүйелер» және «Есепетеуіш техника және бағдарламалық қамтамасыздандыру» мамандықтарының 1-4 курс студенттері қатысты.
Бүкіл факультеттердің ең үздік студенттерінен, белсенділерінен іріктелген университет делегациясы 2016 жылдың 28-нен 30-на дейін «ҚР Тұңғыш Президентінің - Ұлт Лидерінің Кітапханасы» ММ базасында өткізілген, «Әлемді өзгертетін идеялар» екі күндік семинарлар-тренингтеріне қатысты. Семинардың мақсаты - Жас ұрпақтың бойындағы Қазақстан тарихы туралы білім шеңберін кеңейтетін және олардың бойында қазақстандық патриотизм құндылықтарын қалыптастыруға оң ықпал ететін, ҚР Тұңғыш Президенті - Ұлт Лидері Н.Ә. Назарбаевтың тұжырымдамалық идеялары мен жаһандық бастамаларын зерделеу. Бағдарлама оқу сабақтары мен мәдени іс-шараларды қамтыды. Ұлт Жоспарын - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бес институционалдық реформаларын жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам шеңберінде семинардың таңдаушыларына: «Қазіргі заманғы мемлекеттік аппаратты қалыптастыру», «Заңның үстемдігін қамтамасыз ету», «Индустрияландыру және экономикалық өсу», «Болашағы бір ұлт», «Ашық есеп беретін мемлекет» тақырыптарында дәрістер оқылды, интерактивті үстелдерде практикалық сабақтар өткізілді. Мәдени іс-шаралар ҚР Ұлттық Мұражайын және ҚР Тұңғыш Президенті Мұражайларын аралап көруді қамтыды.