• Blog news

«Маркетинг және логистика» кафедрасының ғылыми- білім берудегі жетістіктері және оның ҚҚЭУ құру мен дамытудағы рөлі» тақырыбындағы дөңгелек үстел.

«Маркетинг және логистика» кафедрасының ғылыми- білім берудегі жетістіктері және оның ҚҚЭУ құру мен дамытудағы рөлі» тақырыбындағы дөңгелек үстел.2016 жылдың 24 ақпанында «Маркетинг және логистика» кафедрасы ҚҚЭУ 50 жылдығына арналған шара өткізді.
Дөңгелек үстел кафедра оқытушыларының, «Маркетинг» және «Логистика» мамандықтарының студенттерінің, магистранттарының қатысуымен өтті. Сонымен қатар бұл шараға кафедрада 25 жыл бұрын еңбек еткен оқытушы, э.ғ.к., доцент Нартова Раиса Шарафутдиновна және келесі жұмыс берушілер қатысты: «Hegelmann Transporte» ЖШС директоры –Петрухин Сергей Сергеевич, «Аян.М» сүт өнімдері зауыты ЖШС өткізу бөлімінің бастығы– Киселева Татьяна Геннадьевна, «КанцVeka плюс» ЖШС директоры – Криворучко Дмитрий Анатольевич, Қарағанды облысының Аймақтық Кәсіпкерлер Палатасының директорының орынбасары, э.ғ.д., профессор Петренко Елена Степановна
Шарада «Кафедраның тарихы мен жетістіктері», «Маркетинг» мамандығының түлектері туралы бейнеролик тамашаланып, түлектер мен студенттер университетті 50 жылдық мерейтоймен құттықтады.

ҚЭУ Экономика, бизнес және құқық колледжі

ҚЭУ Экономика, бизнес және құқық колледжіҚЭУ Экономика, бизнес және құқық колледжі
«Туризм» және «Тамақтандыру кәсіпорындары өнімдерінің технологиясы және өндірісті ұйымдастыру» мамандықтарының студенттерін колледждегі оқуларын аяқтауы мен мемлекеттік емтихандарын сәтті тапсыруларымен құттықтаймыз

Студенттер – түлектер мемлекеттік емтихан тапсыру барысында профильдік пәндер бойынша терең білімдерін көрсетіп, лайықты бағаларын алды.
Түлектерге болашақтағы кәсіби қызметтерінде сәттілік тілейміз.
Сіздерде Университетімізде кәсіби білімдерін жалғастыруға шақырамыз!
Туризм және мейрамхана ісі кафедрасы

«Ұлы Жібек Жолының жаңғыруы – Еуразия үшін жаңа өрлеу» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті.

«Ұлы Жібек Жолының жаңғыруы – Еуразия үшін жаңа өрлеу» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті.Н.Ә.Назарбаевтың бес институционалдық реформаларын жүзеге асырудың 100 нақты қадамы – Ұлттық жоспарын орындау, ҚҚЭУ дамуының 2011-2020 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарын жүзеге асырудың 2015-2016 оқу жылдарына арналған жедел жоспарын, сондай-ақ, кафедраның профориентациялық және тәрбиелік жұмыстарын орындау шеңберінде 2016 жылдың 20 ақпанында «Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар» кафедрасы университет базасында Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің 50 жылдығына орайластырылған «Ұлы Жібек Жолының жаңғыруы – Еуразия үшін жаңа өрлеу» атты тақырыпта Қарағанды қаласынының мектеп оқушылары, экономика, бизнес және құқық колледжі мен университетіміздің 1-3 курс студенттері арасында дөңгелек үстел өткізілді.

Кайдзен көмегімен бәсекеқабілеттілікті арттыру

Кайдзен көмегімен бәсекеқабілеттілікті арттыру20 ақпан 2016 жылы біліктілікті арттыру мақсатында «Экономика және менеджмент» кафедрасының оқытушылары Ю.Р. Мингазова мен Ж.К. Туткушева «Кайдзен басқарудың жапондық тәжірибесі арқылы сапаны, бәсекеқабілеттілікті қалай арттыруға және өзіндік құнды төмендету болады» атты Japan International Cooperation Agency (JICA) Жапон агенттігінің халықаралық ынтымақтастығымен ұйымдастырылған, бас халықаралық сараптамашы Хаджиме Сузуки мырзамен өткізілген оқыту семинар-тренингіне қатысты.

ХХI ғасыр көшбасшысы

ХХI ғасыр көшбасшысы17.02.2016ж. Экономика және менеджмент кафедрасының оқытушылары Мингазова Ю.Р. және Идрисова А.К. МН-32 топ студенттері Л. Солодун мен М. Елькинамен бірге № 82 орта мектеп оқушыларымен кәсіби бағдар жұмысын жүргізу мақсатында «Менеджмент» мамандығы бойынша «ХХI ғасыр көшбасшысы» атты ойыны ойналды.

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL