• Blog news

«Туризм» және «Мейрамхана ісі және қонақүй бизнесі» мамандықтарының студенттері 12-ші Қазақстандық Халықаралық туристік көрмеге барды

 «Туризм» және «Мейрамхана ісі және қонақүй бизнесі» мамандықтарының студенттері 12-ші Қазақстандық Халықаралық туристік көрмеге барды 25 қыркүйек 2015 жылы туризм және мейрамхана ісі кафедрасының оқытушылары Бедельбаева М.В. және Гарипова А.А. кафедра мамандықтарының студенттерімен бірге Астана қаласындағы көрме орталығында өткен туристік көрмеге барды. Аталмыш көрмеге 25 елдің 65 компаниясының өкілдері қатысты. Сапар барысында студенттер Тұңғыш Президенттің мұражайында болды.

Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығына экскурсия

Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығына экскурсия22-ші қыркүйек 2015 жылы Дүниежүзілік туризм күнін атап өтуге орай туризм және мейрамхана ісі кафедрасы Теміртау қаласында орналасқан Бірінші Президенттің тарихи-мәдени орталығына экскурсия ұйымдастырду. Экскурсияға «Туризм» және «Мейрамхана ісі және қонақүй бизнесі» мамандықтарының бірінші курс студенттері және академиялық мобильділік бағдарламасы бойынша біздің университетте оқып жатқан БелМУ және Көкшетау мемлекеттік университеттінің студенттері қатысты.

Қазақ хандығының 550-жылдығына

Қазақ хандығының 550-жылдығына 21 қыркүйек күні Қазақ хандығының 550-жылдығына орай Әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік саяси пәндер кафедрасы оқытушылары Тутинова Н.Е., Исина С.С. тарапынан мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Мерекелік іс-шараға бірінші курс студенттері қатысты: Ю-11к, СР-11к, ОПЭК-11к, ТД-11к, Лог-11к, МК-11к, УА-11к,Э-11к, ГМУ-11к, Эко-12к. Іс-шара екі кезеңнен өтті: концерттік бөлім және интеллектуалды ойын. Концерттік бөлімінде Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжінен арнайы шақырылған қонақтар мен бірінші курс студенттері өлең айтып, домбырада ойнады.
Интеллектуалды ойынға 5 топқа бөлінген топ студенттері қатысты:
1топ. «Тәуке хан»
2топ. «Әбілхайыр хан»
3топ. «Керей мен Жәнібек»
4 топ. «Абылай хан»
5 топ. «Қазақ хандығы»
Интеллектуалды ойын нәтижесі бойынша «Әбілхайыр хан» тобы жеңімпаз атанды. Қалған топтар мақтау қағаздарымен марапатталды.

Астанаға сапар! БелМУ студенттерінің Қазақстан Республикасы астанасының мәдени- көрікті жерлерімен танысу

Астанаға сапар! БелМУ студенттерінің Қазақстан Республикасы астанасының мәдени- көрікті жерлерімен танысу 17-ші қыркүйек 2015 жылы БелМУ-дің академиялық мобильділік бағдарламасы бойынша оқуға келген «Мейрамхана ісі және қонақүй бизнесі» және «Туризм» мамандықтарының студентері Астана каласына экскурсияға барды. Онда Қазақстан Республикасы астанасының көрікті жерлерімен, қонақжайлылық индустриясы нысандарымен танысты. Студенттерімеен аталмыш экскурсияға барған туризм және мейрамхана ісі кафедрасының доценті Т.Н. Алексеенко.
Студенттерге аса қызығушылық тудыртқан ҚР Ұлттық мұражайы. Экскурсия жетекшісі Қазақстан Республикасының мәдени, саяси дамуы туралы айтып берді. Және де олар мұражайдың тарихи залына, этнография залына, заманауи өнер залына, тәуелсіздік залдарын аралады.

«ЖАОК онлайн-оқыту» ақпараттық – оқытушы семинар

«ЖАОК онлайн-оқыту» ақпараттық – оқытушы семинар 2015ж. 18 қырқұйекте ҚҚЭУ Қашықтықтан оқыту орталығы «ЖАОК онлайн-оқыту» тақырыбында ақпараттық-оқытушы семинарын ұйымдастырып, «Жаппай ашық онлайн-курстары» туралы ақпаратты таратуға бағытталған материалдың тұсаукесерін өткізді. Семинардың мақсаты: университетте ЖАОК туралы ақпарат беру, дүние жүзінің қандай университеттері қазіргі уақытта ақысыз оқытып, осы курстар ЖОО оқу процессіне қалай көмек көрсете алады және т.б.
Жинақталған тәжірибеге шолу жасалып,осы білім беру ресурсының даму болашақтарының мүмкін үрдістері белгіленді. Семинарға университеттің проректорлары мен декандары, кафедралардың меңгерушілері, Қашыктықтан оқыту орталығының мамандары қатысты.
Сөйлегендер: ҚОО директоры – Аманов И.А., ҚОО директорының орынбасары – Дрозд В.Г., «Жоғары математика» кафедрасының меңгерушісі – Емелина Н.К..

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL