• Blog news

«Бүгінгіден қазіргіге дейін»

«Бүгінгіден қазіргіге дейін»Қазақ хандығының 550-жылдығын атап өту шеңберінде 2015 жылдың қыркүйек айының 16 күні кітапхананың ақпараттық-білім беру орталығында «Қазақ хандығынан тәуелсіз Қазақстанға дейін» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелдің жұмысына университет пен ҚЭБҚ колледжінің оқытушылары мен студенттері, кітапхана қызметкерлері, сонымен қоса академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінен арнайы шақырылған «Тұлғатану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, т.ғ.к., доцент Бейсембекова Нұрсахан Ахметқызы және ф.ғ.к., доцент Жұмағұлов Айтпай Ботпайұлы қатысты. Дөңгелек үстелді өткізу барысында Қазақ хандығының пайда болуы, хандықтың құрылуына зор үлесін қосқан тарихи ұлы тұлғалардың үлесі төңірегінде мәселелер қарастырылып, Қазақстанның мәдениет саласында Қазақ хандығының 550-жылдығына орай жүргізіліп жатқан іс-шаралармен таныстырылды. Аталған шараның соңында қонақтақға құрмет көрсетіліп, университет атынан әдеби кітаптар сыйға тартылды.

Туризм және мейрамхана ісі кафедрасының халықаралық ынтымақтастығы туралы презентациясы

Туризм және мейрамхана ісі кафедрасының халықаралық ынтымақтастығы туралы презентациясы15-ші қыркүйек күні 105-ші аудиторияда Дүниежүзілік туризм күніне араналған кафедраның халықаралық ынтымақтастығы туралы прзентациясы өтті. Аталмыш іс-шараға «Туризм» және «Мейрамхана ісі және қонақүй бизнесі» мамандықтарының бірінші курс студенттері және де академиялық мобильдік бағдарламасы бойынша келген Белгород мемлекеттік ұлттық зерттеу университеттінің студенттері қатысты. Оларда өз университтері туралы айтып берді.
Бірінші болып, іс-шараны бастаған кафедра меңгерушісі э.ғ.к., доцент А.К. Жуспекова құттықтау сөз сөйледі.
Және де кафедра мамандықтарының өткен оқу жылында халықаралық тәжірибе, ішкі және сыртқы акдемиялық мобильділік, қысқы және жазғы мектеп бағдараламаларына қатысқан студенттері қатысты. Олар өздерінің өткен тәжірибелері мен тағылымдамалары туралы, алған әсерлерімен бөлісті. Бірінші курс студенттері оларлы қызығушылықпен тыңдап, сұрақтарды белсенді койды.
Аталмыш іс-шара студенттерге университет пен кафедраның шетелдік ЖОО –мен халықаралық ынтымақтастығы туралы білуге мүмкіндік береді.
Талқыланған сұрақтар университеттегі
Талқыланған сұрақтар бірінші курс студенттеріне біздің университеттегі жаңа оқу жылына дайындық береді.

Құрметті 1 курс студенттері және ата-аналар

1september

Құрметті 1 курс студенттері, сіздерді Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетіне қабылдануларыңызбен құттықтаймыз!
2015 жылдың 01 қыркүйегінде Білім күніне
ҚЭУ студенттердің мәдениет сарайына шақырамыз!

1 курс студенттерінің жиыны 01 қыркүйек күні сағат 10.30 университет алдындағы алаңда болады.

Ұйымдастыру комитеті

 

Туристер оқу-жаттығу жорығынан оралды

Туристер оқу-жаттығу  жорығынан оралдыСтуденттер «Туризм» мамандығының 1 курс стууденттері 09.06.2015 ж. - 20.06.2015 ж. аралағында Іле Алатау Мемлекеттік Ұлттық табиғи аумағында орналасқан Самал туристік сауықтандыру қалашығында өтті.
Тәжіриби нәтижесінде студенттер туристік жорықты ұйымдастыру әдістері мен өткізу дағдыларын меңгерді. Университтен тәжірибе жетекшісі г.ғ.к., доцент Жетписов С.У. және «Самал» туристік-экскурсиялық орталық жетекшісі, ҚР туризм бойынша еңбек сіңірген инструкторы, Қарағанды қаласындағы ЖЖС қарамағындағы спорт және туризм бөлімінің меңгерушісі Каримова Р.О.

Студенттер университет ректоры Е.Б., Аймагамбетовке және ҚБФ деканы Ф.С. Момышеваға және туризм және мейрамхана ісі кафедра меңгерушісі А.К. Жуспековаға аталмыш тәжірибені өтуге көмек көрсеткендеріне алғыстарын білдіреді.

«Жазғы мектеп» - біз мұндайды күтпеген едік…

«Жазғы мектеп» - біз мұндайды күтпеген едік…2015 жылдың 8-20 маусымы аралығында С.Торайғыров Павлодар мемлекеттік университетінің «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» мамандығы студенттеріне аға оқытушы, х.ғ.к. Исабекова Г.М. үлкен ықыласпен «Жазғы мектеп» сабақтарын өткізді. Теория мен тәжірибенің сабақтастығы анық байқалды. «Шикізат пен азық-түлік өнімдерінің сапасын бақылау және бағалау» пәні бойынша екі апталық дәрістер шеңберінде студенттер шикізат пен дайын өнімнің сапасы технологиясы және бақылауымен танысу мақсатында «Нәтиже» Қарағанды сүт зауытына, «Қаракөз» Қарағанды ұн тарту фабрикасына экскурсия жасап, сапаның органолептикалық бағалауын жүргізіп, талдаудың физика-химиялық әдістерінен тәжірибе алды. Университетте слайдттар мен бейнежазбалардың қолданысымен өткізілген қызықты лекциялардан басқа, студенттер өздері ұнның, нан, сүт және басқа да өнімдердің әртүрлі әдістерді қолдану арқылы сапасын анықтай алатындай лабороториялық дәрістер де жүргізілді. Студенттер өзіндік тапсырмаларды да орындады: эссе жазды, реферат және таныстырылымдар дай ындады. Студенттер «...біз мұндай жақсы қарсы алуды, қызықты сабақтар мен өндіріске барып тәжірибе алатындай дәрістерді күтпеген едік. Бізге өте ұнады. Мұнда біз көп нәрсені үйрендік, ал ең бастысы, болашақ кәсіби қызметімізге қажет болатын азық-түліктердің сапасын бақылау және бағалауды үйрендік, біз өзіміз, өз қолдарымызбен, өз көзімізбен көріп, жұмыс жасадық, бұл, әрине, біздің есімізде мәңгі-бақи қалмақ. Сіздерге үлкен рахмет» деді.

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL