2015 жылдың 21 қарашада Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің негізінде «Әлемдік экономика мен халықаралық қатынастар» кафедрасы Қарағанды қаласының мектептерінің 11 сынып оқушылары арасында Кешенді Зияткерлік Олимпиада (дүниежүзі тарихы, география, ағылшын тілі) өткізді.
РД-32, Тур-12, Тур-14с, Тур-24с тобының студенттері «Мейрамхана ісі және қонақүй бизнесі» және «Туризм» мамандықтарының БелМУ-нен академиялық мобильділік бағдарламасы бойынша оқуға келген студенттер дайындаған ашық кураторлық сабаққа қатысты. Сонымен қатар, аталмыш іс-шараға ЭБҚ колледждің студенттері де қатысты. БелМУ-дің студенттері Ракитянская Кристина және Ардель Мария өз университеттерінің тарихы, оқу үрдісін ұйымдастыру ерекшеліктері мен студенттік өмір жайлы баяндады. Кристина және Мария презентация дайындап, БелМУ туралы фильм көрсетті. Кураторлық сағатқа кафедра оқытушылары мен ХБЖО-ның директоры Е.В. Горячева шақырылды. Е.В. Горячева БелМУ университетімен студенттік академиялық мобильділік бағдарламасының мүмкіндіктері туралы әңгімеледі.
2015 жылдың 20 қарашасында сағат 10:00-де «Экономика және менеджмент» кафедрасының аға оқытушысы Ибитанова К.К. Э-21 тобында «Экономикалық талдаудың негіздері» пәнінен «Шаруашылық қызметтің кешенді талдауының әдістемесі» тақырыбында ашық сабақ жүргізілді.
2015 жылдың 20 қараша күні Э-22к тобының студенттері Қарағанды облысы әкімінің орынбасарының қатысуымен болған кәсіпкерлер палатасының есептік кездесуіне қатысты.
2015 жылдың 19 қарашасында «Экология және бағалау» кафедрасымен «Жасыл экономика және экологиялық мәдениет аптасы» шеңберінде «Елдің тұрақты даму страгиясы жас зерттеушілердің көзімен» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында «Экономика және менеджмент» кафедрасының оқытушыларының жетекшілерімен «Экономика» және «Менеджмент» мамандықтарының студенттері белсенді қатысты.