• Blog news

«Оқуға алға!»

«Оқуға алға!»2015 жылдың 23 сәуірінде ҚҚЭУ кітапханасында Дүниежүзілік кітап пен авторлық құқығы күніне арналған іс-шара өтті. И. Есенберлиннің «Көшпенділер» жыл кітабы болып таныстырылу кеші. Book Slam – кітапты алға тарту бойынша байқау. Сүйікті кітабыңмен фотосессия. «Кітап оқы! Тұлға бол!» акциясы.

«Қарағанды қ. үздік оффицианты - 2015» кәсіби біліктілік байқауы

«Қарағанды қ. үздік оффицианты - 2015» кәсіби біліктілік байқауы Байқау Қазақстан Республикасы куланрлар Ассоциациясымен ұйымдастырылды. Байқауға ҚҚЭУ экономика, бизнес және құқық колледжінің 3 курс студенті Дрябин Андрей қатысты. Байқауға қатысушылардың жұмыстарын тәуелсіз әділ қазылар алқасы бағалады. Қарағанды қ. кәсіпқой официанттары арасында Дрябин Андрей ҚҚЭУ ЭБҚ колледжі студенті 2 ОРЫНДЫ иеленді.

«Ұлы Отан соғысы шайқас алаңдарындағы батырлар-қазақстандықтар» дөңгелек үстелі

«Ұлы Отан соғысы шайқас алаңдарындағы батырлар-қазақстандықтар» дөңгелек үстелі2015 жылдың 8 сәуірінде 206 аудиторияда ЭҚҚР кафедрасы оқытушыларымен «Ұлы Отан соғысы шайқас алаңдарындағы батырлар-қазақстандықтар» атты тақырыпқа дөңгелек үстелін өткізді. Сөз сөйлегендер: ЭҚҚР кафедрасы аға оқытушысы Копбулов Р.А., Ю-22 тобының студенттері Мереке Рустем, Володина Екатерина, Кинсфатер Артур.

«KITCHEN BATTLE» байқауы

«KITCHEN BATTLE» байқауыҚҚЭУ ЭБҚ колледжі оқытушылары мен CAIRO мейрамханасы аспазшылары арасында өткен тағам дайындау байқауы. Байқау Қарағанды облысы Кәсіпкерлер Палатасымен ұйымдастырылды. Байқауға қатысушылардың жұмыстарын Қарағанды облысы Кәсіпкерлер Палатасынан әділ қазы алқасы бағалады. ҚҚЭУ колледж студенттері көрермендер мен ресми емес әділ қазылар ретінде қатысты.
«KITCHEN BATTLE» байқауы – бұл тәжірибе алмасуға жақсы мүмкіндік.
Байқау нәтижелері бойынша ҚҚЭУ ЭБҚ колледж оқытушылары Қарағанды облысы Кәсіпкерлер Палатасымен иеленген 1 орын үшін мадақтау қағазымен марапатталды.

XIII Аймақтық Олимпиада

XIII Аймақтық Олимпиада2015 жылдың 23-24 сәуірі күні Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті негізінде экономика бойынша XIII Аймақтық Олимпиада өтті. ҚЭУ командасы экономика пәні бойынша Шымкент қ. «Мирас» университетінде өткен XII Аймақтық Олимпиада жеңімпазы ретінде осы Олимпиаданы ұйымдастырушы ретінде өткізуге осы жылы құқық алды.
Өткізілген Олимпиадаға мынадай командалар қатысты:
- «Алаш» командасы;
– Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университеті, Семей қ.;
- «Болашақ» командасы;
– Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті;
- «Дружба Народов» командасы
– Халықтар Достығы Қазақстан инженерлік-педагогикалық университеті, Шымкент қ.;
- «Start-up» командасы
– Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті;
- және ҚҚЭУ командаы «Короче говоря...» (байқаудан тыс).

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL