• Blog news

ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЗАҢГЕРЛІК КЛИНИКАСЫ

Заңгерлік клиника қызметінің мақсаты – халыққа құқықтық көмек көрсету және құқықтық ағарту, «Юриспруденция» мамандығы студенттерінде әлеуметтік қорғалмаған халық топтарына заңгерлік көмек көрсету дағдыларын қалыптастыру.
Заңгерлік клиника жұмыс уақыттары:
Дүйсенбі – жұмы 14:00 – 17:00
Байланыс аялары:
Қарағанды қ., Академическая көш. 9, ҚҚЭУ
203а кабинеті (ЭҚҚР кафедрасына жолығыңыз, 207 каб.)
E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.; Тел.: +7 (721) 2441568 (ішкі 126)
Заңгерлік клиника міндеттері:
1. Халыққа ақысыз құқықтық көмек көрсету;
2. Халықтың құқықтық сауаттылық деңгейін көтеру;
3. Аз қамсыздандырылған халық топтарына екпіндеп Қазақстанда әділ сотқа жүгінуге мүмкіндікті қамтамасыз ету;
4. Әлеуметтік бағдарланған кәсіби заңгерлік дүниеге көзқарасын тәрбиелеу;
5. Заңгерлік кәсіптің студенттердің тәжірибелік машықтарын игеруіне бағытталған оқу процесін қамтамасыз ету.

Көбінесе заңгерлік көмекті қажет тұтатын адамдар көптеген себептерге байланысты кәсіби заңгерлерге жүгіне алмайды. Соған байланысты, біздің есіктер зеңгерлік кеңестерді қажет ететіндерге әрқашан ашық. Біз өз клиенттеріміздің заңгерлік біліктілігін жоғарылату мәселесіне үлкен көңіл бөлеміз. Біз сіздерге өтініштер мен басқа да процессуалдық қағаздарды сауатты толтыруға жәрдем береміз.

Мисс және Мистер ФБП - 2015

Мисс және Мистер ФБП - 20152015 жылдың 22 сәуірінде ҚҚЭУ Студенттер мәдениет сарайында «Мисс және Мистер ФБП» атты байқауы өтті.
Байқау мақсаты: Жастарда эстетикалық қасиеттерді тәрбиелеу. Ең дарынды, бірегей ұлдар мен қыздарды анықтау.
Байқауға Бизнес және құқық факультетінің түрлі мамандық студенттері қатысты. Қатысу мәлімдемелерін өзіне үйлесімді түрде сыртқы келбеті мен ішкі жан дүниелерін қоса алған, оны визитка, зияткерлік байқау, шығармашылық және романтикаға толық дефиледе көрсете алған сегіз қыз бен ұл тастады.
Қатысушылар әділ қазылар алқасы бағалады, олардың ішіне кіргендер: арнайы шақырылған кәсіби журналисттер, суретшілер, хореографтар, жастар ұйымдарының өкілдері.

Қарағанды экономикалық университеті магистранттарының Новосибирск ұлттық ғылыми – зерттеу мемлекеттік университетіндегі ғылыми тағылымдамасы

Қарағанды экономикалық университеті магистранттарының Новосибирск ұлттық ғылыми – зерттеу мемлекеттік университетіндегі ғылыми тағылымдамасы 2015 жылдың 5 сәуірі мен 12 сәуірі аралығында кәсіби білім алудың 6М030100 «Юриспруденция», 6М050600 «Экономика», 6М050800 «Есеп және аудит»» және 6М050900 «Қаржы» мамандықтарының магистранттары Новосибирск ұлттық ғылыми-зерттеу университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті (Ресей Федерациясы). Магистранттар тұрақты даму жағдайындағы қазіргі кездегі бизнесті дамыту бойынша әдістері жайлы мәселеге бағытталған дәрістер қатарын тыңдады.
Тағылымдаманың ең табанды тірек жасалған тәжірибелік жағы коммерциялық банктер, өндірістік кәсіпорындар және Новосибирск Академқаласының Технопаркы негізінде жүргізілді.

2015 жылдың 9 - 10 ақпанында Х «XXI ҒАСЫРДЫҢ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БАСҚАРУ» Халықаралық конференциясы

2015 жылдың 9 - 10 ақпанында Х «XXI ҒАСЫРДЫҢ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БАСҚАРУ» Халықаралық конференциясыЯнка Купала атындағы Гродно мемлекеттік университеті білім беру мекемесінде (Беларусь Республикасы), Гродно қ. өтті. Ақпараттық-техникалық факультет студенті, мамандығы «Бағалау» - Зарипова Регина қатысты. Конференция нәтижесінде Зарипова Регина «Әлемдік экономика және сыртқы экономикалық қызметті басқару» секциясында Үздік доклад Дипломын иеленді. Сонымен қатар, халықаралық конференция нәтижесінде «Бағалау» БББ магистранттары мен студенттерінің ғылыми мақалалары басылып шығады: Беріқ Н, (О-11НП); Дуйсембекова А. (О-11НП); Коппаева А.(О-11НП); Смагулова Д.(О-11НП); Алексеева А (гр.О-31).

Ашық есіктер күні

Ашық есіктер күні2015 жылдың 18 сәуірінде университетте Қарағанды қаласының мектеп және колледж оқушылары үшін «Ашық есіктер күні» өтті. Оқушылар университеттің негізгі экономикалық, заңгерлік және техникалық мамандықтармен танысты. Әрбір кафедра өзінің білім беру бағдарламасын стандартты емес түрде бейнеледі, оған қазіргі кездегі еңбек рыногындағы мамандықтың қажеттілігі жайлы айтқан кафедра профессорлары мен доценттер қатысты. Басты көңілді таңдалған мамандық бойынша еңбекпен қамтылу және одан кейінгі мансаптық өсімге аударды.

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL