ҚҚЭУ-де 28.10.-01.11.2015ж. «Экономиканың жоғары мектебі» Ұлттық зерттеушілік университеті ( ЭЖМ ҰЗУ) ұйымдастырған жылдық Жастардың халықаралық олимпиадасы өтті. Оған Қарағанды қаласының 500 астам оқушылары қатысты. Олимпиада жеңімпаздарына үкімет аралық келісім бойынша ЭЖМ ҰЗУ-не тегін оқуға қабылдану құқығы беріледі.
28.10.2015г.,ауд.368 «Әлемдік қонақжай индустриясы» пәні бойынша практикалық сабаққа РД-41,РД-22,РД-32,Тур-31к,Тур-23с/к,РД-24с топтарымен бірге, туризм және мейрамхана ісі кафедрасының оқытушысы және кафедра доценті Замбинова Гульмира Кайратовна, ЖШС «Космонавт қонақүйі» банкеттік қызметтерді сату бойынша менеджер Вавринюк Галина Васильевнаны шақырды. Сабақ жоғары деңгейде өтті, Галина Васильевна өзінің жұмысы туралы, қонақжай индустриясындағы, қоғамдық тамақтану орындарындағы менеджердің жұмыс жайлы, банкеттік қызметтерді сатылуы жайлы әңгімелеп берді. Және де қызмет көрсетуші персонал жұмысы, оларды оқыту туралы да айтылды. Студенттер қажетті сұрақтарын қойып, менеджерден толыққанды жауап алды, олар осындай тәжірибелі сабақ ұйымдастырған кафедра оқытушыларын алғыстарын білдірді.
26 қазан 2015 жылы Экономика және басқару факультетінің «Мемлекеттік және жергілікті басқару» кафедрасы қазақ және орыс тілдерінде «Экономика негіздерінен» интеллектуалды олимпиада өткізді. Олимпиадаға қаланың № 97, № 33, № 41, № 48, № 52, № 74 орта мектеп оқушылары қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша жеңімпаз оқушылар I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталып, сыйлықтар табыс етілді.
2015 жылғы қазан айының 22-23 күндері аралығында университет кітапханасының ғылыми-білім беру орталығында «Тіл – тұнық ойдың кәусары» республикалық олимпиадасы өткізілді. Аталмыш олимпиаданы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы ұйымдастырды. Олимпиаданың мақсаты: үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген жастарды қолдау, ынталандыру, сонымен қоса, еліміздегі үштілді кеңістікті насихаттау, жастардың көптілді меңгеру үдерісін көпшілікке таныту. Байқауға 16 мен 22 жас аралығындағы жастар қатысты. Олимпиада жеңімпаздарын анықтау үшін тілші ғалымдардан құралған қазылар алқасы анықтады. Қазылар алқасының шешіміне сәйкес үш тіл бойынша тіл білгірлері дипломдар, алғысхаттар және де ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
12-ші қазан 2015 ж. РД-41 тобының студенттерімен мекеме базасында «Әлемдік қонақжай индустриясы» пәні бойынша туризм және мейрамхана ісі кафедрасының доценті Г.К. Замбиновамен сабақ өткізілді.