• Blog news

Мектеп оқушылары арасында өткен Қазақстан тарихы бойынша пәндік олимпиада

Мектеп оқушылары арасында өткен Қазақстан тарихы  бойынша пәндік олимпиада24 қаңтар 2017 жылы ҚҚЭУ ӘЖ және ӘСП кафедрасының оқытушылары Қазақстан тарихы пәні бойынша Қарағанды қаласының жалпы білім беру орта мектептерінің 11-сынып оқытушылары арасында интеллектуалды пәндік олимпиадасы ұйымдастырылып өткізілген.
ҚҚЭУ –нің негізінде өткізілген мектеп аралық пәндік олимпиадада барлығы Қарағанды қаласының ЖББОМ 21 мектебінің 108 оқушылары қатысқан.
Олимпиаданы өткізу мақсаты: Мектеп оқушылары арасында Отанына деген сүйіспеншіліктерін ояту, патриоттық сезімдерін қалыптастыру, Қазақстан тарихы бойынша білімдерін шыңдау.
Олимпиаданың І-ші туры компьютерлік тестілеу, екінші туры “Білгенге маржан” атты тақырыбында интеллектуалды ойын өткізілген. Олимпиаданың барлық сұрақтары мектеп оқушыларының деңгейлріне сәкестендіріліп құрастырылған. Қазақ бөлімінен қатысқан 50 оқушысының екінші пәндік олимпиаданың екінші турына 10 оқушы өтті. Қорытынды бойынша 1-ші және екінші тур баллдарының қорытындылары нәтижесінде 1,2,3-ші орын иегерлері анықталған.

«IT-маманы болудын артықшылықтары» атты үздік презентация байқауының қорытындысы

 «IT-маманы болудын артықшылықтары»  атты үздік презентация байқауының қорытындысы«Ақпараттық-есептеуіш кафедрасы» кәсіби бағыт жұмысы бойынша Қарағанды қаласының орта және орта кәсіби білім беретін оқу орындарының оқушылары арасында «IT-маманы болудын артықшылықтары» атты үздік презентация байқауынөткізді.
Байқаудың қорытындысыбойынша жүлдегерлер келесі орындарға ие болды:

Топар кентіндегі Абай аудандық мобилді тобымен кәсіби-бағдарлық жұмысы

Топар кентіндегі Абай аудандық мобилді тобымен  кәсіби-бағдарлық жұмысы2017 жылы 11 қаңтарда Абай аудандық мобилді тобы құрамында «Қаржы, салық және сақтандыру» кафедрасы аға оқытушысы, магистр Марқатаева Г.М., «ЭҚҚР» кафедрасы аға оқытушысы Амантай А.А. және «Банк ісі» кафедрасы магистрі Исанов А.С. оқытушылары Топар кентінде кәсіби-бағдарлық жұмысы шеңберінде жас түлектермен кездесу ұйымдастырды. Жалпы жиналыс Топар кентінің Абай атындағы орта мектебінің акті залында өтті.
Жас түлектер келесідей қызықты ақпараттар алды: оқу бағдарламалары жайлы, оқыту әдістер, оқу орынның жетістіктері, түрлі студенттік бірлесітктері мен шығармашылық топтары туралы және т.б.
Жиналысқа Абай, Корниенко және Б.Момышұлы атындағы мектеп түлектері қатысты. Кездесу барысында түлектер алдына ҚҚЭУ жайлы бейне-ролигі ұсынылды. Түлектермен анкеталар толтырылды. Қолдарына ҚҚЭУ туралы буклеттер таратылды және оқытушылар өз ой-пікірлерімен бөлісті.
Кездесу оқытушылар үшін және түлектер үшін пайдалы әрі жүйелі өтті. Көптеген сұрақтар қойылды. бейне-роликтер көрсетілді. Аталмыш кездесулер келешекте де ұйымдастырылуы жоспарлануда.

Ректордың алғыс хаты

Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің ректоры э.ғ.д., профессор Е.Б.Аймағамбетов Экономикалық және құқықтық зерттеулер Ғылыми зерттеу институтының ұжымына Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25-жылдығы аясында «25 жұлдызды күн» республикалық акциясы шараларын ұйымдастыру мен өткізуге белсенді қатысқаны үшін алғыс білдірді.
2016 жылғы қараша-желтоқсан айларында өткен республикалық акция аясында ЭҚЗ ҒЗИ ұжымы бірқатар ғылыми семинар мен дөңгелек үстелдерді табысты өткізді және басқа да шараларға белсенді қатысты. Оларға мемлекеттік органдардың, ЖОО, қоғамдық ұйымдардың өкілдері шақырылып, студенттердің, магистранттардың және докторанттардың үлкен тобы қамтылды.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті «Әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік-саяси пәндер» кафедрасы СР-31 к тобын «Ең үздік академиялық топ» номинациясындағы жеңісімен құттықтайды!
Сіздерге шығармашылық табыс, зор денсаулық, отбасылық бақыт тілейміз!

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL