• Blog news

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті «Әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік-саяси пәндер» кафедрасы педагогика және психология магистрі, кафедраның аға оқытушысы Исина Салтанат Серікқалиқызын «Топтың үздік кураторы» номинациясындағы жеңісімен құттықтайды!
Сіздің алдағы ғылыми-педагогикалық қызметіңізде шығармашылық табыс, зор денсаулық, отбасылық бақыт тілейміз!

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті «Әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік-саяси пәндер» кафедрасы педагогика ғылымдарының докторы, профессор Муликова Салтанат Алтаевнаны «ЖЫЛ АДАМЫ» атағын иеленуімен құттықтайды!
Сіздің алдағы ғылыми-педагогикалық қызметіңізде шығармашылық табыс, зор денсаулық, отбасылық бақыт ті

«Жыл ашылуы» және «Үздік студент» номинация иегерлерін құттықтаймыз

«Жыл ашылуы» және «Үздік студент» номинация иегерлерін құттықтаймыз 2016 жылдың қорытындысы бойынша Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің «Үздік студенті» атағына ие болған экономикалық теория және мемлекеттік, жергілікті басқару кафедрасының «ГМУ-32к» топ студенті, жасөспірімдер арасындағы Олимпиада чемпионы Жүсіпов Абылайханды және «Жыл ашылуы» номинациясының иегері Экономика және басқару факультетінің тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары Юсупов Мұхамеджанды кафедра ұжымы атынан құттықтаймыз. Мұхамеджан Тұрсынбайұлына қызметте мол табыс, шығармашылықта биік белестерді бағындыруды, ал Абылайханға білім алу үдерісінде үздік нәтиже, спорттық мансабында биік белестерге қол жеткізуді тілейміз.

«Үздік ғылыми мақала-2016» халықаралық байқауы

«Үздік ғылыми мақала-2016» халықаралық байқауыМәскеу қаласында орналасқан «Олимп» халықаралық білім орталығы ТМД елдерінің ЖОО арасында «Үздік ғылыми мақала-2016» байқауын ұйымдастырды.
Бұл байқауға ҚҚЭУ келесі өкілдері: Экономикалық және құқықтық зерттеулер ҒЗИ директоры, профессор Ханов Т.А., осы ғылыми зерттеу институттың қызметкерлері Баширов А.В., Сыздык Б.К. және Бизнес және құқық факультетінің «Құқықтану» мамандығының студенті Оразметов Н.С. қатысып, «Бөлімшенің ақпараттық қауіпсіздігінің тәуекелін бағалау» мақаласымен көптің ішінен топты жарып шығы отыра, 1 орынға иеленді.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!!!

Нұр-Сұлтан

Нұр-СұлтанКітапхана және ҚҚЭУ оқу теледидар орталығымен 2016 жылдың 14 –інші желтоқсанында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын тойлау аясында «25 жұлдызды күндер» келесі іс-шаралар өткізілді:
1. "Дөңгелек үстел "Астана – табыс стратегиясы" Алпысбаев А –мәслихат депутаты, Теміртау қ., домна пешінің көрікшісі, Нарынов Е., Жексенбай Н..– жас ақындар, студенттер және кітапхана мен оқу теледидар қызметкерлерінің қатысуымен. Дөңгелек үстелдің қатысушылары және қонақтары егемен мемлекеттің қалыптасуы мен дамуының өзекті мәселелерді, қазақстандық мемлекеттілікті құрудағы Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи рөлі мен тәуелсіз Қазақстанның дамуындағы Астананың рөлін талқылады.
2. Колледж оқушылар мен университет студентердің арасында өткен «Отанның кепілі - Елбасының жетістіктерінде» атты эссе байқауына қатысқан үшін І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдармен марапаттау.
3. Кітапхана оқу залдарында және оқу теледидарда «Н. Назарбаевтың феномені» деген фильм көрсетілді.
4. Кітапхана холлында «Астана менің жүрегімде» қыстырғыш фотокөрмесі ұйымдастырылды, фотосуреттерді студенттер мен университет қызметкерлері ұсынды .

5. Кітапхана инфокиоскілерде «Астана – біздің Отанымыздың жүрегі» тұсаукесері ұсынылды.

2016 жылғы 21 қарашадаң бастап оқырманның назарына кітапханада  «Н.Назарбаев - адам және саясаткер» және «Қазақстандық жол – тұрақтылық – жаңарту арқылы – өркендеуге»атты иллюстрациялық кітап көрмелері безендірілген.

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL