15.03.2017 ж. оқу-телевидение орталығында «Кредо» ҚҚ-ның директоры, м.ғ.д., профессор Козаченко Н.В. қатысуымен «Оказание социальной помощи силами неправительственных организаций» тақырыбында платиналы дәріс оқылды. Аталған дәріс әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы мамандықтарының ПОҚ және студенттеріне оқылды.
Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар кафедрасы «Қазақстан Республикасының қазіргі кездегі сыртқы сауда саясаты» кафедралық тақырыбы шеңберінде «Ел экономикасын дамытудағы сыртқы сауда факторының рөлі» атты мектеп және колледж бітіруші түлектерінің ғылыми жұмыстарының аймақтық конкурсын өткізді. Аталған конкурстың мақсаты – мектеп пен колледж түлектерінің шығармашылық қабілеттерін дамытып, ғылыми жұмыстарын белсенді жүргізуге үйретіп, орта және ортакәсіптік оқу орындары мен Қарағанды экономикалық университеті арасындағы өзара қатынастарды дамыту.
15.03.17 ж. «Экология және бағалау» кафедрасы Мемлекет басшысының жолдауы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы - жахандық бәсекеге қабілеттілік» арналған «Экология» және «бағалау» мамандықтарының студенттері мен қызметкерлеріне өзін-өзі реттеу маманы, психолог Смағұлов Төлеген Мұратұлы «Діни экстремизмнің алдын алудың инновациялық әдістері» тақырыбында интерактивті дәріс өткізді. Қазіргі заманғы ойды қалыптастырып, «нөлдік» төзімділік діни экстремизмнің өзекті мәселелеріне пікірталас өтті.
15.03.2017ж Қазтұтынуодағы Қарағанды эконимикалық университетінде тауартану және сертификаттау кафедрасының ұйымдастыруымен Н.Ә. Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтарда Қазақстан халқына «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауы аясында «Адам капиталының сапасын арттыру: проблемалары мен перспективалары» тақырыбында дебат турнирін өткізді. Дебатқа университеттің 1және 2 курс студенттері қатысты. Қатысушылар «Үздік спикер», «Үздік төреші», «Үздік талпыныс», І, ІІ, ІІІ орындарға ие болды.
2017 жылдың 14 наурызында Жалпықұқықтық және арнайы пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен «Кәмелет жасқа толмаған балаларға қатысты ата-аналардың алименттік міндеттемелерді орындамағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілігі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Оның жұмысына Қарағанды қаласы Қазыбек би атыдағы аудан прокурорының көмекшісі Назарбеков С.Т., Қазақстан мұсылман діни басқармасы Республикалық діни бірлестігі филиалының имамы Абильдаев Б.Қ., «Приход Введенского Кафедрального Собора» жергілікті православті діни бірлестік протоиерейі Михаил Патрикеев, Қарағанды қаласы Оңтүстік-шығыс аумақтық сот актілерін орындау бөлімінің аға сот орындаушысы Саттыбаева Г.Г. және ҚҚЭУ «Құқықтану» мамандығының студенттері қатысты. Дөңгелек стол барысында тәжірибелік қызметкерлерге сұрақтар қойылып, аталған мәселе төңірегінде қызу пікірталас жүргізілді.