29.03.2017 ж. оқу-телевидение орталығында «Қарағанды облысы Қарағанды қаласының қарттар мен мүгедектерінің №1 МӘМ» мәдени шараларды ұйымдастырушысы Исайынова Д.С. қатысуымен «Қарттарым – асыл қазынам» тақырыбында платиналы дәріс оқылды. Аталған дәріс әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы мамандықтарының ПОҚ және студенттеріне оқылды.
Әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде докторлық диссертациясын сәтті қорғап, «6D020400-Мәдениеттану» мамандығы бойынша (PhD) философия докторы академиялық дәрежесіне ие болуымен құттықтайды (2017 жылдың 15 наурызынан №368 Комитет бұйрығы).
2017 жылдың 29 наурыз күні Қарағанды экономикалық университетінде Қарағанды облысы прокуратурасы бастамасымен аудандық прокуратурамен бірлесіп «Қоғамдық сенім» жобасы экономикалық мамандықтарында оқитын студенттерімен мемлекеттік органдардың өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды. Осы кездесуге мынадай мемлекеттік органдар мен мекемелер қатысты: - Қарағанды қ. Қазыбек би атындағы аудандық прокуратурасы; - Қарағанды қ. жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар орталығы; - Қарағанды қалалық жер қатынастары, сәулет және дамыту бөлімі; - Қарағанды қ. Қазыбек би ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы; - Қарағанды облысының Кәсіпкерлер палатасы; - «Технопарк» Сарыарқа» ЖШС Инновациялар аймақтықтық кеңсесі; - «Даму» қоры» АҚ ҚФ Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы; - екінші деңгейлі банктердің өкілдері. Осы топтың жұмысы барысында студенттер жаңа бизнесті ашу және оны тіркеу, несиелендіру мәселелері, сондай-ақ салықтар заңнамасы, бизнес үшін жер учаскелерін беру және ооларды рәсімдеу жөніндегі кеңес алды. Бизнесті дамыту және жастар кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың негізгі құралдары жайлы мәселелерін аталмыш баяндамашылар студенттердін назарарына салды. Осылайша, осы уәкілетті органдар бизнес-ортаны дамыту бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргіуді жалғастырды.
2017 жылы 29 наурызда ӘЭ мен ХҚ кафедрасының оқытушылары Арыстан М.И., Талимова Г.У., Шукушева Е.В., «Әлемдік экономика» мен «Халықаралық қатынастар» мамандықтарының студенттерімен бірге Қарағанды облысының кәсіпкерлер Палатасы және Гонконгтың ресми сыртқы сауда органы – Сауданы дамыту бойынша Кеңесімен бірлескен «Гонконг – сіздің Азия-тынық мұхиты аймағындағы корпоративті платформаңыз» атты семинарына қатысты. Семинарда бүгінгі Қытай экономикасының даму ерекшеліктері, ҚХР өнеркәсіп өндірісі мен тұтыну нарығы, Отандық кәсіпорындардың қытайлық компаниялармен бірлескен бизнес жүргізу ерекшеліктері, Гонконгтағы салық жүйесінің артықшылықтары қаралды.
7 сәуір 2017 ж. сағат 10.00 Қазақтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің экономика және менеджмент кафедрасы мектеп, гимназия және лицейлердің 9-11 сынып оқушылары және колледж студенттері арасында «Экономика» пәні бойынша Облыстык олимпиада өткізеді. Ұйымдастырушы комитет қызығушылық танытқан оқу орындарының директорларына 5 сәуір 2017 жылға дейін олимпиадаға қатысушы-оқушылардың тізімін жолдауды өтінеді. Экономика бойынша олимпиаданы өткізу тәртібі мен қатысу парағын www.keu.kz сайтынан жазып алуға болады.
Анықтама телефоны: 44-16-34, 44-16-24 (ішкі. 185), моб.87024669986 Е-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. Жауапты: Зулхарнай Азиз Нурланулы