25.10.2016 ж. шетел және орыс тілдері кафедрасының ұйымдастыруымен университет оқытушыларының арасында «Политілді оқытушы» атты сайыс өтті. Сайыс еліміздегі политілді білім беру идеясының аясында оқытушылардың тілдерді меңгеру деңгейлерін анықтап, олардың шет тілдеріне деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында жүзеге асты. Сайыста әсіресе «Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар» кафедрасының оқытушылары ерекше белсенділікпен көзге түсіп, нәтижесінде басты орындарды иеленді: 1 орын – «ПОЛИГЛОТ» тобы: аға оқытушы, магистр Сыздықбеков Е.С., аға оқытушы, магистр Назаров Е.Ж. 2 орын – «NO PASARAN» тобы: аға оқытушы, магистр Байгожина Г.М., оқытушы, магистр Атабаева Д.Т.
2016 жыл 19 қазанда Қарағанды қаласының № 3 гимназиясында 11 сынып оқушылары мен «Халықаралық қатынастар» мамандығының студенттерінің қатысуымен «Жемқорлық жол жоқ» атты танымды ойын өтті.
26 қазанда «Жастар» спорт кешенінде жыл сайынғы қалалық турнир «Тазалығы кубогы студенттік лига» сайысы өтті. Екінші жыл қатарынан EkoLife командасы 1-ші орын алды. Турнирға қаланың жоғары оқу орындарынан 9 команда 90 адам қатысты.
21.10.2016 жылы сағ 12:10-да 307 б аудиториясында Мн-31, Мн-42, Мн-32с, Ф-32с топтарында «Жобаларды басқару» және «Басқару шешімдерін қабылдау әдістері» пәнінен тәжірбие орынынан қызметкердің қатысуымен тәжірбиелік сабақ жүргізілді. Сабақты «Экономика және менеджмент» кафедрасының PhD., аға оқытушысы Омарова Айнур Тояковна және «МК-Ломбард» ЖШС-нің филиалдары арасында басқару қызметін қадағалау және бақылау бөлімінің маманы Толеубаева Алия Джулдызовна жүргізді.
25-ші қазан 2016 ж. «Cosmonaut» қонақүй кешеніні базасында «Мейрамхана ісі және қонақүй бизнесі» және «Туризм» мамандықтарының 1-2 курс студенттерімен кафедра доценті Г.К.Замбинова жетекшілігімен тәжірибе сабағы өтті. Кәсіпорынның жұмысы мен қызмет көрсету ерекшеліктері туралы баяндаған: Осипов Федор Александрович»директоры Иван Маврояниди - "Жулдыз"мейрамханасының бас-аспазшысы Кешеннің басшысы студенттерді қарсы алып, сабақ барасында кәсіпорынның барлық қызмет түрлерімен таныстырды, қызметкерлерімен таныстырды, студенттерді қызықтырған сұрақтарын толық жауап берді. Экскурсия аяқталған сон, Федор Александрович студенттерді Үлкен конференц-залына шақырды, онда студенттер сабақ барысында туындаған сұрақтарын қойып, дәрісті ары қарай тыңдады. Сабақ соңында студенттерге арнап шай-үстелі ұйымдастырылыпты, онда студенттерге мейрамхананың фирмалық тәтті-тоқаштарынының дәмін көрді. Қонақүйдің басшылығы мен қызметтеркерлеріне осындай танымдық, қызықты сабақ ұйымдастырғандарына үлкен рахмет!