• Blog news

Erasmus+ бағдарламасының CACTLE жобасының презентациясы.

Erasmus+ бағдарламасының CACTLE жобасының презентациясы.2016 жылдың 13 қазанында сағат 15.10 103 аудиторияда университет ұжымының алдына Erasmus+ бағдарламасының шеңберінде CACTLE (Central Asian Centre of Teaching, Learning and Entrepreneurship) жобасы таныстырылды. Вена экономикалық университетінің (Австрия) қадағалауымен жүретін жобаға Өзбекстан мен Қырғызстанның жоғары оқу орындарынан басқа Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университеті де қатысып отыр. ҚҚЭУ жағынан 5 оқытушы, оның ішінде «Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар» кафедрасының магистрі, аға оқытушы Сыздыкбеков Е.С. бар. ҚҚЭУ ұжымы алдында Сыздыкбеков Е.С. алда ашылатын оқытудың, білім берудің және кәсіпкерліктің Орталығында пайдаланатын Веналық білім беру моделі (еуропалық ғалымдар қолданып жатқан Блум Таксономиясы инновациялық оқытудың әдістерінің жаңа нұсқасы) туралы баяндады.

ҚҚЭУ оқытушылары мен студент-активистерінің Абай ауданы мектептері бітіруші-талапкерлерге арналған кәсібибағдар бағытындағы жұмысы.

ҚҚЭУ оқытушылары мен студент-активистерінің Абай ауданы мектептері бітіруші-талапкерлерге арналған кәсібибағдар бағытындағы жұмысы.Абай ауданы бойынша мобилді тобы 2016 жылдың 12 қазанында Абай білім беру бөлімінде ҚҚЭУ туралы кәсіби бағдарлық, үгіттеу жұмысын атқарды.
Аталмыш шараға ҚҚЭУ оқытушылары мен студент-волонтерлар қатысты. Шараны өткізу барысында бітіруші талапкерлер анкеталар толтырды, тиісті сұрақтар қойылды.
Соңында бітіруші талапкерлер назарына ҚҚЭУ жайлы бейне-ролигі көрсетілді.

ҚҚЭУ №3 жатақханада «Банк ісі» кафедрасының оқытушылармен ұйымдастырылған «ҚР-ның 25 жылдық тәуелсіздігі» атты викторинасы.

ҚҚЭУ №3 жатақханада «Банк ісі»  кафедрасының оқытушылармен ұйымдастырылған «ҚР-ның  25   жылдық тәуелсіздігі» атты викторинасы.«Банк ісі» кафедрасының оқытушылары К.А Ермекова., А.С. Исанов және Ф-21с/к тобы студенттерімен бірлесе ҚҚЭУ №3 жатақханасында «ҚР–ның 25 жылдық тәуелсіздігіне» арналған «Менің елім, менің жерім» атты викторинасын ұйымдастырды.
Викторинаның мақсаты отанды сүю, патриотизмді дәріптеу, ұлттар арасында бірлікті сақтау және студенттік өмірді белсенді етіп өткізу.
Викторина 3 кезеңнен тұрды. Сонымен қатар викторинаға көрермендер белсене қатысты. Викторина соңында белсенді студенттерге бағалы сыйлықтар табысталынды және естелік суреттер жасалынды.

«Маркетинг және логистика» кафедрасының онкүндігі

«Маркетинг және логистика» кафедрасының онкүндігі11 қазан - Онкүндіктің ашылуы. Үздік құттықтау-қабырға газеті бойынша конкурс «Ең үздік мамандық...» («Маркетинг» және «Логистика» мамандығының барлық топ студенттері Кафедра ПОҚ )11-50, 289 аудитория
12 қазан - Іскерлік ойын «Логист маршруты 2016», Қарағанды қ. орталық саябағы («Логистика» мамандығының 1-4 курс студенттерінің қатысуымен)
14 қазан -«Мен неге бұл мамандықты таңдадым?» тақырыбында эссе конкурсы, (катысушылар «Маркетинг» және «Логистика» мамандығының 1 курс студенттері)
19 қазан - Конференция «НҰРЛЫ ЖОЛ:ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ДАМУ БАҒЫТТАРЫ» (Есеп-қаржы факультетінің барлық мамандығының студенттері қатыса алады) 14-00, 289 аудитория,
20 қазан - Мамандық бойынша ең үздік жарнамалық ролик конкурсы («Маркетинг» және «Логистика» мамандығының барлық топтары қатысады, көлемі 1-2 минут)
21 қазан- Маркетологтар күніне арналған іскерлік ойын. Онкүндіктің қорытындысын шығару, жеңімпаздарды марапаттау (катысушылар «Маркетинг» және «Логистика» мамандығының барлық топ студенттері). 12-00, 289 аудитория

Халықаралық білім алу жәрмеңкесіне қатысу

Халықаралық білім алу жәрмеңкесіне қатысу07.10.2016 ж. «Туризм және мейрамхана ісі» кафедрасының оқытушысы А.А. Гарипова және РД-34с тобының студенті Микадзе Лия және Тур-31к тобының студенті Шәкенова Айша Астана қаласында өткен BARCEF Bolashak Alumni Reunion Conference and Education Fair ірі халықаралық білім беру –жәрмеңке-конференциясына қатысты.

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL