• Blog news

7 қазан 2016 жылы «Есеп және аудит» мамандығы студенттері мен ЭБҚК ҚҚЭУ студенттеріне арналған «Бухгалтер күні» іс-шара өткізу туралы есеп.

7 қазан 2016 жылы «Есеп және аудит» мамандығы студенттері мен ЭБҚК ҚҚЭУ студенттеріне арналған «Бухгалтер күні» іс-шара өткізу туралы есеп.«Есеп және аудит» және КЭБП ҚҚЭУ бейінді мамандық студентеріне «Бухгалтерлік есеп және аудит» кафедрасы 7 қазан күні 2016 жылы кәсіптік бағдар және тәрбие жұмысы жайлы іс-шара өткізілді.
«Бухгалтер күніне» арналған іс-шаралар келесі бағдарламаға сәйкес өтткізілді:
1) Салтанатты ашылуы «Дана үкі бухгалтерлік есеп-2016» (105 ауд.). Кіріспе сөз экономика ғылымдарының кандидаты, профессор «Бухгалтерлік есеп және аудит» кафедрасының меңгерушісі Мадиева Құралай Сагнаевнаға берілді.
2) «Есеп және аудит» мамандығының 2 курс магистранттары бухгалтер мамандығы жайлы презентация және бейнероликтер көрсетті.
3) ЭБҚК ҚҚЭУ студенттеріне арналған «Эрудит» атты викторина өткізілді.
4) «Дана үкі бухгалтерлік есеп-2016» номинанттары мен лауреаттарын дипломмен марапаттады.

«Бухгалтерлік есеп және аудит»
кафедрасының кәсіптік бағдар беру
жұмысы бойынша жауапты
магистр, аға оқытушы Сабирова М.А.

«Тіл – халықтарды біріктіретін күш»

«Тіл – халықтарды біріктіретін күш»2016 жылдың 6 қазанында Қарағанды экономикалық университетінде қазақ тілі және Қазақстан мәдениеті кафедрасының ұйымдастыруымен Тілдер күніне арналған «Тіл – халықтарды біріктіретін күш» атты мерекелік іс-шара болып өтті.
Мерекелік кештің негізгі мақсаты – тіл мәртебесін көтеру, студенттердің бойында Отанға, мемлекеттік тілге және жалпы тілдерге деген сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін қалыптастыру, патриоттыққа, Отан алдындағы жауапкершілікке тәрбиелеу.

«Туризм» және «Мейрамхана ісі және қонақүй бизнесі» мамандықтары студенттерінің 13-ші Қазақстандық Халықаралық туристік көрмеге қатысуы

 «Туризм» және «Мейрамхана ісі және қонақүй бизнесі» мамандықтары студенттерінің 13-ші Қазақстандық Халықаралық туристік көрмеге қатысуыЖыл сайын туризм және мейрамхана ісі кафедрасы Дүниежүзілік туризм күніне арналған іс-шаралар ұйымдастырады. Биыл үшінші жыл болып кафедра оқытушылары М.В. Бедельбаева және А. А.Гарипова Астана қаласына Халықаралық туристік көрмеге қатысуды ұйымдастырды. Осы жолы көрмеге 57 студент қатысты. Көрмеге қатысу мақсаты күздік-қыстық маусымның тенденцияларымен танысу, кәсіби біліктіліктерін жетілдіру, туристік кәсіпорындардың қызметтері туралы ақпарат алу. Биылғы жылғы көрмеге қатысу ерекшелігі, Тур-23с\к тобының студенті Насипбеков Бектен ұтыс кезінде «Зеленый бор» санаторийіне сыйлық сертификатын ұтып алды.
Және де студенттер сапар барысында Астана каласындағы ұлттық мұражайына барды. Студенттер сапар барысында ұмытылмас әсер алды.

Бизнес және құқық факультетінің жастар және студенттер ісі бойынша комитеті Қазтұтынуодағы Қарағанды Экономикалық Университетінің профессорлық-оқытушылар құрамын Қазақстан Республикасының Ұстаздар күнімен құттықтайды!

Бизнес және құқық факультетінің жастар және студенттер ісі бойынша комитеті Қазтұтынуодағы Қарағанды Экономикалық Университетінің профессорлық-оқытушылар құрамын Қазақстан Республикасының Ұстаздар күнімен құттықтайды!Әлемде ерекше құрметке лайық мамандықтар бар. Дәл осы мамандық біздің күнтізбеде ерекше атап өтуге лайық. Жыл сайын Бизнес және Құқық факультеті бұл мерекені ерекше атап өтеді. Биыл 4 Қазанда мерекені тойлау Өзін өзі басқару күнінің ресми ашылу салтанатымен басталды. Салтанатты түрде Факультет деканы, декан орынбасарлары, кафедра меңгерушілері өз міндеттерін атқарушыларға тапсырып, қол алысты.
Біздің оқытушылар мерекелік көңіл күй мен күш жігерге толы болсын! Оқытушы дегеніміз болашақ ұрпақты өз ізімен ерткен асыл тұлғалар.

«Туризм және мейрамхана ісі» кафедрасы студенттерінің академиялық мобильділік бағдарламасы бойынша «БелМУ» ҰЗУ-дегі білім алуы - 2016

«Туризм және мейрамхана ісі» кафедрасы студенттерінің академиялық мобильділік бағдарламасы бойынша «БелМУ» ҰЗУ-дегі  білім алуы  - 2016«Туризм» және «Мейрамхана ісі және қонақүй бизнесі» мамандығының Тур-24с, Тур-22 топтарының студенттері Дорченко Е.Д., Кантрабаева А.С., Геращенко В., Малютина А. 2015-2016 оқу жылының 2-ші семестрінде Белгород мемлекеттік ұлттық университетінде академиялық мобильділік бағдарламасы бойынша оқуларын аяқтады. Оқу соңында студенттер сапар барысында, оқу бағдарламасынан алған көз-қарастары мен әсерлерімен бөлісті.
Студенттер осындай мүмкіндік береген университі ректоры Ерқара Балқараұлына алғыстарын білдіреді.

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL