• Blog news

ҚР Конституциясына 20 жыл: тиімділік және перспективалық реформалау сұрақтары

ҚР Конституциясына 20 жыл: тиімділік және перспективалық реформалау сұрақтары2015 жылдың 12 мамырында Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің экономикалық қатынастарды құқықтық реттеу кафедрасымен ҚР Конституциясына 20 жылдығына арналған «ҚР Конституциясына 20 жыл: тиімділік және перспективалық реформалау сұрақтары» атты студенттік жұмыстар байқауы өткізілді. Байқауға ережеге байланысты Қарағандының 4 жоонан 20 студент қатысты (КУ «Болашак»,Е.А.Букетов атындағы ҚарМУ, Б.Бейсенов атындағы КЮА, ҚҚЭУ).

ҚЭУ профессорлық-педагогикалық ұжымы мен қызметкерлерін университет сапаны бақылау жүйесінің «Русский регистр» сертификаттау Ассоциациясының МС ИСО 9001:2008 талаптарына сәйкестік бойынша инспекциялық аудиттен өтуімен құттықтаймыз

ҚЭУ профессорлық-педагогикалық ұжымы мен қызметкерлерін университет сапаны бақылау жүйесінің «Русский регистр» сертификаттау Ассоциациясының МС ИСО 9001:2008 талаптарына сәйкестік бойынша инспекциялық аудиттен өтуімен құттықтаймыз2015 жылдың 13-15 мамыры аралығында ҚЭУ-де «Русский регистр» Ассоциациясының эксперті Пан Людмила Валентиновнамен инспекциялық аудит өткізілді. СБЖ-ны басқару құралы ретінде жетілдіру ҚЭУ қызметінің басым бағыттарының бірі болып саналады.
Пан Л.В. университеттегі СБЖ ұйымдастырудың жоғары дәрежесін, қызметтің әр бір түріне деген процестік тәсілдемені, сонымен қатар білім беру қызметінің тұрақты жақсаруы мен басқаруға деген жүйелік тәсілдемені атап өтті.

Шығармашылық коллоквиум

Шығармашылық коллоквиум2015 жылдың 7 мамырында тауартану мен сертификаттау кафедрасында ең алғаш рет «Қоғамдық тамақтану кәсіпорындарындағы сервис» атты пәні бойынша шығармашылық коллоквиум алынды. Суретте ТПП-31к тобының студенттері «Кейтеринг – романтикалық кешкі ас, Зияпат – фуршет – Жаңа жыл кеші, Зияпат шәй - 8 наурыз, қазақ дастарханы –Шілдехана тойы, Бала мейрамы – туған күн – жас жұбайлар үшін той дастарханы және т.б.» атты тақырыптар бойынша үстелді әзірлеп жатыр. Студенттер астың ұсынылуының барлық түрлерін , зияпаттың түрлерін көрсете алды, ыдыс-аяқтардың аттарымен таныстырып, мәзірді дайындады. Шығармашылық коллоквиумды кафедраның аға оқытушысы х.ғ.к. Исабаева Г.М. өткізді.

«Болашақ мамандарды дайындау жүйесіндегі әлеуметтік әріптестік» атты тақырыпқа арналған дөңгелек үстел

«Болашақ мамандарды дайындау жүйесіндегі әлеуметтік әріптестік» атты тақырыпқа арналған дөңгелек үстелҚазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасымен 2015 жылдың 6 мамырында сағат 15.00 «Болашақ мамандарды дайындау жүйесіндегі әлеуметтік әріптестік» атты тақырыпқа арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылып кафедра әріптестері және ықтимал жұмыс берушілермен бірге өткізілді.
Дөңгелек үстел құрамында халықтың әлеуметтік осал категориясымен жұмыс жасайтын мемлекеттік әлеуметтік мекемелер мен ҮЕҰ өкілдері болды.
Студенттер әлеуметтік саланың қазіргі кездегі дамуындағы маңызды сұрақтары және әлеуметтік жұмыс мамандарын дайындау критерийлері жайлы сұхбаттасу барысында үлкен белсенділік пен қызығушылық танытты.

«Сауда-саттық икемділіктерін дамыту» атты тақырыбына арналған бизнес-тренинг

«Сауда-саттық икемділіктерін дамыту» атты тақырыбына арналған бизнес-тренингҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ЭКОНОМИКА, БИЗНЕС ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ КОЛЛЕДЖІ
2015 жылдың 6 мамырында өткен
«Сауда-саттық икемділіктерін дамыту» атты
тақырыпқа арналған бизнес-тренинг
Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасы
«Безупречный сервис» оқу орталығы Бизнес-тренингіге ЭБҚ колледжі 05110002 «Туризм»
мамандығының 2 курс студенттері қатысты

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL