• ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

Магистратура-ББ-Кеден ісі-ҒП

  • Мамандық шифры:

    7М04203

    Мамандығы:

    Кеден ісі (ғылыми және педагогикалық бағыт)

    Дайындық бағыты:

    Құқық

7М04203 "Кеден ісі" мамандығы бойынша білім беру магистрлік бағдарламасының мазмұны "Кеден саласындағы құқықтық талдау әдіснамасы", "Кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстар үшін жауапкершіліктің өзекті мәселелері", "Қаржы нарығы саласындағы инвестицияны құқықтық реттеу", "Экономикадағы ақпараттық инновациялық құқықтық қатынастар", "Халықаралық кедендік қатынастар" және т. б. пәндерді оқытуды анықтайды. Бұл: заң құжаттарын құрастыру, нормативтік актілерді сараптау, талап арыздарын жасау, ғылыми мақалалар мен тезистер және т.б. жазу; қазіргі заманғы редакциялау және баспа құралдарын тарта отырып, қолданыстағы талаптарға сәйкес ресімделген есептер, рефераттар, мақалалар түрінде жасалған жұмыстың қорытындысын шығарудың өзіндік зерттеу қызметі дағдыларын меңгеруге мүмкіндік береді. Кеден ісі саласындағы кәсіби қызметке, заңды және жеке тұлғаларға тауарлар мен көлік құралдарын тасымалдау кезінде кедендік рәсімдерді таңдауда құқықтық көмек көрсетуге, сыртқы экономикалық қызмет субъектілерінің жұмысын жетілдіру мақсатында басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп тиісті құжаттарды дайындауға, тауарларды кедендік режимге орналастыру үшін кеден органының лицензияларын беруді бақылауға, уақытша әкелу (әкету) режимін белгілеу кезінде кеден баждары мен салықтарын төлеуге, кеден органының тауарларды кедендік режимге орналастыру үшін лицензияларын), еркін қойманы, бажсыз сауда дүкендерін құруға лицензия беру.
7М04203 "Кеден ісі" білім беру бағдарламасы бойынша магистратура түлектері кәсіби қызмет нысаны ретінде таңдай алады:
- ғылыми және педагогикалық дайындық кезінде: жоғары оқу орындары, орта және орта кәсіптік оқу орындары, ғылыми-зерттеу институттары.
Бітірушіге академиялық дәреже беріледі:
- ғылыми және педагогикалық бағыт бойынша - "Кеден ісі" мамандығы бойынша заң ғылымдарының магистрі»;
Оқу мерзімі:
- ғылыми және педагогикалық бағыт бойынша - 2 жыл.
Оқу түрі - күндізгі.
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL