• ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

Магистратура-ББ-Мемлекеттік және жергілікті басқару-ПБ

  • Мамандық шифры:

    7М04104

    Мамандығы:

    Мемлекеттік және жергілікті басқару (бейіндік бағыт)

    Дайындық бағыты:

    Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес

7М04104 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша «Өңірлік дамуды басқару» білім беру бағдарламасының бейіндік формасы мемлекеттік басқарудың өңірлік органдарында басқарушылық шешімдерді даярлау, қабылдау, жүзеге асыру, бағалау және эксперттік ілесу процестеріне қатысуға қабілетті біліктілігі жоғары мамандарды даярлауға бағытталған.
Білім беру бағдарламасы келесідей пәндердің оқытылуын қамтиды: «Мемлекеттік басқарудың теориясы мен практикасы», «Жергілікті өзін-өзі басқару органдарында басқарушылық іс-әрекетті ұйымдастыру», «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты басқару», «Жергілікті басқару және өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру негіздері», «Өңірдегі МЖӘ-жобаларын басқару» және т.б.
Бұл келесідей құзыреттілікке ие болуға мүмкіндік береді: ел және өңірлер шеңберінде әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларын әзірлеу және жүзеге асыру, ұйымдық, салалық, салааралық құрылымдарды қалыптастыру, басқарушылық талдауды жүзеге асыруда басқарушылық шешімдерді қабылдау тиімділігіне мониторинг жүргізу, мемлекеттің әлеуметтік және экономикалық саясаты шеңберінде, әрекет етуші нормативтік және құқықтық база шеңберінде фирма және корпорацияларды басқару негіздері.
7М04104 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша «Өңірлік дамуды басқару» білім беру бағдарламасы түлектерінің лауазым тізімдері:
бейіндік бағыт бойынша: маман, бас маман, орталық және жергілікті мемлекеттік басқару органдарындағы бөлім жетекшісі, облыстық басқармалар басшылары, департамент директорлары, Орталық мемлекеттік басқару органдарындағы төраға және т.б..
Түлекке келесідей дәреже тағайындалады:
- бейіндік бағыт бойынша – 7М04104 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша экономика және бизнес магистрі;
Білім алу мерзімі:
Бейіндік бағыт бойынша – 1 жыл.
Білім алу формасы – күндізгі.

3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL