• ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

Магистратура-ББ-Қаржы-ПБ

  • Мамандық шифры:

    7М04110

    Мамандығы:

    Қаржы (профильді бағыт)

    Дайындық бағыты:

    Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес

7М04110 «ҚАРЖЫ»

7М04110 «Қаржы» мамандығы бойынша магистрлік білім беру бағдарламасының мазмұны «Қаржы теориясы», «Стратегиялық қаржылық менеджмент», «Қаржылық мониторинг», «Қаржылық менеджмент (ілгері курс)», «ЕАЭО мемлекеттердің салық жүйесі» және т.б. сияқты пәндерді оқып-үйренуді білдіреді. Өз кезегінде, ол қаржы нарығының қазіргі таңдағы даму тенденцияларын, әлемдік бизнес-серіктестіктің мәдени, технологиялық, құқықтық, саяси және экономикалық заманауи жағдайларын, ақша, қаржы сұрақтарындағы құзыреттіліктерін әзірлеуге жағдай жасайды. Сонымен бірге, жалпы ғылыми әдіснама, ғылыми-зерттеу жұмысын өткізудің қисыны мен технологиясы, жеке ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу, кәсіптік қызмет үрдісінде білім жаңғырту, жаңа ақпараттың белсенді қолданылуын қамтамасыз ететін, оқу-тәрбиелік жағдайларын қарапайым талдау дағдылары, педагогикалық міндеттерді анықтау және шешуге дағдылану. Және ақша, қаржы, қаржы нарығы және экономиканың басқа да бағыттарында білікті болуды.
7М04110 «Қаржы» білім беру бағдарламасы бойынша магистратура түлектері кәсіби қызметтің келесідей түрелерін атқаруына болады:
профильдік дайындық бойынша: қаржы-банктік жүйенің жоғарғы басқару буынының менеджері; қаржылық нарықты зерттеу мен болжамдау бойынша маманы; кәсіпорынның бүкіл функционалдық салаларындағы негізделген басқарушылық шешімдерді әзірлеу бойынша маман; кәсіпорындардың әртүрлі меншік нысанындағы қаржылық қызмет сұрақтары бойынша аудиторы, кеңесші, сарапшы ретінде.
Түлекке академиялық дәреже беріледі:
- профильдік бағыт бойынша - «Қаржы» мамандығы бойынша экономика және бизнес магистрі.

Оқу мерзімі:
профильдік бағыт бойынша - 1 жыл
Оқу нысаны – күндізгі.

3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL