• ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

Магистратура-ББ-Менеджмент-ҒП

  • Мамандық шифры:

    7М04105

    Мамандығы:

    Менеджмент (ғылыми және педагогикалық бағыт)

    Дайындық бағыты:

    Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес

7М04105 "Менеджмент" магистрлік білім беру бағдарламасы бойынша оқыту кең іргелі білімі бар жаңа формациядағы; ынталы, еңбек нарығының және қазіргі технологиялардың өзгермелі талаптарына бейімделе алатын, жеке және командада жұмыс істей алатын мамандарды дайындауға мүмкіндік береді. Бұл мына пәндерді оқып-үйрену нәтижесінде қол жеткізіледі: «Organization and planning of scientific researches», «Қазақстанның ұлттық экономикасындағы ғылым», «Жоғары оқу орындарында оқытудың әдістемесі мен технологиясы», «Оқу сабақтарын ұйымдастыру және өткізу әдістемесі», «Коммуникация теориясының өзекті мәселелері», «Корпоротивтік басқару», «Стратегиялық талдау», «Контроллинг», «Консалтинг», «Бизнесті кеңейтуді басқару» және т. б. Бұл келесі дағдыларға ие болуға мүмкіндік береді: қазіргі заманғы техникалық құралдарды пайдалана отырып, ақпарат алу, өңдеу және беру; дәрістік, семинарлық және практикалық сабақтар өткізу; Және құзыретті болу: коммерциялық және коммерциялық емес кәсіпорындар ұйымдастыру, басқару және экономика салаларында; басқару қызметінің барлық түрлерін іске асыру, жоспарлау және ұйымдастыру; тұлғааралық қарым-қатынастарды анықтау және әр түрлі ынталандыру әдістерін пайдалану; ғылыми-зерттеу және педагогикалық қызмет саласындағы кәсіби дайындық жүргізу мәселелері бойынша; ЖОО-ның оқу процесінің нормативтік-әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету мәселелері бойынша.
7М04105-"Менеджмент" дайындық бағыты бойынша магистратура түлектері келесі кәсіптік қызмет түрлерін орындайды алады:
ғылыми және педагогикалық дайындық кезінде: менеджер; бөлімше басқарушысы; бөлім бастығы; директордың орынбасары, директор, барлық меншік түріндегі ұйымдар мен кәсіпорындардың вице-президенті; жетекші немесе бас маманы, жергілікті және мемлекеттік басқару органдарының біліктілігі жоғары және орта буын басшысы; консультант, ғылыми қызметкері, ғылыми-зерттеу ұйымдарының аға, жетекші немесе бас ғылыми қызметкері, сарапшы, оқу-әдістемелік ұйымдардың кеңесшісі; оқытушы, даярлық бейіні бойынша орта кәсіби немесе жоғары оқу орындарының аға оқытушысы
Бітірушіге академиялық дәрежесі беріледі:
- ғылыми және педагогикалық бағыт бойынша – "7М04105 - Менеджмент"мамандығы бойынша экономика ғылымдарының магистрі;
Оқу мерзімі:
ғылыми және педагогикалық бағыт бойынша – 2 жыл.
Оқыту нысаны – күндізгі.
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL