• ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

Магистратура-ББ-Мемлекеттік және жергілікті басқару-ҒП

  • Мамандық шифры:

    7М04103

    Мамандығы:

    Мемлекеттік және жергілікті басқару (ғылыми және педагогикалық бағыт)

    Дайындық бағыты:

    Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес

7М04103 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша «Өңірлік дамуды басқару» білім беру бағдарламасының ғылыми-педагогикалық бағыты мемлекеттік және жергілікті басқару және білім беру салаларында ғылыми зерттеулер жүргізуге және оларды кәсіби іс-әрекетте қолдануға қабілетті ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлауға бағытталған.
Білім беру бағдарламасының мазмұны келесідей пәндердің оқытылуын қамтиды: «Мемлекеттік басқарудың теориясы мен практикасы», «Экономиканың нақты секторын мемлекеттік реттеу», «Басқарушылық іс-әрекеттің институционалды негіздері», «Қоғамдық сектор экономикасы», Жергілікті өзін-өзі басқаруды ұйымдастырудың негіздері», «Өңірлік даму институттары және МЖӘ» және т.б. Бұл келесідей құзыреттілікке ие болуға мүмкіндік береді: ел және өңірлер шеңберінде әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларын әзірлеу және жүзеге асыру, ұйымдық, салалық, салааралық құрылымдарды қалыптастыру, басқарушылық талдауды жүзеге асыруда басқарушылық шешімдерді қабылдау тиімділігіне мониторинг жүргізу, мемлекеттің әлеуметтік және экономикалық саясаты шеңберінде, әрекет етуші нормативтік және құқықтық база шеңберінде фирма және корпорацияларды басқару негіздері.
7М04103 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша «Өңірлік дамуды басқару» білім беру бағдарламасы түлектерінің лауазым тізімдері:
ғылыми және педагогикалық бағыт: мемлекеттік және жергілікті басқарудың әртүрлі құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Президентінің Аппараты мен әкімшілігінде, Қазақстан Республикасы Парламентінің Аппараты мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің, жоғарғы оқу орындарындағы оқытушылар, ғылыми-зерттеу институттарындағы ғылыми қызметкерлер және т.б.
Түлекке дәреже тағайындалады:
- 7М04103 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша экономика ғылымдарының магистрі;
Білім алу мерзімі:
ғылыми және педагогикалық бағыт бойынша – 2 жыл.
Білім алу формасы – күндізгі.

3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL