• ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

Магистратура-ББ-Қаржы-ҒП

  • Мамандық шифры:

    7М04109

    Мамандығы:

    Қаржы (ғылыми және педагогикалық бағыт)

    Дайындық бағыты:

    Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес

7М04109 «ҚАРЖЫ»

7М04109 «Қаржы» мамандығы бойынша магистрлік білім беру бағдарламасының мазмұны «Қаржы теориясы», «Қаржылық менеджмент (ілгері курс)», «Приват банкинг», «Инвестициялық жобаларды қаржыландыру», «Стратегиялық банктік менеджмент», «Сақтандыру компанияларындағы қаржылық менеджмент» және т.б. сияқты пәндерді оқып-үйренуді білдіреді. Өз кезегінде, ол қаржы нарығының қазіргі таңдағы даму тенденцияларын, әлемдік бизнес-серіктестіктің мәдени, технологиялық, құқықтық, саяси және экономикалық заманауи жағдайларын, ақша, қаржы сұрақтарындағы құзыреттіліктерін әзірлеуге жағдай жасайды. Сонымен бірге, жалпы ғылыми әдіснама, ғылыми-зерттеу жұмысын өткізудің қисыны мен технологиясы, жеке ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу, кәсіптік қызмет үрдісінде білім жаңғырту, жаңа ақпараттың белсенді қолданылуын қамтамасыз ететін, оқу-тәрбиелік жағдайларын қарапайым талдау дағдылары, педагогикалық міндеттерді анықтау және шешуге дағдылану. Және ақша, қаржы, қаржы нарығы және экономиканың басқа да бағыттарында білікті болуды.
7М04109 «Қаржы» білім беру бағдарламасы бойынша магистратура түлектері кәсіби қызметтің келесідей түрелерін атқаруына болады:
ғылыми және педагогикалық дайындық бойынша: жоғары және орта кәсіби оқу орны оқытушысы; фирма және салалардың стратегиялық және жедел жоспарларын өңдеу бойынша маман, ұйымдық-құқықтық үлгісі әртүрлі кәсіпорындар мен ұйымдардың экономикалық және қаржылық-аналитикалық қызметі бойынша маман.
Түлекке академиялық дәреже беріледі:
- ғылыми және педагогикалық бағыт бойынша – «Қаржы» мамандығы бойынша экономика ғылымдарының магистрі;
Оқу мерзімі:
ғылыми және педагогикалық бағыт бойынша – 2 жыл.
Оқу үлгісі – күндізгі.

3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL