• Платонус
  • ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ
Жаңалықтар

CirculEC жобасы бойынша тренингке қатысушыларға сертификат тапсыру...

2025 жылғы 8 мамырда Қарағанды Казтұтынуодағы университетінде CirculEC халықаралық жобасы аясында ұйымдастырылған тренингтерге қатысушыларға сертификаттар тапсыру рәсімі өтті (Экономика замкнутого циклы мен тұрақты даму бойынша инновациялық оқу бағдарламалары мен модульдерін әзірлеу), жоба Еуропалық...
Инновации в действии: в университете прошёл чемпИнновациялар іс жүзінде: университетте «Roboproject-2025» робототехника чемпионаты өттіионат по робототехнике «Roboproject-2025» (2)

Инновации в действии: в университете прошёл чемпИнновациялар іс жүзінде:...

2025 жылдың 28 сәуірінде Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінде студенттер арасында «Roboproject-2025» робототехника чемпионаты өтті. Іс-шараны ұйымдастырушы — «Сандық инженерия және IT-талдау» кафедрасы. Чемпионат инженерлік шығармашылыққа және заманауи технологияларға қызығушылық танытқан талантты...
Студенттер мен «Қазаэронавигация» РМК өкілдерінің кездесуі

Студенттер мен «Қазаэронавигация» РМК өкілдерінің кездесуі

2025 жылдың 26 сәуірінде Қарағанды экономикалық университетінде студенттер мен «Қазаэронавигация» РМК – Қазақстан Республикасының аэронавигациялық қызмет көрсетушісі арасындағы кездесу өтті.Кездесу барысында компания өкілдері ұйымның миссиясы мен негізгі қызмет бағыттары туралы айтып, әуе қозғалысының...
ҚР ҒЖБМ гранттық жобасы аясында Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті өкілдерінің Алматы қаласына іссапары

ҚР ҒЖБМ гранттық жобасы аясында Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті...

2025 жылғы 21–26 сәуір аралығында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарындағы студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысын жетілдірудің инновациялық моделі» атты гранттық жобасының күнтізбелік жоспарына сәйкес Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің...
Қарағанды Казтұтынуодағы университетінде Erasmus+ жобасы таныстырылды

Қарағанды Казтұтынуодағы университетінде Erasmus+ жобасы таныстыры...

2025 жылғы 23 сәуірде Қарағанды Казтұтынуодағы университетінде Сантьяго-де-Компостела университетінің (Universidade de Santiago de Compostela, Испания) өкілі Наиля Сайфуллинамен профессор-оқытушылар құрамының кездесуі өтті. Кездесу барысында Наиля Сайфуллина дәріс оқып, «Тұйық циклді экономика және...
Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті – «Әлеуметтік жұмыс» білім беру бағдарламасы бойынша өткен XVII Республикалық пәндік студенттік олимпиаданың І орын иегері

Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті – «Әлеуметтік жұмыс» білім беру...

2025 жылғы 16 сәуірде Алматы қаласындағы «НАРХОЗ» университетінің базасында «Әлеуметтік жұмыс» білім беру бағдарламасы бойынша XVII Республикалық пәндік студенттік олимпиада өтті. Бұл маңызды да ауқымды іс-шара еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының озат студенттерін кәсіби білімдерін, аналитикалық...

May 2025
M T W T F S S
1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31

ҚҚЭУ-дің Этнографиялық сән театры және Ұлттық киімдер этномұражайының жетекшісі - шет және орыс тілдері кафедрасының аға оқытушысы, Қазақстан іскер әйелдер Ассоциациясының мүшесі, «Қанатты әйел» Бірінші Ұлттық идеялар мен тауарлар жәрмеңкесінің жүлдегері, "Нағыз әйел" республикалық байқауының номинанты
Иманбаева Балдырған Дартайқызы
ҚҚЭУ-дің этномұражайы мен этнотеатрының қызмет етуі жалпыадамзаттық бөлігі ретіндегі ұлттық мәдениеттің негізінде студенттердің тұлғалық қалыптасуы мен дамуына қажетті жағдайды құратын "Мәдени мұра" Мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуы іспетті.

Мақсаты: студенттерді қазақтың ұлттық киімдері арқылы ұлттық мәдениетке, халықтың салт-дәстүрлеріне баулу және тәрбиелеу.
Міндеттері:
1. Ұлттық киімдер тарихын зерделеу, ұлттық киімдер арқылы студент жастарға этномәдени тәрбие беру.
2. Стденттер, жастар және өскелең ұрпақ арасында мәдени-ағарту жұмыстарын жүргізу.
Ұраны: Алты жыл аш болсаңда, атаңның салтын ұмытпа.
Ұстанымы: Ұлттық киімдерді зерделеу, оны білу, ой елегінен өткізе отырып, жиған білімін барлық әлеммен бөлісу.

 

   

Эпохальные события:

Кезеңдік оқиғалар:
2005 - Наурыз-2005 мерекелік кешінде этнотеатрдың тұсаукесері, " XIX ғасырдағы қазақ қалыңдығының киімдері", «Киім арқылы көрінген қазақ әйелінің өмірлік жолы» атты бағдарламаларымен ҚҚЭУ-дің 40-жылдығына қарай өткізілген мерекелік шараға қатысуы;


2006 - «Хабар» бағдарламасында этнотеатр және этномұражай туралы бейнебаян түсірілді; Қарағанды қаласының 70-жылдығына қарай өткізілген мерекелік шараға қатысуы;

2007 - «ЭТНО-ЭРАТО» атты Ұлттық киімдердің VIII Халықаралық жоғары сән байқауына қатысуы (Ресей, Мәскеу). "Ең үздік шығыс киімі" номинациясында 3 орын; «Сән және дизайн: тарихи тәжірибе - жаңа технологиялар» атты Халықаралық конференциясында ҚҚЭУ этномұражайының қатысуы (Ресей, Санкт-Петербург); Ресей этнографиялық мұражайымен әріптестігінің басталуы (Санкт-Петербург қ.), яғни мұражай жұмысын ұйымдастыру, мұражай ісімен таныстыру және оқыту, тарихи ескерткіш іспетті қазақ ұлттық киімдерін ғылыми тұрғыдан зерттеу;


2008 – «Караван» республикалық газетінде ҚҚЭУ этнотеатры мен этномұражайының ұжымы туралы мақала; "Ұрпақтар сабақтастығы" жаңа бағдарламаларының қойылымы, университеттің ұжымдық мерекелік кештерінде "Жаңа жыл", «Наурыз-2008» «Тарих керуені» атты бағдарламамен қатысу.

Қойылым алдында

Этнотеатр және Этномұражай ұлттық мәдениеттен сусындаған болашақ мамандарды даярлауда жоо-ның жаңашылдық қызметінің базасы ретінде қалыптасты. ҚҚЭУ мұражайы, тек қазақ ұлттық киімдерін қалыпқа келтіру, сақтау және қазақ ұлттық киімдерін зерделеу орны ғана емес, ол мәдени, білім беру, ақпараттық және демалыс орталығына айналды. Этномұражайда университет пен колледждің қонақтарына, студенттеріне 100-ден аса экскурсия өткізілді. 2007-2008 оқу жылында қазақ тілі мен орыс тілі пәндерінің типтік оқу бағдарламасы бойынша қазақ тілі және Қазақстан мәдениеті кафедраларының оқытушылары (Келмағамбетова Ш.С., Билял Б.К., Баербекова А.Е.) мен шет және орыс тілдері кафедраларының оқытушылары (Иманбаева Б.Д., Бейсембек А.С.) "Елтаным" тақырыбын осы этномұражайда өткізді.

ҚҚЭУ студенттері мен оқытушылары этномұражайда


Қарағанды экономикалық университетінің ұлттық киімдер этномұражайын құруда біз Еуропалық мұражай форумының директоры К.Хадсонның көзқарасын ұстандық. Оның пікірінше, мұражайдың ең басты мақсаты келушілердің ойынан шығу: «Жақсы мұражай - ол - кірген кезден гөрі, шыққан кездегі өзіңді жақсы сезініп шыққан мұражай».
Педагогикалық қызметтерге бағытталғандықтан болар, мұражайды жиі мектеппен салыстырады. Бірақ, мектеп қарапайым мектеп емес. Мұражайға келуші білім ғана алып қоймай, оның тұлға болып қалыптасуына себепкер болады. Бұл мектепті аяқтау мүмкін емес, өйткені адам мұражай залдарын аралай отырып, өзі үшін белгісіз нәрсені көріп, бұл белгісізді адамзаттың данасы құрғанын түсініп жаңа дүние есігін ашады.

Этномұражай экспонаттары

ҚҚЭУ этномұражайы қарамағында «Өткеннің нысандары» үйірмесі жұмыс істейді, маңызды аспектілері келесілер болып табылады:
Тіл дамыту.
1. Эстетикалық бағыт (көркемдікті сезіну және шығармашылық бастауларын дамыту).
2. Тарихи-көркемдік бағыт (өнер тарихын зерделеу).
3. Әлеуметтік-нұсқаулық бағыт (Өнер - әлеуметтік бейімделу құралы)
«Өткеннің нысандары» үйірмесінің мақсаттары:
• ұлттық қолданбалы өнерге деген терең де, тұрақты қызығушылықты дамыту;
• ұлттық қолданбалы өнер шығармаларының мәдени-тарихи контекстік қалыптасуы мен болмысын анықтау дағдыларына үйрету;
• студенттің жеке адам болып қалыптасуының, олардың тұлғалық ерекшеліктерін оптималды дамытуға септігін тигізу, шынайы өмірге шығармашылық қарым-қатынасын қалыптастыру.
• «Өткеннің нысандары» үйірмесіне қатысу студенттерге келесі дағдылар мен машықтарды игеруге мүмкіндік береді:
• бағдарлық ой-санасындамыту;
• өзіндік ой пікірін түйіндеу;
• халықтың материалдық және рухани құндылықтарының эстетикалық, көркемдік жетістіктерін түйсіну;
• қоршаған ортаға деген белсенді шығармашылық қарым-қатынас.
Үйірме мүшелері тәрбие жұмысының белсенді субъектілері болып табылады: олар үйірме отырыстарында зерделенген мұражай экспонаттарын көрсетуде экскурсия жұмыстарын жүргізеді.

 

Экскурсия жүргізушінің Оңтүстік Қазақстан әйелдерінің сұламасы туралы әңгімесі Экскурсия жүргізуші мұражайға келушілерге сәукелеге тігілетін шашақпен таныстыруда
Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL

Байланыстар

Бас ғимарат

100009, Қарағанды, Академическая көш, 9

Телефон: +7 7212 441592
Факс: +7 7212 303171
E-mail: mail@keu.kz

Call-center: +7 7212 50-21-24
Телефон автоқоңырақ шалуда 44-16-24, 44-16-34, 44-15-68

Жетілдірілген

Қабылдау комиссиясы

100009, Қарағанды, Академическая көш, 9
106 каб

Телефон: +7 7212 44-16-24 вн.6505, 44-15-72
pk@keu.kz

Карта