• Мамандық шифры:

    6B04107

    Мамандығы:

    Әлемдік экономика

    Факультеті:

    Экономика, басқару және кәсіпкерлік факультеті

    Дайындық бағыты:

    Әлеуметтіқ ғылым және бизнес


Өріс атауы

Описание

Білім беру бағдарламасының атауы

6B04107 «Әлемдік экономика»

Білім беру бағдарламасының түрі

Қолданыстағы  

Дайындық бағытының коды және жіктелуі

6В041  Бизнес және басқару

Білім беру бағдарламаларының тобы

В044  Менеджмент және басқару

Білім беру бағдарламасының мақсаты

еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ететін жалпы теориялық және кәсіби білім мен дағдылар жүйесін қалыптастыру жолымен ұлттық және ұлтүсті деңгейлерінің экономикалық процестерін теориялық-талдамалық қабылдауға және сыртқы экономикалық қызметті практикалық жүзеге асыруға қабілетті әлемдік экономика және халықаралық экономикалық қатынастар саласында білікті мамандар даярлау

Оқыту ұзақтығы мен нысаны

4 жыл – орта білім негізінде;

2 жыл - ж/б негізінде

Күндізгі, ҚБТ қолдану арқылы күндізгі

Оқыту тілі

Қазақ / орыс

Түлектің біліктілік сипаттамасы

Берілетін дәреже:

6В04107 Әлемдік экономика білім беру бағдарламасы бойынша бизнес және басқару бакалавры

Түлектер жұмыс істей алады:

* мемлекеттік құрылымдарда: сыртқы экономикалық қызметті ұйымдастырумен және реттеумен байланысты министрліктер мен ведомстволар;

* сыртқы экономикалық қызметпен байланысты мемлекеттік емес құрылымдарда;

* сыртқы нарыққа шығатын немесе тауарлар мен қызметтер импортына тәуелді коммерциялық құрылымдарда;

* сауда саясаты саласында қазақстандық және шетелдік фирмаларға қызмет көрсететін заң компанияларында;

* мемлекеттік және коммерциялық банктердің халықаралық бөлімдерінде;

* сақтандыру компанияларында;

* туристік фирмаларда;

* әлемдік экономика және халықаралық экономикалық қатынастар саласындағы жоғары білікті талдаушылар, сарапшылар, зерттеушілер мен оқытушылар ретінде.

Кадрларды даярлау бағытына арналған лицензияға қосымшаның болуы

Бар

2021 жылғы 2 ақпандағы № KZ34LAA00021414 лицензиясына 005 қосымша

Білім беру бағдарламасын аккредиттеудің болуы

Бар

2019 жылғы 01 сәуірдегі № SA-A 0150/1

Білім беру бағдарламасының бірегейлігі

Халықаралық деңгейдегі экономист әлемдік тауар нарықтарындағы конъюнктура мен баға қозғалысын зерттейді. Халықаралық мәмілелерде ұйымның экономикалық мүдделерін қорғау, сыртқы экономикалық операцияларды жүргізу әдістері мен құралдарын таңдау, СЭҚ саласындағы мемлекеттік билік органдарымен бизнестің өзара іс-қимылын жүзеге асыру, оның ішінде кедендік бақылау кіретін кәсіпкерлік қызметке кәсіби қызмет көрсетудің әртүрлі бағыттарын зерделейді. Халықаралық сауданы құқықтық реттеуді жүзеге асырады, оның ішінде: қазақстандық тауарлар мен қызметтердің әлемдік нарықтарға қолжетімділігі үшін кедергілерді жою, еліміздің тиісті нарықтарын қорғау. Сараптамалық-талдау жұмысы тиімді шаруашылық шешімдерді әзірлеу және қабылдау үшін СЭҚ ұйымдастыру және басқару саласындағы ақпаратты жүйелеу және қорыту болып табылады. Халықаралық  деңгейдегі экономистің ғылыми қызметі шет мемлекеттердің экономикасын зерттеу болып табылады.


3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL