• Мамандық шифры:

    6B03101

    Мамандығы:

    Халықаралық қатынастар

    Факультеті:

    Экономика, басқару және кәсіпкерлік факультеті

    Дайындық бағыты:

    Гуманитарлық ғылым


Өріс атауы

Сипаттамасы

Білім беру бағдарламасының атауы

6B03101 «Халықаралық қатынастар»

Білім беру бағдарламасының түрі

Қолданыстағы 

Дайындық бағытының коды және жіктелуі

6В031  Әлеуметтік ғылымдар

Білім беру бағдарламаларының тобы

В140  Халықаралық қатынастар және дипломатия

Білім беру бағдарламасының мақсаты

Бағдарлама саясат, экономика, ұлттық және халықаралық қауіпсіздік саласында бәсекеге қабілетті, жүйелі талдау дағдылары бар, стандартты емес міндеттерді шеше алатын және цифрлық технологияларды пайдалана отырып, жұмыс нәтижелерін ұсына алатын түлектерді даярлауға бағытталған

Оқыту ұзақтығы мен нысаны

4 жыл – орта білім негізінде;

Күндізгі

Оқыту тілі

Қазақ / орыс

Түлектің біліктілік сипаттамасы

Берілетін дәреже:

6В03101 "Халықаралық қатынастар" білім беру бағдарламасы бойынша әлеуметтік білім бакалавры

Білім беру бағдарламасының түлектері мемлекеттік билік органдарында, ұлттық сыртқы саясатты әзірлеуге және жүргізуге қатысы бар бизнес-құрылымдарда, сондай-ақ шетелдік компанияларда табысты жұмыс істейді.

Кадрларды даярлау бағытына арналған лицензияға қосымшаның болуы

Бар

2021 жылғы 2 ақпандағы № KZ34LAA00021414 лицензиясына 005 қосымша

Білім беру бағдарламасын аккредиттеудің болуы

Бар

2019 жылғы 01 сәуірдегі № SA-A 0150/1

Білім беру бағдарламасының бірегейлігі

"Халықаралық қатынастар" ББ аналитиктер мен практиктердің дағдыларын үйлестіретін және іргелі экономикалық білімі бар халықаралық қатынастар саласындағы бакалаврларды даярлауға бағытталған. Қазіргі әлемде жеке елдің немесе аймақтың тарихы мен мәдениетін жақсы білу жеткіліксіз, сонымен қатар саяси және геосаяси процестерді, соның ішінде қауіпсіздікке байланысты факторларды талдай білу қажет.

"Халықаралық қатынастар "білім беру бағдарламасы дәл осындай дағдыларды алуға бағытталған. Сондықтан, тарих, қауіпсіздік, саясат, сондай - ақ екі шет тілі бойынша осы ББ үшін дәстүрлі пәндерден басқа, студенттер негізгі экономикалық пәндер блогын, сондай-ақ 2017 жылдан бастап халықаралық қатынастардағы ақпараттың рөлі мен оны қолдану технологияларына байланысты бірқатар мәселелерді кешенді түрде оқиды

Сонымен қатар, ББ студенттері оқу процесі барысында игерілетін "Қытай" немесе "Таяу Шығыс" белгілі бір өңірге немесе елге байланысты ұсынылатын траекториялардың бірін таңдайды.


3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL