-
Мамандық шифры:
5B090500
Мамандығы:
Әлеуметтік жұмыс-«Әлеуметтік басқару»
Факультеті:
Бизнес және құқық факультеті
Дайындық бағыты:
Қызмет көрсету саласындағы
-
01.10.2016 жылға білім беру бағдарламалары бойынша студенттердің саны61Бюджет қаражаты есебінен оқитын студенттер6Атаулы гранттар, стипендиялар алатын студенттер3Бағдарлама бойынша оқитын шетелдік студенттер-Академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысатын студенттер3
- A) Мақсаты
- Білім беру бағдарламасының мақсаты – біліктілігі жоғары, әлемдік көзқарастары қалыптасқан, қазіргі қоғамдық өмір деңгейін дұрыс бағалайтын, әлеуметтік, әлеуметтік педагогикалық, психокоррекциялық жұмыстарды моделдеу және талдау дағдылары мен шеберліктері қалыптасқан, азаматтар мен әлеуметтік топтардың жүріс-тұрыстарын реттеуде біліктілігі бар, тұлғалық қызығушылықтарын жүзеге асыруға ықпал ете алатын, әлеуметтік тұрақтылықты сақтауға әрі қоғамда әлеуметтік үйлесімділікті қамтамасыз ете отырып, оны әрі қарай дамыта алатын мамандарды дайындау.
- B) Сипаттамасы
- 1.Пән/пәннің облысы
- Негізгі пәндер:
- Әлеуметтік жұмыс теориясы
- Әлеуметтік жұмыстағы ұйымдастыру, басқару және әкімшелендіру
- Әлеуметтік медицинаның негіздері
- Әлеуметтік жұмысты құқықтық қамтамасыз ету
- Жалпы және әлеуметтік психология
- Әлеуметтік жұмыстың экономикалық негіздері
- Әлеуметтік жұмыстың технологиялары мен әдістері
- Әлеуметтік жұмыстың этикалық негіздері
- Әлеуметтік жұмыстағы әлеуметтік қызметтер
- Отбасы және балалармен әлеуметтік жұмыс
- Жастармен әлеуметтік жұмыс
- Әйелдермен әлеуметтік жұмыс
- Пенитенциарлы жүйелер мекемелеріндегі әлеуметтік жұмыс
- Әлеуметтік геронтология
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес негіздері
- Қақтығыстану
- Дінтану және конфессиялармен әлеуметтік жұмыс
- Әлеуметтік саланы реттеу
- Әлеуметтік менеджмент
- 2.Жалпы ақпарат/
- Мамандану
- «қызмет көрсету саласындағы бакалавр»
- 3.Бағыты
- қызмет көрсету
- 4.Ерекшеліктері
- магистратура
- C) Жұмыспен қамту және одан әрі оқыту
- 1.Жұмыспен қамту
- Ұйымдар, халықты әлеуметтік қорғау жүйесіндегі құқықтық мекемелер, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет; пенитенциарлық жүйе, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-психологиялық мамандырылған мекемелер (жанұялық балалар үйі, интернат-үйлер, әлеуметтік баспаналар, арнайы мекемелер); жас өспірім клубтары, жастар бірлестігі мен ұйымдары, емдік-профилактикалық және басқа медициналық ұйымдар, әр түрлі халық категориясы үшін орталықтар, әлеуметтік-өндірістік саласындағы әлеуметтік қызмет, ақысыз мемлекеттік емес ұйымдар.
- 2.Одан әрі оқыту
- Магистратура
- D) Білім беру стилі
- 1.Зерттеу және оқыту тәсілдемесі
- Кредиттік оқыту технологиясы, ақпараттық-коммуникативті технологиялары негізінде келесі оқыту әдістері жүзеге асырылады:
- белсенді әдістері;
- интерактивті әдістер;
- практикалық-бағдарланған әдістері.
- 2.Бағалау әдістері
- Блокты-рейтингтік бақылау технологиясын Іске асыру шеңберінде келесі әдістер қолданылады:
- ауызша бақылау әдістері;
- жазбаша бақылау әдістері;
- практикалық бақылау әдістері;
- тесттік бақылау әдістері.
- Бақылау формалары:
- жеке;
- топтық;
- ұжымдық.
- E) Бағдарламалық құзыреті
- 1.Жалпы құзыреті
- Бағдарлама академиялық бағдарламалар циклінің бірінші деңгейінің сапасын қамтамасыз ету үшін Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының "Жоғары білім. Бакалавриат." талаптарына сай.
- Бірінші цикл күтілетін жалпы құзыреттіліктен тұрады (сондай-ақ белгілі түйін дағдылары). (http://adilet.zan.kz/rus/docs/P1200001080 осы веб-сайттан қарау ).
- Төменде аталған құзыреттіліктер осы бағдарламаларға тән құзыреттіліктерді білдіреді:
- жоғары білімді тұлғаның ойлау мәдениеті мен дүниетанымын қалыптастыратын ғылыми-жаратылыстану (әлеуметтік, гуманитарлық, экономикалық) пәндері саласында базалық білімдерін меңгеру керек;
- күнделікті кәсіптік қызметке және магистратурада білім алуды жалғастыруға қажетті жаңа білімді меңгеру дағдысын игеру;
- қоғамдық пікір, салт-дәстүр, қоғамдық нормаларға және өзінің кәсіби қызметінде оларға сүйенуге негізделген әлеуметтік-этикалық құндылықтарды білу;
- Қазақстанның заңнамасын және құқықтық жүйе негіздерін білу; іскерлік этика нормаларын сақтау, мінез-құлықтың этикалық және құқықтық нормаларын білу;
- Қазақстан халқының дәстүрі мен мәдениетін білу; басқа да әлем халықтарының дәстүріне және мәдениетіне төзімді болу;
- қоғамның әлеуметтік даму үрдістерін білу; әр түрлі әлеуметтік жағдайларда барабар бейімделе білу;
- командада жұмыс істеуге қабілетті болу, өзінің көзқарасын дәлелдей алу, жаңа шешімдер ұсына білу; өз пікірін ұжым пікірімен сәйкестендіре бір мәмілеге келу: кәсіби және тұлғалық өсуіне ұмтылу;
- әлеуметтік маңызды мәселелер мен процестерді пайдалану әдістерін талдай білу, тәжірибеде гуманитарлық, әлеуметтік және экономикалық ғылымдардың әр түрлі әлеуметтік және кәсіби қызметтерін қолдану;
- 2.- кәсіби саладағы түсініктер мен білімді демонстрациялауға қабілетті болу;
- ақпаратты, идеяларды, проблемаларды және әлеуметтік жұмыс саласындағы шешімдерді жеткізе білу;
- жинақталған тәжірибені сыни түрде қайта ойлауға, қажет болған жағдайда өзінің кәсіби қызметін өзгертуге, өзінің болашақ мамандығының әлеуметтік мәнін сезіну, кәсіби қызметін орындауға жоғары мотивацияны иеленуге
- қабілетті болу;
- ақпаратты талдауға, қорытуға, қабылдауға, мақсаттары мен оның жетістіктерін таңдау жолдарын қоюға қабілетті болу: тұжырымдарды дәлелдеуі мүмкін және әлеуметтік жұмыс саласындағы проблемаларды шеше білу;
- әлеуметтік жұмыс технологияларын, жіктелуін, беті үйлестіру әдістерін білу және тәжірибелік қызметте пайдаланудың тиімділігін талдай білу;
- әлеуметтік жұмысқа қатысты критерийлер тиімділігін, ұйымдық құрылымдардың білімдерін, басқару әдістерін және реттеу өлшемдерін меңгеру;
- әлеуметтік жұмыс саласындағы білімді, дағдыларды және құзіреттіліктерді игеруге қабілетті болу (әлеуметтік диалог жүргізе білу қабілеті);
- әлеуметтік қызметті көрсетуді ұсынуды тиімді жүзеге асыру үшін білім, білік, дағдыларды және біліктіліктерді меңгеруі тиіс;
- әлеуметтік диалог принциптерін игеруге қабілетті болу;
- авариялық және төтенше жағдайларда сауатты іс-әрекет жасай білу шеберлігін, еңбек және тіршілік қауіпсіздігі физиологиясы негіздерінің білімдерін меңгеру;
- әлеуметтік жұмыс саласындағы технологиялар беталысының дамуы мен озық ғылыми-техникалық тәжірибені талдауға қабілетті болу;
- әлеуметтік қызметтерді ұсынудағы теориялық, тәжірибелік зерттеулерді орындауға қабілетті болу;
- жеке тұлғаның жан-жақты гуманитарлық және ғылыми-жаратылыстану білімі мен мүдделерінің кәсіби өсуіне және өзін-өзі жетілдіруге қабілетті болу.
- F) Осы бағдарлама бойынша оқыту нәтижелерінің толық тізбесі
- Студенттердің кәсіби тәжірибесі тұрғысынан, жұмыс ұйымдастыруда, сондай-ақ клиентпен түлектер келесі түрде қабілеттіліктерін көрсете алады:
- әлеуметтік-құқықтық жүйенің және ҚР заңнамасының, тарихы, теориясы, практикасы, әлеуметтік жұмыс, әлеуметтік психология, әлеуметтік педагогика негіздерін көрсете білу; әлеуметтік жұмыстың жалпы және жеке әдістері және технологияларын меңгеру;
- әлеуметтік жұмыс алдында тұрған практикалық міндеттерді шешуде осы білімді қолдану, кәсіби қызмет саласында ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану, өндірістік және зерттеу қызметтерін сәтті жүзеге асыру;
- әлеуметтік қызмет саласында кәсіби қызметтің барлық түрлерін жүзеге асыру үшін ақпараттарды жинау және түсіндіруді игеру;
- әлеуметтік қызмет саласында ақпаратты, идеяларды, проблемалар мен шешімдерді мамандар, сондай-ақ мамандарға қатысы жоқтарға да хабарлау.
- Студенттердің кәсіби тәжірибесі тұрғысынан, жұмыс ұйымдастыруда, сондай-ақ клиентпен түлектер келесі түрде қабілеттіліктерін көрсете алады:
Бағдарламаның дәрежесі: 5В090500 «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша қызмет көрсету саласындағы бакалавр «Әлеуметтік басқару» оқу бағдарламасы | |
---|---|
Дәрежесі және мерзімі | Дара дәрежесі (бір университет) ( ECTS 279 кредит/ 160 қаз. кредиттер) |
Оқу орны | Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті |
Аккредитация | Білім беру Сапасын Қамтамасыз етудегі Қазақстандық Тәуелсіз Агенттік (БСҚҚТА) http://nkaoko.kz/ |
Қолданылу мерзімі | Бұл бағдарлама 4 жыл мерзіміне Университетте 2016 жылдан бастап дәреже алатын тұлғаларға бекітілді . |
Деңгейі | ЕКБШ үшін БШ (жоғары білімнің Еуропалық кеңістігі үшін біліктілік шеңберлері): 1ші цикл; ЕБШ (еуропалық біліктілік шеңберлері): 6 деңгей; ҰБШ (ұлттық біліктілік шеңбері): 6 деңгей |