-
Мамандық шифры:
5В030100
Мамандығы:
Құқықтану-«Қызметкерлерді басқаруды құқықтық қамтамасыз ету»
Факультеті:
Бизнес және құқық факультеті
Дайындық бағыты:
Құқық
-
01.10.2016 жылға білім беру бағдарламалары бойынша студенттердің саны2487Бюджет қаражаты есебінен оқитын студенттер1Атаулы гранттар, стипендиялар алатын студенттер5Бағдарлама бойынша оқитын шетелдік студенттер3Академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысатын студенттер4
- A) мақсаты
- Бұл бакалавр бағдарламасының мақсаты құқықтық саясат саласындағы іргелі білім мен кәсіби құзыреттіліктерін, заң шығару мен мемлекеттік және муниципалды органдардың, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың қызметіндегі қызметкерлерді басқаруға қабілетті жоғары деңгейдегі құқықтық мәдениетпен құқықтық санаға ие білікті мамандарды сапалы дайындау.
- B) Сипаттамасы
- 1.Пән/ пән саласы
- Негізі пәндер: Әкімшілік құқық, Еңбек құқығы, ҚР Азаматтық құқығы,
- ҚР азаматтық іс жүогізу құқығы, әлеуметтік қамту құқығы,
- Адам ресурстарын басқаруды құқықтық қамтамасыз ету, әлеуметтік серіктестік, кадрлық ісжүргізуді құқықтық қамтамасыз, Менеджмент, жергілікті мемлекеттік басқару
- 2.Жалпы ақпарат /
- мамандандыру
- бітірушілер алынған білімдерін, дағдыларын қолдана алады
- «Қызметкерлерді басқаруды құқықтық қамтамасыз ету» бакалавриат білім беру бағдарламасына арналған оқыту бағдарламасының мақсаты жоғары білімді мамандарды дайындау. Бағдарламаның басты міндеті құқықтың түрлі салаларындағы еңбек құқығы пәніне және азаматтық-құқықтық бейіні бойынша ерекше көңіл бөле, практикалық дағдыларды алумен, білім алушылар құзыреттіліктерінің дамыту болып табылады. Бағдарламаның пәндері олардың заңды қызметтер мен қызметтер қызметкерлерді қоса алғанда, құқық қорғау ұйымдарының, мекемелердің, бизнес, құқықтық және кадр қызметтерінің тиімді жұмыс істеуі, үкімет, әлеуметтік әріптестік жүйесі шеңберінде белсенді кәсіби жұмыс үшін қажетті білім мен дағдыларды қалыптастыру үшін арналған жұмыс берушілер мен олардың бірлестіктерінің мүдделерін білдіретін, олардың кәсіби қызметтің бейініне сәйкес нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу.
- Зерттеу жылдары студенттерде заң саласында ғана емес, сонымен қатар корпорациялар мен мемлекеттік органдарды басқаруда табысқа жетуге көмектесетін кәсіби қызметтің айқын схемасы, белгілі бір алгоритмы қалыптасады.
- 3.Бағыты
- Бұл профиль бакалаврлары түрлі меншік нысаныдағы ұйымдарда және түрлі салалардағы, құқықтық басқарушылық және ғылыми-зерттеу жұмыстарына арналған.
- 4.Ерекшеліктері
- Бұл бағдарламаның ерекшелігі құқықпен басқарудың қиылысындағы пәнаралық заңгерлерді дайындау болып табылады.
- Заңдық білімді мамандандыру еңбек қаынастарының құқықтық аспектілерін терең зерттеуді білдіреді. Адам ресурстарын басқару саласындағы құқыққолдану тәжірибесімен құқықтық реттудегі жаңа бастамаларды қозғап қана қоймай, оларды барынша аз әлеуметтік шығындарсыз енгізе білуді жасайды. Бұл бағдарлама түлектерінің кәсіби қызмет объектілері - ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан кәсіпорындардың құқықтық және әкімшілік қызметі, атқарушы және өкілді органдар мен коммерциялық құрылымдардағы заңшығару; құқыққолдану, құқық қорғау; сараптама-кеңестік қызметтер.
- C) Жұмысқа орналасу және арықарай оқу
- 1.Жұмысқа орналасу
- «Қызметкерлерді басқаруды құқықтық қамтамасыз ету» бағдарламасы студенттер, жұмыс берушілер мен қоғамның қажеттіліктерін ескере отрып жасалынды. Ол өзара тиімділік негізінде жұмыс берушілермен тұрақты қарым-қатынас орнатуды көздейді, мәселен жұмыс берушілер студенттерге жұмыс орындарын ұсынуға, білім беру бағдарламасын арықарай дамытуға, жекелеген пәндердi оқыту, ғылыми-зерттеу және сапаны қамтамасыз ету процестерін одан әрі дамытуға ықпал етеді. Оқыту бағдарламасы өндірістік тәжірибе, тағылымдама, «Заң клиникасы» ұйымының тәжірибеге бейімделген жұмыстары сияқты тәжірибелік белгілерін қамтиды. Бағдарлама түлектері кадрларды іріктеумен, тартумен, олардың кәсіби өсуімен айналысатын ұйымдардың бөлімдерінде немесе компанияларда, сондай-ақ қызметкерлерді басқару, кеңестер беру, еңбек қатынастары кеңселерінде жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болады. Бұндай бөлімшелер мен компаниялар болып: қызметкерлерді басқару(кадрлар бөлімі), құқықтық департаменттер, жеке жұмыспен қамту агенттіктері, консалтингтік компаниялар, жұмыс берушілер бірлестіктері, т.б.
- 2.Арықарай оқу
- Магистратура
- D) Білім беру нақышы
- 1.Зерттеуге және оқуға тәсілдеме
- Зертеудің 6 деңгейі қолданылады: білім, түсіну, қолдану, анализ, синтез және бағалау.
- 2.Бағалау әдістері
- Нақты мәліметтерді бағалау қолданылады: аралық және қорытынды аттестаттау. Оқыту әдістері: студенттердің өзіндік жұмысы, тесттер, эссе жазу, рефераттар, сase-study шешім, жобалар мен презентациялар, практика, жоба есептер, сыни оқиға талдау.
- Тікелей емес оқыту әдістері: Сауалнамалар мен студенттердің, түлектермен жұмыс берушілердің сауалдары, силлабустарды, және оқыту мазмұнын талдау
- E) Бағдарламалық құзыреттер
- 1.Жалпы құзыреті
- Бағдарлама мемлекеттік білім беру стандарттарының, бірінші цикл деңгейде оқу бағдарламалары сапасын қамтамасыз ету үшін «Жоғары білім.бакалавриат.» НКАОКО агенттігі талаптарына сай.
- Бұл бірінші цикл түлектерінен күтілетін (сондай-ақ, негізгі дағдыларды) жалпы құзыреттілікті қамтиды.
- Төменде тізімделген құзыреті қысқаша және осы бағдарламаға тән құзыретiне мыналар жатады:
- Болашақ мамандығының әлеуметтік маңызын ұғыну, жеткілікті деңгейде кәсіби құқықтық санаға ие болу керек.
- Құқықтық этика қағидаларына сай кәсіби міндеттерін адал орындауға қабілетті болу.
- Әріптестерімен ынтымақтасуға дайын, мінез-құлық мәдениеті бар, командада жұмыс істеуге бейім болу.
- Қолданыстағы заңнаманың талаптарын ескере отырып, ұйымның кадр саясатын және корпоративтік мәдениетті қалыптастыруға қабілетті болу
- Сыбайлас жемқорлыққа төзімсіздік көрсетіп, заңдармен құқыққа құрметпен қарау.
- Ғаламдық компьютерлік желідегі ақпараттармен жұмыс істеуге қабілетті
- Мемлекеттік және шет тілдерінде кәсіби қарым-қатынас үшін қажетті дағдылары болуы
- Іскерлік қарым-қатынас құра білу
- көпшілік алдында сөйлей білу
- 2.Нақты құзыреттер
- Өздерінің кәсіби қызметінің бейініне сәйкес нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу
- Алынған дағдыларын команда басқарудағы практикада қолдана білу құзыреті.
- Кадрлық басқару жүйелерін құруда командалық жұмысты ұйымдастыра білу.
- Фактілер мен мән-жайларға заңдық дұрыс баға беру, заңнаманы жетілдіруге байланысты ұсыныстар беру, құқықтық қайшылықтарды шешу жолдарын ұсынады.
- Тиісті ережелерге, келісім-шарттар, бұйрықтар жобасын талқылауға, жасауға береді, негізгі ұстанымдарын білдіреді.
- Қызметкерлерді басқару саласында, соның ішінде жалдау, бейімдеу, мотивация, бағалау, оқыту, дамыту және кадрларды босату бойынша әкімшілік, экономикалық және құқықтық процестерді үйлестіре білу;
- Сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасауға ықпал ететін, нормативтік құқықтық актілердің ережелерін анықтау мақсатында құқықтық сараптамаға қатысуға дайын болу.
- Түрлі құқықтық актілерді түсіндіруге қабілетті болу, нормативтік құқықтық актілерді, заң және құқықтық тетіктерін кадрлық құжаттарда көрініс табуына пайдаланады.
- Нақты құқықтық істер бойынша білікті кеңестер беру дағдасының болуы, ұйымның әкімшілік және экономикалық сипаттамалар бойынша құқықтық тетіктерін әзірлеуде есере білу, ұйымның мен нақты қызметкердің мүдделері арасындағы тепе-теңдікті таба білу.
- Кешенді экономикалық және құқықтық басқару шешімдерін қабылдау.
- Қызметкерледі басқару саласындағы ұйымдық және құқықтық тәуекелдерді дұрыс, жүйелі бағалай білу және оларды жою үшін заңды шешімдерді қабылдауға және бағалауға ұсыну қабілеті.
- F) Бұл бағдарлама бойынша оқыту нәтижесінің толық тізімі
- Түлектер студенттік кәсіптік практика, коммерциялық құрылымдар мен ұйымдарға жұмысқа, «Заң клиникасы» тұрғысында келесі қабілетін көрсете алады:
- Негізгі құқықтық түсініктер мен институттар жөнінде, соның ішінде еңбек заңнамасының, әлеуметтік қамсыздандыру құқығы, Сақтандыру құқығы, құжаттама, әлеуметтік әріптестік құқығы, еңбек дауларын шешуге, еңбек және жұмыспен қамту құқықтық аспектілері, халықаралық кәсіби қабілеттерін жүзеге асыру үшін қажетті еңбек құқығы, трансшекаралық еңбек құқықтық реттеу, әсіресе шетелдік еңбек құқықтары бойынша ғылыми және практикалық-бағдарланған білімі мен түсінігін көрсету
- Азаматтық-құқықтық, еңбек, әкімшілік-құқықтық және басқа да қарым-қатынастар саласындағы мәселелерді талдауға және шешуге қабілеті.
- Құқықтық актілерді нақты өмір жағдайларында шебер түсінуге және қолдануға, құқыққолдану мен түсіндірмелі актілер жасауға.
- Кәсіби қоғамдастықта әріптестерімен іскерлік қарым-қатынас, келіссөздер, өзара іс-қимыл мүмкіндігін көрсету.
- қажетті құқықтық ақпарат алуға және оны өңдеуге қабілетті болуы, сыни дәлелдемелерді бағалай білудің оңтайлы жолдарын табу.
- Құқық бұзылуын анықтау және жауапкершілік шарасын анықтау арқылы оларды жіктеуге және кінәлілерді жазалау, бұзылған құқықтарды қалпына келтіру үшін қажетті шараларды қабылдау сияқты оқтайлы басқару шешімдерін қабылдау.
- зерттеу практикасын байытуға қажетті өзекті ғылыми мәселелерді анықтау.
- Қазіргі пәнаралық тәсілдер негізінде ғылыми зерттеу нәтижелерін талдау және біріктіре білу қабілетін көрсету .
Бағдарлама дәрежесі: 5B030100 «Юриспруденция» мамандығы бойынша құқық бакалавры «Қызметкерлерді басқаруды құқықтық қамтамасыз ету» білім беру бағдарламасы бойынша | |
---|---|
Дәрежесі мен мерзімі | Бірреткі дәреже (240 кредит ECTS/ 129 қазақстандық кредит. |
Оқу орны | Қазтұтынуодағы Қарағанды Экономикалық университеті |
қолданылу мерзімі | Бағдарлама университетте 2017 жылдан дәреже қабылдаушы тұлғалар үшін 4 жылға бекітілді |
деңгей | Жоғары білімнің Еуропалық кеңістігі үшін біліктілік шеңбері: 1ші цикл; ЕБШ (еуропалық біліктілік шеңбері): 6 деңгей; ҰБШ (ұлттық біліктілік шеңбері): 6 деңгей |